Орталық Азиядағы
алғашқы мемлекеттік мюзикл театры
«ASTANA MUSICAL» ұжымы - құрылғанына он жыл толмаса да аз уақыттың ішінде өз көрерменін қалыптастырып, көрермен ықыласына бөленген Орталық Азиядағы алғашқы мамандандырылған мемлекеттік театр. Театр ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен 2016 жылы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы негізінде құрылған.
Елордалық жас «Astana Musical» ұжымы елімізге мюзикл жанрын қазақ тілінде әкелген жалғыз мемлекеттік театр. Себебі қазақ көрермені үшін мюзикл жанры таныс та әрі бейтаныс дүние. Театр заманауи бағыттарға негізделіп, отандық мюзикл орталығына айналып үлгерді. Қадамы қарышты жас театр ұлттық драматургияны қамтитын ерекше жанрда қазақ тілінде қойылым көрсетіп, бүгінгі таңда өз көрерменін қалыптастырған. Шығармашылық ұжымның репертуарында отандық мюзиклдермен қатар әлемдік туындылар да бар. Заманауи бағытта өнер көрсететін ұжым республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттарынан құрылған.

Алғашқы қойылым, көрермен ықыласы
Бүгінгі таңда театрдың көркемдік жетекшісі актер, режиссер, педагог, Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры сыйлығының иегері, PhD, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иесі Есләм Серікұлы Нұртазин. Ол бүгінде театрдың жетістікке жетіп, алға шығуына үлесін қосып жүр. Сондай-ақ, шығармашылық ұжымдағы режиссерлердің де еңбегі зор.
Жалпы, мюзикл - театр, музыка, би, ән, көркемсурет, акробатика, сценография, грим сияқты өнердің барлық түрін қамтитын сан түрлі шығармашылықтың синтезі, озық технологияның қосындысы. Театрдың тұсауын кесіп, көрерменге ұсынған алғашқы туындысы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Театр шымылдығы алғаш рет 2016 жылы көрнекті қазақстандық композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері А.Оренбургскийдің «Достар серті» қойылымымен ашылды. «Достар сертіндегі» декорация, дыбыс және жарық қоюшы режиссерлер мен экранға бейнеәзірлеушілердің қажырлы еңбегі екенін байқау қиын емес. Мөлдір махаббат пен шынайы достық туралы лирикалық комедия қарапайым сюжетпен жалғасып, кейіпкерлердің "шынайы бақытымен" аяқталады.
Еліміздің рухани құндылықтарына айналған халық әндері мен композиторларының шығармалары және ұлттық операмыз бен классикалық музыкамыздың інжу-маржандарын қамтитын «Қыз Жібек» қойылымын Асхат Маемировтың режиссерлігімен театр ұжымы 2017 жылы жоғары деңгейде сахналады. Дала театрының негізіндегі туынды көрерменге қазақ халқының ұлттық болмысы мен тыныс-тіршілігін айқын көрсетті. Сондай-ақ, өнерсүйер қауым спектакльде қос ақынның сөз тартысы, ой қақтығысымен қатар халқымыздың суырыпсалмалық өнерін дәріптейтін айтысты тамашалады.
Театр репертуарында бұдан бөлек этнофольклорлық, поэтикалық және ретро-хит әндерге негізделген мюзиклдері, эксперименталдық музыкалық және би перфомансы, сондай-ақ, балаларға арналған ертегі қойылымдары да бар.
Өнер ұжымы жыл сайын көрерменді ерекше жаңа туындыларымен қуантып отырды. Олардың қатарында қазақ халық ертегісі "Ер Төстік", «Астана – менің махаббатым», М.Мақатаевтың «Жырлайды жүрек», ақын О.Тұржанның «Мен сағындым...» поэтикалық мюзиклдері, «Қыз Жібек» этно-фольклорлық қойылымы, Р.Кунидің «№13» комедиясы, "Шаңырақ" эксперименталдық музыкалық перформансы, "Сиқырлы сазды хор-концерт", "ЕНТ тапсырмаймын" драмасы, "COVID-19" би перформансы сахналанды.
