Америкалық боксшы Руслан Мәдиевпен қайта жұдырықтаспақ

О Сансызбай Корреспондент
Америкалық боксшы Руслан Мәдиевпен қайта жұдырықтаспақ
Фото ©️ vk.com

Америкалық боксшы Томас Эррера қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мәдиевпен қайта жұдырықтаспақ. 18 ақпанға жоспарланған жекпе-жекте отандасымыздан есесін қайтаруды көздеп отыр.

БӨЛІСУ

Руслан Мәдиев пен Томас Эррера арасындағы шаршы алаңдағы кездесу Калифорния штатына қарасты Коста-Меса қаласында өтеді. Жеңіл салмақта өтетін жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Руслан Мәдиев пен Томас Эррера алғаш рет өткен жылдың 3 желтоқсанында өткен болатын. Төрт раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жеткен еді.