Глазго дзюдодан Еуропа чемпионатын өткізу құқығынан айырылды

О Сансызбай Корреспондент
Глазго дзюдодан Еуропа чемпионатын өткізу құқығынан айырылды

Дзюдодан 2015 жылғы Еуропа чемпионаты Шотландияның Глазго қаласында өтуі тиіс болатын. Бірақ, Еуропаның дзюдо қауымдастығы (EJU) аталған қаланы жарысты өткізу құқығынан айырды.

БӨЛІСУ

Глазго қаласының бұл жарысты өткізбей қалуының себебі де жоқ емес. Ең бастысы - EJU мен Ұлыбритания дзюдо қауымдастығы (BJA) арасындағы демеушілік келісімшарт дұрыс орындалмаған. Ал лицензиялық алым уақытылы төленбеген. Десе де британдық қауымдастықтың атқарушы директоры Эндрю Скулар әлі де бұл доданы өткізуден үміттері барын айтып отыр. Алдағы уақытта қайта келіссөздер жүргізіп көрмек. Ал Еуропаның дзюдо қауымдастығы (EJU) болса жақын күндері Еуропа чемпионатын өткізетін өзге қаланы атайтынын ресми сайтында хабарлаған.

Естеріңізге сала кетсек, дзюдодан ересектер арасындағы Еуропа чемпионаты 9-12 сәуір аралығында Глазгода өтуі тиіс болатын.  Ал әлем чемпионаты 24-30 тамыз аралығында Астана қаласында өтеді.

Сурет:sports.kz

Оқи отырыңыз

2015 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді

Маратбек Сәменбекұлы: "2015 жылы Астанада өтетін әлем чемпионатының маңызы жоғары"