Чемпиондар лигасы. Роналду «Рома» қақпасына тамаша гол соқты (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Чемпиондар лигасы. Роналду «Рома» қақпасына тамаша гол соқты (видео)
Фото ©️ vk.com

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Рома» мен «Реал», «Гент» пен «Вольфсбург» арасындағы бірінші ойындар мәресіне жетті. Назарларыңызға кездесулердің нәтижелерін ұсынамыз.

БӨЛІСУ

«Реал» ширек финалға бір табан жақын

Мадридтік клуб Римде жергілікті «Романы» екі доп басымдығымен ұтты. 57 минутта Криштиану Роналду алаң иелері қақпасына асқан шеберлікпен гол соғып, командасын алға шығарды. Ойын аяқталар тұста Хесе есепті еселеп, бас жаттықтырушы Зиннедин Зидан үмітін ақтады. Нәтижесінде «корольдік клуб» ширек финалға бір табан жақындай түсті.

Қос клуб арасындағы қарымта ойын 8 наурыздан 9 наурызға қараған түні өтеді.

«Гент» ширек финалға шығу мүмкіндігін жоғалтқан жоқ

Бельгияның «Гент» клубы бұл маусымдағы Чемпиондар лигасының басты «жаңалығы» болып отыр. 1/8 финалда немістің «Вольфсбург» клубымен жолы түйіскен бельгиялық ұжымның ширек финалға шығу мүмкіндігі әлі сақтаулы. Себебі өз қақпасына үш гол соқтырып алған «Гент» ойын соңына дейін таразы басын теңестірудің аз-ақ алдында қалды. Десе де ойын 2:3 есебімен қонақтар пайдасына шешілді.

Қарымта ойын 8 наурыздан 9 наурызға қараған түні өтеді.