Мүгедектіктен шығармашылыққа
Технологиялар атақты тұлғаларға шектеусіз өмір сүруге қалай көмектесіп жатыр?
Техникалық дамудың жетістіктері өмірімізге инклюзияны енгізудің маңызды құралы бола біліп, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға кедергілерді жеңуге және толыққанды өмір сүруге көмектеседі. Jusan-ның «Шектеусіз мүмкіндіктер» жобасында біз мүгедек адамдардың өмірін нақты қандай технологиялар жеңілдететінін әңгімелеген едік. Ендігі кезекте өмір сапасын жақсарту үшін технологияны қолданатын және ғылымның, өнердің, қоғам мен спорттың дамуына үлес қосқан танымал тұлғалар туралы топтамамызға назар аударыңыздар.
Хью Герр бала кезінен альпинизммен айналысқан, бірақ сәтсіз экспедициядан кейін екі аяғынан айырылған. Бозбала шағында өзіне тауға оралуға уәде беріп, бүгінде сол уәдесінде тұрды. Герр ендігі өмірін аяқ-қолдардың функционалдығына мүмкіндігінше жақын, сенімді және жеңіл бионикалық протездерді жасауға арнады. Массачусетс технологиялық институтының жанындағы өзі құрған Экстремалды бионика орталығында ғалымдар мүгедектігі бар адамдардың болашағын өзгертетін технологиялар жасау үшін еңбектеніп жатыр.
Ғалым әр адам шексіз әрі толыққанды өмір сүруге, болашаққа деген үмітке құқылы деп санайды. TED ғылыми конференциясында сөйлеген сөзінде ол адамдар толыққанды емес деген тұжырымды жоққа шығарып, технологиямыз шектеулі екенін мәлімдеді. Хьюдің пікірінше, бионикалық протездер адамдарға қиындықтарды жеңуге және өмірін жақсартуға көмектеседі.
Ғалым әр адам шексіз әрі толыққанды өмір сүруге, болашаққа деген үмітке құқылы деп санайды. TED ғылыми конференциясында сөйлеген сөзінде ол адамдар толыққанды емес деген тұжырымды жоққа шығарып, технологиямыз шектеулі екенін мәлімдеді. Хьюдің пікірінше, бионикалық протездер адамдарға қиындықтарды жеңуге және өмірін жақсартуға көмектеседі.
Айман Молдабекова оң қолсыз дүниеге келген, бірақ соған қарамастан кибермодель атанды. Бала кезінен ол сұлулыққа қызығып, осылайша сән әлеміне келіпті. Айман өзінің күмәні мен қорқынышын жеңіп, модель бизнесінде өз жолын фотограф әрі модель ретінде бастаған. Қыздың айтуынша, ол ешқашан қоғам тарапынан мазаққа ұшыраған емес, бірақ айналасындағыларды айыптаудан аулақ болу үшін көптеген кедергіні жеңуге мәжбүр болған. Бүгінгі таңда Айман табысты медиа тұлға, модель және қайырымдылыққа қатысты бастамалар көтеріп жүр, соның ішінде Inclusive People жобасы бар. Оның мақсаты – әркім өзін қабылдап, құрметтей алатын неғұрлым инклюзивті қоғам құру. Айманның мүгедек адамдардың құқықтары үшін күрестегі белсенді ұстанымын қоғамның ерекше қажеттіліктері бар адамдарға деген көзқарасын өзгерту үшін жұмыс істейтін және осы мақсатта мүмкіндіктер жасаумен айналысатын Jusan Bank та қолдайды.
Ұлыбританиялық физик және космолог Стивен Хокинг өмір бойы амиотрофиялық бүйірлік склерозбен (ABS) өмір сүрген. Ол толығымен сал болып, сөйлей алмады, бірақ компьютерлік дауыс синтезаторының арқасында ол басқалармен байланысып, ғылыми салада жұмыс істеді. Хокинг ХХ ғасырдың ең танымал ғалымдарының бірі болды. Оның жұмысы ғылымның дамуына айрықша ықпал етіп, әлі де көптеген адамды шабыттандырады.
