Бүгінгі қазақ үні – «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығы
Ән десе "әу" демейтін, күй десе көкірегі күмбірлемейтін қазақ жоқ. Өмірдің әр құбылысын әнге қосып, шежіресін күймен жырлаған халқымызда бүгінгі күнге дейін мәтіні мен әуезі ел жадында сақталып келе жатқан бірнеше мың халық ән-күйі бар. Бұл – ұлттық болмыс пен қасиетті, тұрмыс-тіршілікті білдіретін айрықша құндылық.
Халқымыздың бай мұрасы небір күміс көмей, жез таңдай дарынды әншілер мен ән әуезін жанына жұбаныш жасай білген талантты өнерпаздар арқылы бүгінге жетіп отыр. "Қазақконцерт" ұйымының алғашқы күндерінен бастап дәстүрлі музыкалық мәдениетті Манарбек Ержанов, Жүсіпбек Елебеков, Ғарифолла Құрманғалиев, Қали Жантілеуов, Жаппас Қаламбаев, Апике Абенова, Нұғман Әбішев, Гүлнафис Баязитова, Мұрат Өскінбаев, Мағауия Хамзин, Әзидолла Ескалиев, Қажыбек Бекбосынов, Рахым Тәжібаев, Жарқын Шәкәрім, Қаламқас Орашева, Айгүл Үлкенбаева сияқты көрнекті өнер иелері дәріптеді.

Бұл әртістердің әрқайсысы Қорқыт, Біржан сал, Ақан сері, Құрманғазы мен Сүгір сынды қазақ өнерінің негізін қалаған композиторлардың және жеті музыкалық мектептің жалғастырушылары.
Қазіргі таңда әлемге қазақ фольклорын, атадан балаға мирас болып қалған ұлттық өнерін саф күйінде кеңінен дәріптеу мақсатында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен "Халық қазынасы" мемлекеттік ұлттық өнер орталығы құрылды. Орталықта қазақ халық аспаптары, күйшілік және әншілік мектептердің барлығы қамтылған.
Ел іші – өнер кеніші: орталықтың құрамында кімдер бар?
"Халық қазынасы" ұлттық өнер орталығының құрамында елге танымал Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Ерлан Рысқали, Жанғали Жүзбай, Секен Тұрысбек, Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова, Құмарбек Қалқатай, Медет Салықов, Раушан Оразбаева, Айгүл Елшібаева, Елмұра Жаңаберген, Нұрболат Арзамасұлы, Мәдениет қайраткерлері – Ерболат Шалдыбеков, Толғанбай Сембаев және Перизат Тұрарова, Дінисламбек Жайлаубай, Асқар Мұкият, Түрікпен Күнсұлу секілді өнерпаздар бар.

“
"Халық қазынасы" ұлттық өнер орталығында тек әнші-күйшілер ғана емес, сонымен қатар өнертанушы, өнерді зерттеп жүрген үлкен тұлғалар да қызмет атқарады. Сондықтан орталықтың мақсаты – қазақтың әншілік, күйшілік, жыршылық өнерін, Қазақстанда кенжелеп қалған өнер түрлері – сыбызғы, жетіген ұлттық аспабын қайта жаңғырту, дамыту. Орталықта тек ансамбль құрамында отыратын емес, жеке сыбызғышы, жеке орындаушыларымыз бар. Мәселен, сыбызғы аспабын зерттеп жүрген, сыбызғының қалыптасқан мәнерін алып қалған, осы өнердің мұрагерлері жұмыс істейді. Сонымен қатар кешегі Болат Сарыбаев, Ахмет Жұбанов, Өзбекәлі Жәнібеков аталарымыз бізге қандай ұлттық аспаптарды зерттеп, қалдырып кетті, сол аспаптарды қайта жаңғыртып, сахнаға шығарып, елге дәріптеп жатқан осы "Халық қазынасы" ұлттық өнер орталығы.
Сондай-ақ аталмыш орталықтың құрамында қазақ елінің төл дәстүрін терең меңгеріп, халық музыкасы арқылы ұлттық құндылықтарды жаңғыртып жүрген тағы бір өнер ұжымы – "Астана сазы" қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі де ата-бабамыздан қалған бай мәдени мұраны қалың халыққа ұсынып жүр. Ансамбль құрамындағы музыканттар домбыра, қылқобыз, нарқобыз, жетіген, сырнай, сазсырнай, сыбызғы, шертер, даңғыра, дабыл, мүйіз сырнай секілді қазақтың көне халық аспаптарын жетік меңгерген.
Қазақ бар жерде ұлттық өнер өлмейді: гастрольдік сапар туралы
Жер-жерде ұлттық өнерді таныту мақсатында "Халық қазынасы" орталығы түрлі форматтағы концерттер ұйымдастырып келеді. Президенттің Жолдауын қолдау мақсатында Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы "Ел бірлігі – Жаңа Қазақстан" атты үлкен жоба ұсынған болатын. Осы жоба аясында ұйым солистері, "Халық қазынасы" ұлттық өнер орталығының өнерпаздары, "Астана сазы" қазақ мемлекеттік фольклорлық ансамблі Абай, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу, Түркістан, Жамбыл облыстарының аудандары мен моноқалаларында концерттер берді. Оның мақсаты – өңір тұрғындарына мәдени құндылықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету, өңірлердегі шығармашылық ұжымдар мен артистерді қолдау, еліміздің ұлттық құндылықтарын дәріптеу.

