Әрқилы сұлулық: мүгедектігі бар жеті бьюти-блогер
Сұлулық пен сән – өзімізді мойындатуға мүмкіндік беретін дербестігіміздің маңызды бөлігі. Күн сайын жаңа трендке куә болып келеміз. Алайда мүгедектігі бар адамдарға сұлулық пен сән арқылы даму жолында кейде кедергіге ұшырайды, бұл – әділетсіздік.
Мүгедектігі бар бьюти-блогерлердің арқасында сұлулықтың шегі жоқ екеніне көзіміз жете түседі: жаңа бейімделгіш сән коллекциялары мен косметикалық аксессуарлар шығып, ал бастысы адамдардың алуан түрлілігін жақсы қабылдайтын қоғам құрылып жатыр.
Біз кейіпкеріміз Аделия сияқты өмірін сұлулық индустриясымен байланыстырған блогер қыздардың хикаяларын топтастырдық.
Олар бірігіп, мүгедектігі бар адамдарға жаңа мүмкіндік сыйлап, сұлулық пен сән әлемін кеңейтіп, инклюзивке айналдырып жүр.
Біз кейіпкеріміз Аделия сияқты өмірін сұлулық индустриясымен байланыстырған блогер қыздардың хикаяларын топтастырдық.
Олар бірігіп, мүгедектігі бар адамдарға жаңа мүмкіндік сыйлап, сұлулық пен сән әлемін кеңейтіп, инклюзивке айналдырып жүр.
Шалом Блак @shalomblac
Нигериялық бьюти-блогер
Шалом небәрі тоғыз жасында ауыр күйік алған. Әпкесі екеуі ыстық май құйылған табаны аударып алған. Терісінде қалған тыртықтары үшін құрдастары оларды үнемі қорлаумен болған. Алайда ол мойымай, макияжға жүгінген екен. Күндердің күнінде ол косметика сабақтары бар YouTube арнасына кезігіп, сол жерден негізгі принциптері туралы біле бастапты. Уақыт өте келе Шалом өз арнасын ашып, көрерменінің алдында өзінің қандай екенін көрсетіп, батыл шешім қабылдаған.
Бүгінде оның өмірлік хикаялары мен теріні өзгерту тәсілдерін бөлісетін видеолары мен жарияланымдары миллиондаған қаралым жинайды. Блогер мұнымен тоқтап қалмай, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесіп, қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысады.
Бүгінде оның өмірлік хикаялары мен теріні өзгерту тәсілдерін бөлісетін видеолары мен жарияланымдары миллиондаған қаралым жинайды. Блогер мұнымен тоқтап қалмай, қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесіп, қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысады.
Таня Даттон @whentaniatalks
Сұлулық пен өмір салты туралы блог авторы
Таняның сирек кездесетін бірнеше ауруы бар: әйел бас сақинасы ұстап ауырады, аллергиясы бар және жарыққа сезімталдығына байланысты линза тағуға мәжбүр. Таня ұзақ уақыт бойы өз денесін қабылдай алмаған, бірақ батыл қадам жасады: өз проблемаларын бөлісіп, оқырмандарына жүгінген: «Мен мұны бастан өткердім және бәріне сіздің өлшеміңізге немесе физикалық проблемаларыңызға қарамастан, сіз керемет көрінетініңізді көрсеткім келеді!»
Жетістікке жеткен қазақстандық визажист
Алматылық Дана Мейіржанға жұлын бұлшықетінің атрофиясы диагнозы қойылған. Сирек кездесетін ауру 19 жастағы алматылықтың мансап құруына кедергі келтіре алмады. Бала кезінен ол косметикаға қызығып, онысы кәсіби қызметке айналды. Дана – визажист, өзінің клиенттік базасы мен әлеуметтік желілерде қолдаушылары көп. Қыз өзін ешқашан ерекше сезінбегенін айтады: «Мен бала кезімнен белсенді болдым, тіпті арбада да мен үнемі аулаға шығып, серуендеп, барлығымен сөйлесіп жүрдім, досып көп болды». Болашақта Дана өз салонын ашып, белсенді өмір салтын жалғастырғысы келеді.
Меган Фишер @chronicmakeupartist
Ұлыбританиялық жаңашыл блогер
Британдық армия резервінің мүшесі Меган Фишерге қазір соншалықты өзін танымал еткен макияж маңызды емес еді. Алайда, 2018 жылы бәрі де өзгерді: әйелде босанғаннан кейін пайда болатын ауыр инфекция – аналық сепсис өршіген. Осыдан кейін Меганға созылмалы аурулар диагнозы қойылған. Қыз тамақтандыру түтігі арқылы іс ішіп, мүгедектер арбасына таңылған. Болашақ блогерге өзін макияжда сынап көруді күйеуі ұсыныпты – ол бастапқыда медициналық түтікке байланысты жұрттың реакциясынан қорқыпты, бірақ көп ұзамай парақшасында алғашқы жазбасын жариялады.
