Қазақ балуандары Азия чемпионатының финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
Қазақ балуандары Азия чемпионатының финалына шықты
Фото ©️ olympic.kz

Еркін күрестен Азамат Дәулетбеков пен Асыл Айтақын Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты. Отандастарымыз сары құрлықтың басты додасында топ жаруына бір қадам қалды. 

БӨЛІСУ

61 килоға дейінгі салмақта Асыл Айтақын барлық қарсыласын айқын ұтып, финалға шықты. Жартылай финалда ол үнді балуаны Ахаш Дахияны 11:0 есебімен жеңді. Финалда қырғыз балуаны Тайырбек Жұмашбекұлымен күреседі.

86 кило салмақ дәрежесінде сынға түскен Азамат Дәулетбеков жартылай финалда қытайлық Пейлонг Лиді еш қиындықсыз 11:0 есебімен жеңді. Осылайша спорттық мансабында төртінші рет Азия Чемпионатының финалына шықты. Шешуші шайқаста өзбек балуаны Жабраил Шапиевпен белдеседі.

Финалдық белдесулер кешкі сағат 17:00-де басталады. Тікелей эфирде QazSport көрсетеді. 

Айта кетейік, кеше Ризабек Айтмұхан – күміс, Мейрамбек Қартбай қола медаль еншілеген еді. 

Cпорт жаңалықтары мен видеоларын көру үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!