Ел өңіріндегі спорт мектептеріне бозкілемдер сыйға беріледі

О Сансызбай Корреспондент
Ел өңіріндегі спорт мектептеріне бозкілемдер сыйға беріледі
Фото ©️ olympic.kz

"Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы аясында өңірлік спорт қоғамдастықтарын қолдау аса жоғары маңызға ие. ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы ел өңірлерінде күрес түрлерін дамыту мақсатында орасан зор жұмыстар атқаруда.

БӨЛІСУ

Жақында осы федерацияның президенті Сауат Мыңбаев пен ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Тимур Құлыбаевтың бастамасымен Қазақстанның барлық аймақтарындағы спорт мектептерін арнайы кілемдермен жабдықтау қолға алынды. Демеушілер көмегімен жүзеге асатын жоба келер жылдың наурыз айында дейін жалғасатын болады. Федерация жоспары бойынша осы уақыт аралығында елімізде даму жағынан артта қалып тұрған аймақтарға 150-ден астам балуандар кілемін табыстамақ. Әзірдің өзінде 43-і спорт мектептеріне табысталып үлгерді. Атап айтсақ, Алматы қаласы, Солтүстік және Батыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы аудандар кілеммен қамтамасыз етілді. Нақтырақ айтқанда, бүгінде Шахтинск (Қарағанды облысы) мен Жезқазған, Сатбаев (Қарағанды облысы) қалаларында және Теректі (БҚО), Сырым (Атырау облысы), Мамлют (СҚО) аудандарындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептеріне арнайы кілем төсеніштері жеткізілген. Алдағы уақытта Федерация басшылары еліміздің басқа да аймақтарына қол ұшын созып, жас балуандардың алаңсыз жаттығу жасауына жағдай жасамақ.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің және бокс федерациясының басшысы Тимур Құлыбаевтың қолдауымен осы жазда Қарағанды облысында ашылған қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин атындағы спорт кешенінің жас спортшыларына да спорттық құрал-жабдықтар мен олимпиадалық ринг сыйлаған еді.