GGG The Ring журналының чемпиондық белбеуін иеленді

О Сансызбай Корреспондент
GGG The Ring журналының чемпиондық белбеуін иеленді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин беделді The Ring журналының pound-for-pound (P4P, салмақ дәрежесіне тәуелсіз) чемпиондық белбеуін иеленді. Бұл туралы отандасымыз instagram желісіндегі парақшасында жазды.

БӨЛІСУ

GGG P4P рейтингінде көш бастап тұр. Осыған дейін басылымның бас редакторы Дуглас Фишер бұл атақты 6 маусым күні Hollywood Fight Night кешінде табыстайтыны жайлы айтқан еді.

Геннадий Головкин күні кеше IBF чемпиондық атағынан айырылды. Себебі 3 тамызға дейін украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізу жайлы келісімге келуі керек еді. Алайда Генаның командасы бұл талапты орындаудан бас тартты. Ұйым талабын орындамағаны үшін қазақстандық боксшы айыппұл да төлейді.

Қазіргі таңда Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің командалары қайта келіссөздерді бастаған. Осыған дейін отандасымыздың ұсынысын кері қайтарған мексикалық боксшының промоутерлері өзге қарсылас іздейтіндері жайлы хабарлаған еді. GGG командасы өз ұсыныстарын "жұмсартқан" көрінеді. Қос тарап келісімге келіп жатса, Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жекті қыркүйек айында көріп қалуымыз бек мүмкін.