Болашақ механизмдері
Озық технологиялар мүдегектігі бар жандарға қалай көмектесіп жатыр?
Бүгінгі таңда таңғаларлық қарқынмен дамып келе жатқан жаңа технологиялар көптеген адамға жайлы және жағымды өмір сүруге көмектеседі. Мысалы, инновация ұзақ уақыт бойы сөйлеу, көру немесе қозғалыс бұзылыстары бар адамдарға көмектесіп келеді. Сонымен қатар, дайджесттерде мұндай озық технологиялар нарығы көбінесе көмекші деп аталып жүр. Jusan-ның «Шексіз мүмкіндіктер» жобасында жоғары технологиялар адамдардың ерекше қажеттіліктерін қалай өтейтінін баядаймыз.
Дауыстық көмекшілер
Кейінгі жылдары дауыстық көмекшілер өте танымал болып келеді – олардың функционалы бай, уақытты үнемдейді және өзіңізді Тони Старк сияқты сезінуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, дауыстық басқару технологиялары мүгедектігі бар жандардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қолданылады. Олар үй құрылғыларын басқару, денсаулық туралы ақпаратты бақылау, басқалармен қарым-қатынасты жеңілдету арқылы күнделікті өмірге көмектеседі.
Бірақ ерекше дауыстық көмекшілер де бар: мысалы, сөйлеу және тілдік бұзылыстары бар адамдарға арналған мобильді қосымша. Көмекші алгоритмдер негізінде жасалған жеке сөздіктің көмегімен кез келген тілдегі түсініксіз айтылымды ауызекі сөйлеуге «аударып береді», бұл түсінуді жеңілдетеді. Сонымен қатар, есту қабілеті нашар көптеген адам сөйлеуді экрандағы мәтінге түрлендіретін бағдарламаларды, сондай-ақ ым-ишара тілін аудио форматқа аударатын қолданбаларды пайдаланады.

Ақылды сағат
Бұл өнертабысты әйгілі әнші Стиви Уандер қуана-қуана қолданып жүр деген сыбыс бар. Смартфонмен синхрондауға қабілетті көру қабілеті нашар адамдарға арналған Брайль қарпі бар смарт сағат 2017 жылдан бері қолданылып келеді. Бұл гаджеттің көмегімен сіз сипап сезу арқылы ақпарат ала аласыз, таймерді орната аласыз, туыстарыңызға қоңырау шала аласыз немесе оларға SMS жаза аласыз. Өз кезегінде, алынған барлық хабарлама автоматты түрде Брайль қарпіне аударылады, осылайша иесі оларды оқи алады, дәл осылайша қоңырау шалушының аты-жөнін де оқуға болады, ол бедерлі нүктелік белсенді ұяшықтармен теру кезінде байқалады.
Видеобайланысы бар көзілдірік
Be My Eyes коммерциялық емес жобасы көру қабілеті нашар адамдарға ғана емес, еріктілерге де көмектеседі. Көмекке мұқтаж және көмектесуге дайын бағдарлама онлайн байланыс принципі бойынша жұмыс істейді. Көру қабілеті нашар адам дүкеннен азық-түлік таңдау, жол белгісін немесе жаяу өткелді табу немесе кез келген басқа сұрау салуы мүмкін, ал ерікті бұл сұрауды видеоқоңырау түрінде алып, сұхбаттасушының өтінішіне сәйкес әрекет етеді. Көрушіден көмек алуға мүмкіндік беретін жобаға түрлі елдің ондаған мың тұрғыны қатысады. Бұл өнертабысты жасаушының өзінде де көру қабілетінде бұзылыс бар және өз жұмысын жеке тәжірибесіне сүйене отырып орындаған.
Көмек қолы
Бионикалық протездер – қазіргі медицинаның болашағы. Айтпақшы, протездеу мамандары қолдың немесе аяқтың көрінісін тудыратын косметикалық протездерді және жоғалған органды ішінара немесе толығымен ауыстыратын, оның функцияларын орындайтын бионикалық протездердің айырмашылығы барын айтады. Қарапайым бионикалық протездер бар, оларды механикалық протез дейді: олар қалған бұлшықеттер арқылы бүгіліп, жазылады. Неғұрлым күрделі құрылғыларда жүйке импульстарына жауап беретін және күрделі қозғалыстарды қайталайтын сенсорлар бар. Мұндай құрылғылардың кейбірі тіпті ұсақ моториканы қайталай алады, ал ең озық құрылғылар оның сигналдарына тікелей әрекет ету үшін миға қосылады. Көптеген бионикалық протез роботтехниканың ең озық әзірлемелерін пайдаланады, соның арқасында олар жеке қимылдарды имитациясын жасап, сипап сезу сезімдерін жеткізеді.
Медицинадағы роботтехника
Экзоскелеттер протезден кейінгі келесі кезең болып саналады. Олар жоғалған мүшелерді алмастырмайды, бірақ оларды толықтырады, адамның мүмкіндіктерін аша түседі. Олардың көмегімен физикалық дайындығы жоқ адамдар салмақты көтере алады, ал сал ауруына шалдыққандар қайтадан қозғалысын басқара алады. Қазіргі заманғы экзоскелеттердің арқасында, олардың көпшілігі 3D принтерлерде жасалған, жүру, тұру және негізінен мүгедектер арбасынсыз өмір сүру мүмкіндігін қайтарады.
Мұндағы маңызды мәселе – экзоскелеттің кейбір модельдері тірек-қимыл жүйесі, ми және жұлын жарақаттарынан кейін, неврологиялық патологиялары бар науқастарды оңалту үшін қолданылады. Аяқтың локомоторлық бұзылыстары, тірек-қимыл аппаратының аурулары, церебралды сал ауруы, нейрореабилитация арқылы склерозбен ауыратын науқастар тезірек қалпына келеді және өмір сүру сапасын арттыра алады.