Әлемді таңғалдырған театр таңғажайыптары
Шығармашылық ұжым 2017 жылы «ЕХРО – 2017» халықаралық көрме аясында "Ромео мен Джульетта" атақты мюзиклін алғаш рет қазақ тілінде сахналады. Тұсаукесерге мюзиклдың музыкасы мен либреттосын жазған әлемге танымал композитор Жерар Пресгурвик қатысты. 2001 жылы сахналанып, әлемдік бестселлерге айналған 15 тілге (француз, голланд, орыс, ағылшын, неміс, итальян, венгер, кәріс, жапон, испан, иврит тілдерінде) аударылып қойылған мюзиклдің қазақ тіліндегі нұсқасын қойған театр әртістерінің қайталанбас әрі жарқын болашағын Жерар Пресгурвик жоғары бағалады.

Жерар Пресгурвик
"Әлемнің түпкір-түпкіріндегі барлық көрермендер біз үшін бірдей. Біздің көріністі түсінетіндер бізді де түсінеді. Труппа туралы өте ғажап деп айта аламын. Спектакльді көргенде қатты қуандым, қазақстандық әріптестер барлығын жоғары деңгейде жасаған. Мәдениет министрлігінің жауапкершілікті мойындарына алып, мұндай мюзиклді жасауы өте сирек кездесетін құбылыс".
Театр ұжымы 2018 жылы Астананың 20 жылдығына орай Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемге әйгілі «Notre Dame de Paris» мюзиклін аз ғана уақыттың ішінде жоғары деңгейде қазақ тілінде тұңғыш рет көрерменге ұсынды. Виктор Гюгоның «Собор Парижской Богоматери» романының желісінде Францияда сахналанған спектакль - әлемдегі мюзкл жанрының ерекше бір үлгісі. Мюзиклді театр ұжымы композиторы Р.Коччантемен бірлесіп сахналады. Француздық шансон мен сыған мотивіне құрылған мюзиклдың әр көрінісіндегі «Belle», «Danse mon esmeralda», «Le Temps des Cathedrales» секілді елуге жуық әннің әуені тыңдарманды бірден баурап алды. Театр ұжымы үшін үлкен тәжірибе әрі зор жауапкершілік жүктеген «Notre Dame de Paris» мюзиклінің премьерасы қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына тосынсый болды әрі Франция елі мен Қазақстан халқының арасындағы мәдени қатынастарды нығайтуға ықпал етті. Мюзиклдің авторы, белгілі итальяндық композитор Р. Коччанте жас таланттардың мінсіз жұмысына тәнті болып, ризашылығын білдірді.
Шолу
1. 2019 жылы наурызда қойылған атақты ағылшын драматургі Рэй Кунидің «Номер 13» комедиясында қоғамның игілігі үшін қызмет атқарудың орнына демалуды ұйғарып, бес жұлдызды қонақүйдің 13-ші нөмірінде өзінің саяси қарсыласының хатшысымен құмарлыққа бой алдырған Ричард Уиллидің басынан өткен оқиғасы баяндалады.
2. Театр көрерменге бұрын-соңды болмаған «Сиқырлы сазды хор-концерт» атты жобасын ұсынды. Жобада көпшілік сүйіп тыңдайтын әндер орындалып, шығармашылық ұжым көрермендерді вокалдық шеберліктерімен таңғалдырды. Хор-концерттің бағдарламасында жаңа өңдеудегі халық әндерімен қатар, әлемдік хиттер мен мюзикл ариялары, ретро-композициялар, белгілі заманауи әндер енген. Бұған қоса, сиқырлы сазды хор-концертте театрландырылған қойылымдар көрсетілді.
3. 2021 жылдың ақпан айында ұзақ уақыт болмағаннан кейін ресейлік драматург Л.Разумовскаяның пьесасы бойынша «ЕНТ тапсырмаймын» әлеуметтік драмасы қойылды. Болашақта жағымсыз әрекеттерді болдырмау мақсатында қойылған пьеса мектеп түлектерінің қоғам қысымына ұшырауы, ата-ана мен бала проблемасы, өскелең ұрпақтың аға буын көзқарастарына қарсы тұруын көрермендерге әлеуметтік драмада көркемдеп, жеткізді.