«Көптен бері алғаш рет менің «бастапқы» тұлғалық қасиетім оянды. Бәрінен шаршадым — сонда ғана қысым өзінен-өзі кетті. Сонда «Қарауға болатын әлдене ұсынайық!» деп ойладым. Сосын бұл қызығушылығым түстерге, құштарлыққа әрі жарқырайтын нәрселерге ойыса берді», – дейді келіншек.
Ал қазіргі уақытта Меган мүгедектік туралы ашық әңгімелесуге және «қорқынышты» медициналық құрылғылардан арылуға әкелетін макияж жасаумен айналысады.
«Көптен бері алғаш рет менің «бастапқы» тұлғалық қасиетім оянды. Бәрінен шаршадым — сонда ғана қысым өзінен-өзі кетті. Сонда «Қарауға болатын әлдене ұсынайық!» деп ойладым. Сосын бұл қызығушылығым түстерге, құштарлыққа әрі жарқырайтын нәрселерге ойыса берді», – дейді келіншек.
Ал қазіргі уақытта Меган мүгедектік туралы ашық әңгімелесуге және «қорқынышты» медициналық құрылғылардан арылуға әкелетін макияж жасаумен айналысады.
Джордан Бон @jbone89
Мүгедектігі бар ең танымал бьюти-блогерлердің бірі
Жол апатынан кейін Джордан сал болып қалған. Депрессиямен күресу үшін ол басқаларға көмектеседі деген үмітпен видео түсіре бастаған. Қолданушылар одан макияж туралы сұрай бастағанда, Джордан өзін сұлулық блогингінде сынап көруді ұйғарған. Содан бері ол өзінің әлеуметтік медиадағы парақшаларында сұлулық пен сән туралы жарияланымдарымен тұрақты түрде көзге түсе бастады. «Мен әлі күнге дейін осындай жарақаты бар барлық адам сияқты керемет өмірге лайықпын», – дейді Бон сұхбаттарының бірінде.
Сұлулық пен сән туралы онлайн-журнал ашқан
Британиялық Джорджина Гроган 2016 жылдан бері мүгедектігі, өзінің мысықтары, отбасылық өмірі және т.б. туралы онлайн журнал жүргізеді. Блогердің ресми диагнозы – созылмалы шаршау синдромы немесе миалгиялық энцефаломиелит. Қыздың айтуынша, өзі «макияжға құмар», бұл оны жеке блог құруға әкеліпті. Косметика индустриясы туралы жинақталған білімімен Джорджина сұлулық пен сән брендтерінің әлеуметтік медиасын дамытып, өзінің жеке брендін насихаттаумен айналысады.
Люси Эдвардс @lucyedwardsofficial
Танымал Yesterday's Wishes арнасының авторы
Бирмингемде тұратын Люси Эдвардс 11 жасында сирек кездесетін Блох-Сульцбергер синдромына шалдыққан, оның оң көзі көрмей қалған, ал көп ұзамай сол көзінде де проблема барын байқаған. 17 жасында ол мүлдем соқыр болып қалған. Бұл оның танымал Yesterday's Wishes арнасын құруына кедергі болмады, онда ол макияждағы ерекше талантын көрсетеді, өмірі туралы сұрақтарға жауап береді және сұлулық өнімдері туралы білімін бөліседі. Осындай деңгейдегі кәсіпқойлыққа жету оңай болмаған. Ол әпкесінен үнемі кеңес сұраумен болған, алайда макияжы сәтсіз шыға берген. Дегенмен, тыңғылықты тәжірибесінің арқасында ол мақсатына жеткен.
Материалымыздың кейіпкерлері – батыл, тәуелсіз әрі дарынды әйелдердің нағыз үлгісі, олар әлем бойынша миллиондаған қызға өзіне сенуге және мақсатына жетуге көмектесіп жүр.
Jusan Bank-тің «Шексіз мүмкіндіктер» жобасына арналған алдыңғы материалымызда біз балерина болуды армандаған, бірақ басқа салада мықты маман бола білген мүгедектігі бар Аделияның хикаясын баяндаған едік. Сондай-ақ, инклюзия деген не және ол неге бәрімізге қажет екені туралы шағын гайд әзірледік.