Қырғызстан құрамасы FIFA рейтингінде Қазақстанды басып озды

О Сансызбай Корреспондент
Қырғызстан құрамасы FIFA рейтингінде Қазақстанды басып озды
Фото ©️ ©ҚФФ

Халықаралық футбол қауымдастықтары Одағы (FIFA) рейтингін жаңартты. Қазақстан құрамасы 3 саты төмендеп, жүздік тізімінен шығып қалды. 

БӨЛІСУ

Бұған дейін Магомед Адиев жаттықтыратын құрама 100-орында болған еді. Жаңарған рейтингте 103-орынға түскен. Қырғызстан құрамасы 3 саты жоғарылап, Қазақстанмен орын алмасқан. 

Қазақстан құрамасы наурыз айында 2 ресми ойын өткізді. Еуропа чемпионатына берілетін жолдамаға таласта Грекиядан ойсырай ұтылды. Кейіннен Люксембург құрамасына да есе жіберді

Рейтингтің алғашқы ондығында аз-кем өзгерістер бар. Аргентина мен Франция құрамалары көш басындағы орындарын сақтап қалса, үштікке Бельгия құрамасы келіп қосылды. Англия бір саты төмен сырғыды. Сондай-ақ Португалия 7-орыннан 6-ға көтеріліп, Нидерланд құрамасын бір саты төмен сырғытты. 

FIFA рейтингі

1 (1). Аргентина – 1858 очков;
2 (2). Франция – 1840,59;
3 (4). Бельгия - 1795,23;
4 (3). Англия - 1794,90;
5 (5). Бразилия – 1788,65;
6 (7). Португалия – 1748,11;
7 (6). Нидерланд – 1742,29;
8 (8). Испания – 1727,50;
9 (9). Италия – 1724,60;
10 (10). Хорватия – 1721,07;
...103 (100). Қазақстан - 1203.64.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!