Инклюзия деген не және ол неге бәрімізге қажет?
«Жаңа этика» стандарттары бірте-бірте әдеттегі қоршаған ортамызды өзгертіп, оның барынша адами, ашық әрі дамыған нұсқасын жасауға талпынады.
Инклюзия – бұл әлемнің және түрлі масштабтағы кейбір комьюнитидің (отбасының, компаниялардың, елдің) маңызды бөлігі. Оның тұрамыстағы, білім берудегі, спорттағы, бизнес пен мәдениеттегі керемет көрінісіне бүгінде куә болып келеміз. Jusan Bank-тің «Шексіз мүмкіндіктер» жобасының аясында біз инклюзия неге бізге және балаларымызға қажет екенін әңгімелейміз.
Инклюзив орта ерекше адамдарға оқшауланудан шығуға, қоғамға кірігуге, тәуелсіз болуға мүмкіндік береді. Бірақ инклюзив орта мен инклюзияны құбылыс ретінде алып қарасақ, біз пандустар туралы ғана емес (бірақ біздің өмірімізде бұл мәселені "есте ұстаған жөн") және ым-ишара тілі курстарын ғана ойламауымыз керек. Мұнда мәселе оларға аяушылықпен қарау туралы емес, жүздеген мың адамға тең мүмкіндік беру туралы болып отыр. Қоғам инклюзив бола бастағандықтан, қарапайым адамдар әртүрлі тәсілдермен сөйлесуді, инвариативтілікті қабылдауды, эмоционалды интеллектті дамытуды үйренеді.
Алматының өзінде мүгедектігі бар 56 мыңнан аса адам тұрады.

Источник
ИНКЛЮЗИЯ
(латын тіліндегі «includo» - «қосамын»)
Даму ерекшеліктері бар адамдарды күнделікті қоғамдық өмірге нақты қосу процесін білдіреді. Бұл санатқа ерекше физиологиялық қажеттіліктері бар адамдар да, психиканың ақпараттық дамуы да кіреді. Аутизм спектрі бұзылған, зағип, нашар еститін, арбамен қозғалатын адамдар «сау көпшіліктен» ажырап қалған. Оларды қабылдау үшін дайындық қажет. Бұл дегеніміз – үйрену, қалалардың эргономикасын өзгерту және коммуникацияға кең мағынада көзқараспен қарау.
Мысалы, мүгедектікке әлеуметтік көзқарас инклюзияның маңызды бөлігі болып саналады. Инклюзив қоғам үшін ерекше қажеттіліктері бар адам ауыртпалық немесе проблема, қарамауға тырысу емес, бірақ оларға сұралмаған жерде көмектесуге де асықпайды. Инклюзив қоғам проблемаларды ең алдымен өзіндегі кедергілер түрінде таниды және барлығының мүмкіндіктерін теңестіруге тырысады. Осының арқасында мүгедектер арбасында ыңғайлы қозғалуға жарамды қалалық орта пайда болады, барлық бала физикалық, психикалық, интеллектуалдық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жалпы білім беру жүйесіне қосылады, сондай-ақ карьералық, медициналық және спорттық мүмкіндіктер бәріне ортақ болады.
Инклюзия идеялары бұрыннан қабылданған Батыста олардың нақты нәтижелерін байқауға болады. Бұл процестің негізі қоғамды инклюзив болуға дайындау болды – бұл дұрыс.
Біз инклюзив революция жасаймыз және әлем зияткерлік кемістігі бар әрбір адамды лайықты қадір-қасиетімен қабылдамайынша тоқтамаймыз. Әр адам. Түгелдей.
— деп атап өтті Тимоти Шрайвер, Ph. D., Арнайы олимпиаданың басқарма төрағасы.
Нені білу маңызды?
  • Толеранттылықтан толеранттылық туады
    Инклюзив орта адамдарды өзіне ұқсамайтындарды қабылдауға итермелейді, осылайша мектептерде булинг көріністерінің жиілігі төмендейді.
  • Эмпатия деңгейі өседі
    Даму ерекшеліктері бары да, жоғы да бірге жұмыс істегенде, оқығанда, спортпен айналысқанда, олар бір-бірін әлдеқайда жақсы түсінеді.
  • Эмпатиямен бірге өзіне деген сенім артады
    Инклюзив қоғамның барлық қатысушысы өзінің даму әлеуетін жылдамырақ және жақсырақ түсінеді. Бұл әсіресе ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қатысты, бірақ қалғандары үшін де бұл өзін-өзі құрметтеу сезімін дамыту тұрғысынан өте пайдалы.
  • Инклюзия қоғам дамып жатқанын білдіреді
    Мысалы, инклюзив медицинаның төмен деңгейі мүгедектерге сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты, статистикаға сәйкес, психикалық ауытқулары бар адамдар басқаларға қарағанда орташа есеппен 16 жылға аз өмір сүреді.
  • Инклюзия тұлғаның жетілуіне көмектеседі
    Әрбір адам әлеуметтік өмірдің барлық саласына қосылған кезде, оның мүгедектіктігін ғана емес, жеке тұлғалық қасиетін де байқауға жақсы мүмкіндік бар.
Біз тек жолдың басында екеніміз анық, бірақ инклюзив қоғамның зор перспективалары бүгін-ақ көрініп жатыр. Инклюзияның даму процестері бәрімізді ғаламшар деңгейде біріктіруі керек.

Бұл мүгедектікке, этникалық тегіне, жасына, дініне және жынысына, ұлты мен азаматтығына қарамастан адамдарға қолжетімді орта құруға мүмкіндік береді.

Jusan Bank-тің «Шексіз мүмкіндіктер» жобасына арналған бұған дейінгі материалымызда біз балерина болуды армандаған және басқа салада табысты маман болған мүгедек қыз Аделияның шабыт сыйлайтын хикаясын баяндаған едік.