Олжас Сәттібаев жартылай финалда жеңіліп қалды

О Сансызбай Корреспондент
Олжас Сәттібаев жартылай финалда жеңіліп қалды
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық боксшы Олжас Сәттібаев Қытайдың Цяньань қаласында өтіп жатқан Азия мен мұхиттық елдер арасындағы Олимпиадаға іріктеу турнирінің жартылай финалынан аса алмады.

БӨЛІСУ

52 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз жартылай финалда қытайлық боксшы Жиангван Хуға есе жіберді. Төрешілер 3:0 (30:27, 30:27, 30:27) есебімен шаршы алаң иесін жеңімпаз ретінде таныды.

Олжас Сәттібаев Рио Олимпиадасының жолдамасынан үміт үзген жоқ. Қосымша жекпе-жекте жеңіске жетіп, жолдамаға ие болуына зор мүмкіндік бар. Қарсыласы - қырғыз боксшысы Азат Үсенәлиев. Сондай-ақ, 56 келіге дейінгі салмақтағы Қайрат Ералиев те қосымша жекпе-жекте жолдамаға таласатын болады.