Қазақ боксшылары Сербияда қарсылас шыдатпады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақ боксшылары Сербияда қарсылас шыдатпады
Фото ©️ kfb.kz

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Сербия астанасы Белградта өткен «Belgrade Winner» халықаралық турнирінде сәтті өнер көрсетті. Елімізден аттанған бес боксшы да жеңіс тұғырынан көрінді.

БӨЛІСУ

Мырзағали Айтжанов пен Марат Елеусінов бастап барған ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Бес боксшымыз да қарсылас шыдатқан жоқ.

49 келіде Біржан Жақыпов финалда шотландиялық Акил Ахмедті, 60 келіде Сұлтан Зауырбек бразилиялық Робсон Консейсаоны, 69 келіде Данияр Елеусінов германиялық Аббас Барауды жеңді. 81 келіде Нұрбол Алтаев бразилиялық Мичел Боргестен мықты екенін танытты. Ал 91 келіге дейінгі салмақта Василий Левит финалда екі дүркін әлем чемпионы, екі рет Олимпиада ойындарында күміс медаль алған италиялық Клементо Руссомен жұдырықтасты. Тартысқа толы болған шаршы алаңдағы шайқаста отандасымыздың мысы басым болды.

Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы Рио Олимпиадасына толық құрамда қатысады. Қытайдың Цяньань қаласында өткен іріктеу турнирінде отандастарымыз алғаш рет толық құрамда қатысу мүмкіндігін жеңіп алған болатын.