«Trophée Bompard». Денис Тен қысқа бағдарламадан кейін төртінші орында (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Trophée Bompard». Денис Тен қысқа бағдарламадан кейін төртінші орында (видео)
Фото ©️ vk.com

Мәнерлеп сырғанаудан Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, 2015 жылы Сеулде өткен «төрт құрлық чемпионатының» жеңімпазы, Шанхайдағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Денис Тен Бордода өтіп жатқан «Trophée Bompard» халықаралық турниріне қатысуда. Отандасымыз қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша төртінші орынға тұрақтады.

БӨЛІСУ

Денис Тен қысқа бағдарламада 80.10 ұпай жинады. Бірінші орынға шыққан жапон Шома Унодан 9,46 ұпайға қалып қойды. Екінші орыннан ресейлік Максим Ковтун (86,82 ұпай) көрінсе, үштікті екінші бір ресейлік спортшы Дайсуке Мураками (80,24 ұпай) қорытындылап тұр. 

Бордодағы халықаралық турнирге 11 спортшы қатысуда. Француз Флориан Амадио жарақатына байланысты жарысқа қатысудан бас тартты. Еркін бағдарлама 14 қараша күні өтеді.

Айта кетейік, Денис Тен күзде екі ірі Гран-При турниріне қатысуды жоспарлап отырғаны туралы хабарлаған болатынбыз. АҚШ-тың Милуоки қаласында өткен «Scate America» турнирінде қазақстандық спортшы тоғызыншы орынды қанағат тұтқан еді.