4. Осы жылы театр жаңа форматтағы «COVID-19» би перформансасын ұсынды. Бұл қойылым көрерменге мәңгілік құндылықтар мен карантин кезіндегі адамның ішкі жағдайы, санасындағы өзгерістер мен халықтың абсурдтық әрекеттері мен сенімдерін бейнелеп берді.
5. 2022 жылы наурыз айында КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай «Astana Musical» мемлекеттік театры «Роза Бағланова» мюзиклі қойылды.
6. Шығармашылық ұжым 2022 жылы қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері "Алдар Көсе" қойылымын араға сексен жылдан астам уақыт салып, алғаш рет жаңа мюзикалық қойылым ретінде балаларға арнап қойды. Ұлттық құндылықтарды жас көрерменге дәріптеген ерекше туынды бүлдіршіндерге арнайы сахналанды.

Жас театр тарихындағы жаңа белес
Ерекше қойылымдарымен театр 2017 жылы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен алғашқы гастрольдік сапарға шықты. Еуропаның бес елінде өткен еуротур Парижден бастау алды. Еуропаның бес қаласында өнер көрсеткен «Астана мюзикл» мемлекеттік театры шетелдік өнерсүйер қауымның көңілінен шықты. Жас ұжымның бұл белесті бағындыруы, дәл осындай күнделікті дайындықтың жемісі. Кеше ғана өнер ордасынан түлеп ұшқан жас толқын қазақ өнерін, мюзиклінің болашағын жарқын етіп келеді. Бұл театр тарихындағы жаңа белес болды. Ұжымның экскурсиялары Еуропаның Берлин (Германия), Париж (Франция), Вена (Австрия), Брюссель (Бельгия), Мәскеу (Ресей) қалаларында өтті. Театр әртістері ұлттық бояуы қанық, сахналық сәні мен әні, мазмұн мәні келіскен спектакльдермен барша әлемдегі ең озық өнер орталықтарында ұлтымыздың болмысы мен мәдениетін таныстырып, өнерін паш етті. Мюзикл театры Париж тұрғындарына этно-фольклорлық мюзикл «Қыз Жібек» қойылымын көрсетіп, қазақ мәдениетінің айрықша ерекшелігі көрсетілген қойылымда көрермендер бата беру, жоқтау, айтыс сынды салт-дәстүрлермен таныстырды.

“
«Тіл кедергілеріне қарамастан, маған өте қатты ұнады. Мен ешқашан мұндай атмосферада болып көрмеппін. Мәдениеттеріңіз ғана емес, тарихтарыңызды да сезіне алдым. Спектакль ғажап. Бәрі де өте шебер және терең ойластырылған. Драматургия да, киімдер де ұнады".
“
«Асқан сезімтал ұлттық колорит назарды баурап алады, қазақ мәдениетіне айрықша әсер беріп тұрған – өзіндік ішкі дүниесімен және айқындығымен тартады. Керемет қойылым. Әртістер мен бишілердің орындауы соншалықты ғажап, айналаны түгел баурап, көңіл түкпіріне шейін жаулап алды».
Шығармашылық ұжым 2018 жылы барша әлем театрларының өнер орталығына айналған «Авиньон» әлемдік театр фестиваліне Орта Азиядағы алғашқы театр ретінде қатысты. Театр әртістері ұлттық бояуы қанық, сахналық сәні мен әні, мазмұн мәні келіскен спектакльдермен барша әлемдегі ең озық өнер орталықтарында ұлтымыздың болмысы мен мәдениетін таныстырып, өнерін паш етті. Осы ұжымның арқасында өзге елдер сахнасында ұлы даланың дүбірі ойнады, әні әуелеп, күйі күмбірлеген болатын.
