Зайнутдиновқа дейін Түркияда доп тепкен қазақстандық футболшылар
Биылғы маусымнан бастап қазақ футболшылары Түркияда легионер болып есептелмейді.
Қазақстандық футболшылардың Түркия чемпионатында легионер саналмауы екі тарапқа тиімді болары анық. Қазақ футболшыларына Еуропаға бір жол ашылса, түркиялық клубтар үшін бұл бір мүмкіндік.
Түркия Суперлигасы UEFA клубтар рейтингінде 12-орында. Ал ең үздік клубтары еурокубоктың топтық кезеңдерінде бақ сынап жүр.
Жуырда ғана Ресейдің ЦСКА клубы сапында ойнап жүрген отандасымыз Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташқа" ауысты. Ал оған дейін Түркия Суперлигасында қазақстандық футболшылардан кімдер ойнады? Бірге еске түсіріп көрейік.
Али Алиев
"Акчаабат Себатспор", "Кайсери Эрджиесспор", "Карталспорт", "Диярбакырспор" - 2006-2011

"Қызылжар" командасының қазіргі жаттықтырушысы төрт бірдей түркиялық клубта ойнаған. Бұл көрсеткіш жағынан рекорд иесі.

5 жыл ішінде түркиялық клубтар сапында 97 ойынға қатысып, 7 гол соққан. Алайда Али Алиев ойнаған клубтар қазір кәсіби деңгейде емес.

"Акчаабат" және "Кайсери Эрджиесспор" клубтары таратылып кетсе, "Карталспорт" пен "Диярбакырспор" қазір әуесқой деңгейге түсіп қалған.
Давид Лория
"Ризеспор" - 2012-2013, "Каршияка" - 2014-2015
Қазақстандық танымал қақпашы Түркия чемпионатына 30 жасында ауысып барды. Оған дейін Қазақстаннан бөлек, Аустралия, Швеция және Ресей клубтарында ойнаған.

2012 жылдың жазында қақпашы Түркия бірінші лигасындағы "Ризеспор" командасы қатарын толықтырды. Негізгі қақпашы болып, команданың жоғарғы лигаға өтуіне көмегін тигізді. Алайда командада қалған жоқ. "Қайратқа" келіп, одан кейін тағы да Түркия жеріне табан тіреді.

Бір жылдан кейін Лория екінші лигадағы "Каршияка" командасына барды. Онда 8 ойын ғана өткізіп, түрік жеріндегі сапарын аяқтады.

Қақпашы түркиялық клубтар сапында 41 ойынға қатысып, 41 гол өткізді. 15 ойында қақпасына гол өткізбеді. Одан кейінгі мансабы елімізде жалғасты.

Самат Смақов
"Ризеспор", 2013
"Ризеспор" клубында Давид Лория жалғыз болған жоқ. Самат Смақовпен бірге ойнады. Самат болса жарты маусым ойнап, 16 кездесуге қатысты. Негізгі құрам ойыншысы болып, команданың жоғарғы лигаға шығуына септігін тигізді. Кейіннен елге оралып, 2017 жылы мансабын аяқтады.
Антон Чичулин ("Гиресунспор", 2014)

Қазақстан құрамасында 24 ойын өткізген қорғаушы 2014 жылы Түркияның "Гиресунспор" командасымен келісімшартқа қол қойды. Бірақ оның бұл сапары ұзаққа созылмады. Түркияның бірінші лигасында жарты маусымда 10 ойынға қатысып қайтты. Бір гол, бір нәтижелі пас берді.

Футболдағы мансабын елген келіп аяқтады.
Микаэль Асқаров
20 жастағы қорғаушы футболдағы жолын Түркияның "Фенербахче" және "Адана Демирспор" жасөспірімдер командасында бастаған. Қазіргі "Қайрат" ойыншысы бірінші лигадағы "Екібастұзда" жалда ойнап жүр.

Шымкент қаласында дүниеге келген. 8 жасында отбасымен Түркияға қоныс аударған.

Түркиядағы жасөспірімдер командасында 31 ойынға қатысқан.

Александр Меркель ("Газиантеп", 2021-2023)

2021 жылдың жазында Қазақстан құрамасының экс-жартылай қорғаушысы "Газиантеп" клубына ауысты. Оған дейін Еуропа клубтарында ойнап келген.

2023 жылдың ақпан айына дейін Александр сәтті ойнап келді. Алайда Түркиядағы жер сілкінісінен Газиантеп қаласы көп зардап шекті. Команда чемпионаттан шығып, ойыншылар тарады. Ал Меркель болса еркін агент ретінде қазір жаңа команда қарастыруда.

"Газиантеп" командасында 44 ойынға қатысып, 4 гол соқты. 3 нәтижелі пас берді.

Бахтиер Зайнутдиновтан бөлек "Зенитте" ойнайтын Нұрәлі Әліп те түркиялық клубқа ауысады деген ақпарат тараған. Бұл әлі нақтыланбады. Сондай-ақ ұлттық құрама мен "Ордабасының" капитаны Асхат Тағыбергенге де түркиялық командалардың бірі қызыққан деген де ақпарлар бар.

Фото: "Газиантеп" ФК, "Сарыер" ФК, "Акчаабат Себатспор" ФК, "Ризеспор" ФК, NTVSpor, Fanatik