Мари Катаяма Жапонияда сүйек деформациясы – гемимелиямен дүниеге келген. 9 жасында ол аяғының бір бөлігін ампутациялауға және протез киюге мәжбүр болды. Мари бала кезінен шығармашылықпен айналысып, сөйлеуден бұрын сурет салуды үйренді. Оқуды бітіргеннен кейін ол өнер саласында білігін арттырып, білім беру ақысын төлеу үшін әнші болып та жұмыс істеген. Қыз өзінің мүгедектігін киіммен жасыруға тырысқан, бірақ жағдайды әлдекімнің өкшелі туфли кимесе, оны әйел деп санауға болмайтыны туралы әдепсіз ескерту өзгертіп жіберді. Осы сөзден кейін Мари биік өкшелі аяқ киіммен жүруге мүмкіндік беретін протездерге тапсырыс беруді ұйғарған. Сол сәттен бастап ол мүгедектікті жасыруды тоқтатып, жұрттың көзіне шығарда тек жарқын образдарды таңдай бастаған. Осылайша ол High Heel Project жобасын құрып, арнайы аяқ киім сериясын жасау үшін танымал брендпен жұмыс істей бастаған. Бүгінде Маридің басты жобасы – оның көркем инсталляциялары, оның көмегімен ол өз тарихын баяндайды. Суретші өзінің мүгедектігі мен денесін өз жұмысының негізгі тақырыбы ретінде пайдаланады және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға шабыт сыйлайды.
Италиялық шабандоз Алессандро Дзанарди Формула-3000 және Indycar додаларында сәтті өнер көрсеткен, бірақ қорқынышты жол апатынан екі аяғынан айырылды. Бұл оның мансабын жалғастыруына кедергі болмады және апаттан екі жыл өткен соң, ол арнайы протездеу және протездеу арқылы басқаруға болатын көліктің арқасында спортқа оралды. Келесі бірнеше жыл ішінде Алессандро Формула-1 болидін сынап көрді, жарыстарда жеңіске жетіп, мінберге көтерілді. Бірақ оның өміріндегі ең үлкен оқиға мотоспорттан велосипед жарысына ауысу болды: Дзанарди төрт дүркін Паралимпиада чемпионы болды. Италиялықтың керемет мансабы мұнымен аяқтала қойған жоқ. Ол жаңа шыңдарды бағындыруын жалғастырып келеді. Жетістіктер қоржынында мүгедектігі бар адамдар санатындағы Ironmаn әлемдік рекорды, парашют спортынан әлем чемпионатына қатысу және ол жарыстарға қатысатын көміртекті талшықты велосипед әзірлеу бар.
Алессандро ДЗанарди
«Мүмкін емес» деген сөзге аллергиям бар
Біз атаған адамдар да, мыңдаған тағы да басқа жігерлі жандар мүгедектік табысқа жетуге және өз мүмкіндіктеріңді жүзеге асыруға кедергі емес екенін дәлелдеді. Олар бізге батылдық пен өмірге деген көзқарастың үлгісін көрсете отырып, өз шығармашылығымен, жаңалықтарымен және өзіне деген тұрақты сенімімен шабыттандырады.
Jusan-ның «Шексіз мүмкіндіктер» жобасы ерекше қажеттіліктері бар адамдарды өз ойын білдіруге, сондай-ақ қоғамымыздың толыққанды қатысушысы болатын және барлық қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсартуға елеулі үлес қоса алатын мүгедек адамдарды әлеуметтендіруге және инклюзиялауға арналған алаң беру арқылы шабыттандыруды көздейді.
Jusan-ның «Шексіз мүмкіндіктер» жобасы ерекше қажеттіліктері бар адамдарды өз ойын білдіруге, сондай-ақ қоғамымыздың толыққанды қатысушысы болатын және барлық қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсартуға елеулі үлес қоса алатын мүгедек адамдарды әлеуметтендіруге және инклюзиялауға арналған алаң беру арқылы шабыттандыруды көздейді.