«Ювентусқа» Чемпиондар лигасын жеңу ғана қалды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Ювентусқа» Чемпиондар лигасын жеңу ғана қалды (видео)
Фото ©️ gazetta.it

Футболдан Туриннің «Ювентус» футбол клубы Италия кубогын жеңіп алды. Ал осыдан бірнеше апта бұрын Массимилиано Аллегри шәкірттері «А» сериясында чемпион атанған болатын. Енді ұжымды Чемпиондар лигасының финалы күтіп тұр.

БӨЛІСУ

Римде өткен Италия кубогының финалында «Ювентус» «Лационы» жеңді. Негізгі уақытта 1:1 есебімен тең тарқасқан ойынның тағдыры қосымша уақытта шешілді. Бірінші болып 4 минутта «Лацио» капитаны Штефан Раду есеп ашса, араға 7 минут сала «Ювентус» капитаны Джорджо Кьелини таразы басын теңестірді. Ал қосымша уақытта туриндік клуб сапынан Алессандро Матри жеңіс голын соқты. Нәижесінде «Ювентус» өз тарихында Италия кубогын 10-шы рет иеленді. Бұл Италия футболындағы рекордтық көрсеткіш. «Лацио» болса 6 рет жеңімпаз атанған.

«Ювентус» бұл маусымда алға қойған мақсаттарын толықтай орындап келеді. Италия чемпионы және кубогының иегері атанды. Массимилиано Аллегри шәкірттерінің ендігі межесі – Чемпиондар лигасы. Еуропаның басты бәсекесінің финалына шыққан клуб «Барселонамен» чемпиондық атақты сарапқа салатын болады. Берлиндегі финал 6 маусым күні өтеді.

Айта кетейік, каталондық «Барселона» да Испания кубогының финалында өнер көрсетеді. Луис Энрике баптайтын команда 30 мамыр күні финалда бильбаолық «Атлетикпен» кездеседі. 

Ұқсас жазба

Чемпиондар лигасы «Эль-Класикомен» жалғаспайды (видео)