Шахматтан ерлер арасында гроссмейстер атанған тұңғыш қазақ қызы

О Сансызбай Корреспондент
Шахматтан ерлер арасында гроссмейстер атанған тұңғыш қазақ қызы
Фото ©️ vesti.kz

Қазақ шахматшы қызы Жансая Әбдімәлік ерлер арасында гроссмейстер дәрежесіне ие болды. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

АҚШ-тың Филадельфия қаласында өткен "World Open 2017" халықаралық турнирінде отандасымыз зор жетістікке қол жеткізді. 216 шахматшы қатысқан жарыста Жансая шеберлігінің жоғары екенін тағы бір дәлелдеді. Жарыста ерлер арасында 33 гроссмейстер, 26 халықаралық спорт шебері бақ сынады.

- Жансая тоғыз ұпайдың алтауын жинады. Алты партияда жеңіп, екеуінде тең түсті және біреуінде ұтылып қалды. Рейтингі 2595 қытайлық гроссмейстерге жол берді. Соңғы партияда рейтингі 2658 болып тұрған жарыс көшбасшысымен ойнады. Жеңген жағдайда турнир жеңімпазы да болатын еді. Бірақ тең ойын болды", - дейді Жансаяның әкесі Данияр Әшіров.

"Қазақстанның шахмат тарихында 17 жастағы қыз ер адамның халықаралық нормасын орындады! Бұл керекмет жетістік! Бұл жарыстың соңғы партиясын бірінші тақтада ойнау - "Ролан Гаррос" финалында ойнаумен тең", - дейді ол.

Финалдық турда Жансая 17 жастағы талантты америкалық ойыншы Джеффри Ксенгпен кездескен.

"БАҚ бұған бірден назар аударды, өйткені мұндай мықты турнир финалында ең жас ойыншылар кездесті. Тағы бір қызықтысы жарыс фавориттері турнир кестесінде төменге түсіп қалды", - деп жарыс туралы айтып берді Данияр Әшіров.

"Жансая бір сағаттай бұрын Skype желісі арқылы хабарласты. Қуанышымен бөлісті. "Әке қалай ойнадым? Мен тәуекелге барған жоқпын, нақты қадамдар жасап, ыңғайы келгенде шабуылдап отырдым. Ерлер арасында гроссмейстер нормасын орындағым келді. Ұсақ шабуылдар да жасамадым" - деді. Бізде өте қуанып отырмыз", - дейді әкесі.