63,5 килода Олимпиаданың соңғы іріктеу жарысына қатысатын боксшы белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
63,5 килода Олимпиаданың соңғы іріктеу жарысына қатысатын боксшы белгілі болды
Фото ©️ Сали Сабиров

Қазақстан ерлер құрамасы 63,5 килода ғана Олимпиада жолдамасын иеленіп үлгермеді. Соңғы іріктеу жарысына баратын боксшы Астанадағы спаррингтік турнир нәтижесінде анықталды. 

БӨЛІСУ

Бұл салмақтағы іріктеуге 5 боксшы қатысты. Нәтижесінде финалда Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Дулат Бекбауов жұдырықтасты. 

Мұхаммедсабыр бірінші жекпе-жегінде Ертуған Зейнуллинді, жартылай финалда Жандос Қыдырәлиевтен басым болып шықты. Ал Дулат Бекбауов жаңа салмақтағы бірінші жекпе-жегінде Серік Теміржановты жеңді.

Шешуші жекпе-жекте Мұхаммедсабыр Базарбайұлы шебер жұдырықтасып, Дулат Бекбауовтан басым болды. Нәтижесінде Бангкокта өтетін Олимпиадаға іріктеу жарысына қатысуға мүмкіндік алды. Осыған дейін Италияда өткен турнирде Мұхаммедсабыр жолдама еншілей алмаған еді

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!