Театр 2019 жылдың қараша айында театр Стамбул қаласындағы (Түркия) «Шаңырақ» эксперименталды музыкалық қойылымымен гастрольдік сапарға шығып, ұлттық дәстүрлерді бейнелейтін көріністерді сахналады. Бірлік символы-киіз үйде театрландырылған қойылымды шетелдіктер ыстық ықыласпен қабылдап, алғысын білдірген.
“
"Қазақтың күмбірлеген күйімен, термесімен, биімен, жалпы ұлтымыздың өнері мен мәдениеті арқылы шетелдіктерді таң қалдыруымыз әбден мүмкін. Жиналған қалың көпшілік қойылымдағы әртістердің айтқан сөзін түсінбесе де, іс-қимыл, образдар арқылы не жайында болып жатқанын түсініп отырады. Мәселен, шетелдіктер назарына баланың дүниеге келуінен жер қойнына кіргенге дейінгі кезеңін көрсететін «Шаңырақ» қойылымы барысында көздеріне жас алды. Бұдан тілі бөлек болса да, қойылым арқылы барлығын егжей-тегжей түсініп отырды"
Тарихи жетістіктер
Актерлік шеберлік, музыка, хореография, акробатика сынды үлгілерді біріктірген музыкалық-сахналық театр ұжымы аз уақыттың ішінде өз өнерлерімен Қазақстанның ғана емес, алыс-жақын мемлекеттердің көрермендерін тәнті етіп, еліміздің атын танытты.
Шығармашылық ұжым биыл Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында әлемнің түкпір-түкпірінен театрлар мен шығармашылық ұжымдарды жинайтын беделді халықаралық «Daegu International Musical Festival» (DIMF) ХҮІІ халықаралық фестиваліне алғаш рет қатысып, "Роза Бағланова" мюзиклімен "Үздік халықаралық мюзикл" номинациясын жеңіп алды. Сондай-ақ, қойылымда Роза Бағланованың рөлін сомдаған актриса Зарина Макина үздік әйел рөлі үшін жүлдеге ие болды. Ол Англия, Германия және Франция, Оңтүстік Кореядағы әріптестерінен басым түсті.

Мюзиклде ұжым КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы, күміс көмей әнші, ардақты Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай қойылған мюзикл әншінің балалық және жастық шағы, сондай-ақ, соғыс жылдарындағы қиын тағдыры, шығармашылық жолының қалыптасуына негіз болған өміріндегі шешуші сәттері жайлы сахналады. Заманауи театр өнерінің технологиялары, креативті режиссерлік, хореографиялық шешімдер, 40-60-шы жылдардың әндері мен Ұлы Отан соғыс кезеңіндегі атмосфера музыка мен хореографиялық шешім мен сценографиялық ізденістер өзара үйлесім тапты.
Театрдың жаңа тынысы
Театр құрылғаннан бері ұжым мүшелері жаңа сахналық көріністерімен көрермендерін қуантудан еш жалыққан емес. Өнер ұжымы әдемі сазды әуен, хореография, актерлік шеберлік, акробатика секілді музыкалық-сахналық қойылымдарымен жақсы таныс. Өзге шығармашылық ұжымнан ерекшелігі - мұнда әрбір пьесаға музыкалық әуендер арнайы жазылады, сондай-ақ, әлемдік туындылардың авторынан рұқсат сұралып, франшизасы алынған.

Театр ұжымы ән мен биге үндескен әр қойылымы арқылы арқылы көрерменді елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілікке шақырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаудан жалыққан емес. Болашақта диалог пен әнді, музыка мен шоуды бір арнаға тоғыстырған «Astana Musical» мемлекеттік театры алдағы уақытта еліміздің брендіне айнаулы үшін әрі қарай да еңбек етпек. Өнер ұжымы алдағы уақытта әртістердің шеберлігін шыңдап, кәсібилігін арттырумен қатар, әлемге әйгілі өнер жұлдыздарымен тығыз байланыс жасау арқылы жастарымызды әлемдік деңгейде танытатынына сеніміміз мол.
Р. Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының баспасөз қызметі ұсынған материал