«Спорт өмірімнің мәніне айналды!»

Бақтыгүл Әлімбекова
Алматылық Бақтыгүл Әлімбекованың өмірі қызыққа толы. Өмірлік белсенді ұстанымы, алуан түрлі халықаралық спорт жарыстарына қатысуы мен қайсар мінезінің арқасында кейіпкеріміз табыстан табысқа жетіп, өмірдің қызығына куә болып жүр. Jusan «Шексіз мүмкіндіктер» жобасының жаңа кейіпкері туралы хикаямыз жеңіске деген талпыныс пен шабытқа толы.
Бақтыгүл Әлімбекова 15 жасында аяғынан айырылып, ауыр күйзеліске түскен. Бүгінде 55 жас мерейтойын атап өткен ол көптеген жеңісімен мақтана алады. Бақтыгүл – үстел теннисінен спорт шебері, парабиден Қазақстан чемпионатының жүлдегері, «Алматы Марафон» жарыстарының, экстремал атлетика мен скандинав жүрісінің қатысушысы. Оның үстіне, параспортшы 2018 жылы Польшада скандинав жүрісінен өткен әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғаған. Бірақ жеңіске деген осынау күрделі жолы шағын ғана қадамнан басталған.
15 жасымда, аяғымнан айырылғанымда өте қиын болды. Өмір сүруге себеп таппадым, бұл өмірден безіп кеткім келген сәттер де болды. Бірақ маған өзім сияқты қиындыққа тап болған балалар өмірге оралуыма жол ашты, мен оларды протез зауыты мен стационарға барып көрген едім. Екі аяғы да жоқ балаларды көрдім, біреуі арбамен жүрді, біреуі балдақпен, бірақ бәрі де ойнап-күліп жүрді – бір сөзбен айтқанда, олар тіршілік кешіп жатқан жоқ, толыққанды өмір сүріп жатты. Оларға қарап отырып, өмірдің қандай ғажап екенін аңғардым, өмір жалғасып жатқанын, басқалармен салыстырғанда артықшылығым – бір аяғым бар екенін түсіндім
Бақтыгүл
Бақтыгүл балалардың осы мысалынан қандай жағдай болса да өмір жалғасатынын және қуанып, оптимизммен өмір сүру керегін түсініпті. Бүгінде параспортшы мүгедектік диагнозы бар балалар мен ересектерге, ерлер мен әйелдерге үлгі бола білді. Бақтыгүлдің хикаясын бақсақ, бей-жай қалу мүмкін емес екен. Мысалы, ол 47 жасында ашық суда жүзумен айналыса бастаған. Жаңадан бастаған бұл қызығушылығының нәтижесі ауыз толтырып айтарлықтай – 6,5 шақырым қашықтықты алып жатқан Босфор бұғазын 1 сағат 27 минутта жүзіп өткен!
Дәрігерлердің мен туралы әңгімесі есімде, диагнозымды талқылап жатып, олар тіземді сақтап қалу маңызды екенін айтып қалды. Бұл неге маңызды екенін түсінбегенмін, ал бүгінде еркін қозғалуға мүмкіндігім бары дәрігерлердің арқасы екеніне көз жеткізіп отырмын, олар тіземді сақтап қалып, енді мен протезбен жүріп, жүгіріп, жүзе аламын. Бірақ баяғыда оларды тыңдамағанмын да, бір түйір сөзіне де сенбейтінмін, бірақ балаларды көріп, рухым қайта оянды десем болар. Олардың мысалы өмірге оралуыма мүмкіндік бергенін аңғарып отырмын.
Бактыгуль
Атлет бірнеше жыл бұрын ауыр жаттығуларды бастады – ендігі мақсаты триатлон мен «Темір ханым» атағы. Бас-аяғы қазір Бақтыгүл Temiradam триатлонын жеті рет өтіп қана қоймай, ол аз десеңіз, Ironman эстафетасында жүзіп қана қоймай, жаңа спорттық протезге ақша жинап, Ironman қашықтығын суда да, құрлықта да өтуді ұйғарған. Қайсар мінезді әйел бүгінде аяғынан айырылған жылдарды ауыр өкінішпен еске алмайтын болған, оған сол кезде де күйзеліспен күресуге спорт көмектескен.
10-11-сыныптарда оқуым керек еді, толықтай сабаққа ойыстым. Көп оқып, көп біле бастаған соң дамуым керегін түсіндім. Интернатта оқуымның арқасында спортпен белсенді айналысуға мүмкіндігім болды – қыста шаңғы мен коньки теуіп, хоккей ойнадық, ал жазда – үстел теннисі, волейбол, көп жүгірдік. Бала кезімнен кәсіби спортшы емеспін ғой, бірақ балалық шағымда көп көмектесті, мұңға батпауыма спорт көмектесті, өйткені үйдегілерді сағынатынмын. Ал уақыт өте келе спорт өмірімнің мәніне айналды.
Бақтыгүл
«Шексіз мүмкіндіктер» жобасы Қазақстанда бұрын-соңды болмаған жоба, ол бүгінде әртүрлі бағытта жүзеге асырылып жатыр. Мысалы, Jusan басшылығы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендіруге үлес қосатын қоғам бастамаларын қолдау қажет екеніне сенімді. Осыған байланысты Jusan инклюзияны белсенді қолдайды – мысалы, 2022 жылы банк отырып ойнайтын волейболдан Қазақстан чемпионатының бас демеушісі болды. Елімізде алғаш рет ойын тікелей эфирде көрсетіліп, жеңімпаздар ақшалай жүлдеге ие болды.
Біз ерекше қажеттілігі бар жандарға қолдау көрсететін «Шексіз мүмкіндіктер» жобасын ерік-жігері мықты адамдардың шынайы проблемалары тысқары қалып қоймауы үшін іске қостық. Жобаның миссиясы – қоғамның ерекше қажеттілігі бар жандарға деген көзқарасын өзгерту. Мысалы, кибермодель Айман Молдабекова Persona J-де кейіпкеріміз болды. Биыл біз Алматыдағы II Silenzio театрының «Тыныштық амплитудасы» қойылымына қолдау көрсеттік. Бұл қойылымда есту қабілеті нашар адамдардың өмірі сипатталады. Jusan Singularity-дегі достарымыз Астанада ерекше қажеттілігі бар балаларға оқыту жобасын іске қосты. Сонымен қатар, Jusan Павлодардағы 85 жылдығын атап өткен зағиптар қоғамының досына айналды. Біз, сондай-ақ, Қазақстанның Ұлттық Паралимпиадалық комитетімен әріптестігімізді мақтан тұтамыз, Jusan Астанадағы Инва-такси жобасының серіктесі болды. Біздің қаржылық көмегіміз арбамен жүретін балаларды арнайы көліктермен тасымалдауға мүмкіндік береді. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтендіру және инклюзиялау бағытында жұмысымызды жалғастыра береміз, осылайша оларға өз әлеуетін іске асыруға көмектесеміз
дейді жоба туралы Jusan Bank PR директоры Гауһар Керімова