"Халық қазынасы" ұлттық өнер орталығы болып әр өңірдің әншілік-күйшілік мұрасына қатысты үлкен дәріс-концерттер өткіздік. Арқа өңірінің ән-күй мұрасы, Батыс өңірінің ән-күй мұрасы, одан соң Алтай-Тарбағатай, Шығыс ән-күй мұрасы, Жетісу, Сыр өңірінің ән-күй мұрасы деп дәріс-концерттер бердік. Ондағы мақсат – сол өңірдің әнін шырқап, күйін орындау ғана емес, сол өңірдегі өнердің қалыптасу кезеңі, сол топырақта қалай бастау алды, сол жерде өнерді алғаш тудырған тұлғалар кім еді, ол шығармалар қалай дүниеге келді және бізге қалай жетті деген дүниелерді халыққа әңгімелеп отырып, ән-күймен ұсыну.
Өнер орталығының жетекшісі өңірлерде өтетін концерттерге жасы мен кәрісі жарыса келетінін жеткізді. Ал концерт соңында әр аймақта сөз ұстаған, ақсақалдығын танытып жүрген кісілер сахнаға сұранып, баталарын беріп, ризашылығын жеткізіп жатады екен. Мұның өзі де бабаларымыздан бастау алып, бүгінге дейін жалғасып келе жатқан, бала кезден құлағына сіңіп өскен, жадына тоқып өскен ұлттық өнердің өлмейтінінің бір айғағы іспетті.
“
Наурыз айындағы мереке қарсаңында сонау Отпан Таудан бастап, бір ай көлемінде батыс Қазақстанды араладық. Мұнда 25-тен астам концерт бердік. Ол жерге барғанда да сол өңірдің өнері туралы әңгімелеп, мына Ақжайық еліне келгенде осы Ақжайықта кешегі Мұхиттың мұрасын жалғастырушы, Ғарекеңнің шәкірті, осы мектепті ұстап қалған бүгінгі қазақ өнерінің ақсақалы Қатимолла Бердіғалиев ағамыз келіп, біздің өнерпаздармен бірге бір сахнада ән шырқап, жас өнерпаздарға батасын берді.
Дәстүрлі сүрлеу салған қазақ өнерінің мектептері
Дәстүрлі ән өнері бүгінде орындаушылық мәнер-нақышы мен шырқау ерекшелігіне қарай Арқа әндері, Жетісу сазы, Батыс Қазақстан мектебі, Алтай әуені, Сыр бойы мақамы болып жіктеледі. Яғни әр өңірдің орындаушылық ерекшеліктеріне қарай оқыту тәжірибесі қалыптасқан. Осылайша әр мектептің әншілік және күйшілік ерекшеліктерін сақтай отырып, "Халық қазынасы" ұлттық өнер орталығы "Батыс ән-күй мұрасы", "Алтай-Тарбағатай ән-күй мұрасы", "Жетісу ән-күй мұрасы", "Арқа өңірінің ән-күй мұрасы", "Сыр өңірінің ән-күй, жыр мұрасы" атты дәріс-концерттер өткізді. Мұндай дәріс-концерттерде ән-күймен қатар, сол аймақтың дәстүрлі өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғалар, ән мектебінің ерекшеліктері мен қазақ музыка өнеріндегі орны туралы әңгіме де шертіледі. Ендеше біз де аталған мектептердің ара жігін ажыратып көрейік.

1. Батыс ән-күй мектебі
Батыс өңірінің әншілік және күйшілік мұрасы сонау байырғы халық әндері мен Мұхит бабамыздан бастау алған, өзге өңірлердің ән салуы мен күй шертуіне ұқсамайтын өзіндік мәнері бар ерекше мектептердің бірі. Халық композиторы, әнші, ақын, күйші-домбырашы Мұхит бабамыздың мұрасын жалғастырып, ұрпақтары мен шәкірттерінен ән үйренген, өз дәуірінде кәсіби мектеп ашып, көптеген шәкірттердің ұстазы болған Қазақ КСР халық әртісі, әнші Ғарифолла Құрманғалиевтің есімі кеңінен таныс. Ғ.Құрманғалиев Мұхит мұраларын жеткізіп, өзі де осы бабамыздың әндерінің ізімен тамаша әндер шығарған.

2. Алтай-Тарбағатай ән-күй мектебі
Алтай-Тарбағатай ән-күй мұрасы – өзге өңірлердің ән салуы мен күй шертуіне ұқсамайтын өзіндік мәнері бар ерекше мектептердің бірі. Өз алдына мектеп болып, халықтың ән-күй өнері кенже жеткенімен, тарихы сонау ерте кезден бастау алады. Алтай-Тарбағатай өңіріне үш ішекті домбырамен ән айтып, күй шерту өнері тән. Ерекше атап өтерлігі, сыбызғы күйлері осы өңірде жақсы дамыған. Сондай-ақ үш ішекті домбырамен айтылатын әндер мен шертілетін күйлердің басын іздегенде ұлы Абай заманына барып тірелеміз. Алтайдың арғы және бергі жағын мекендеген аталмыш мектептің көрнекті өкілдері қатарында Абай Құнанбайұлы, Уәйіс Шондыбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әсет Найманбайұлы есімдері ерекше аталады. Осы өңірдің ән-күй мұрасының дамуына күйші Қайрақбай, Бәзғалам, Несіл, Әнжан, әнші-композитор Құмарбек Көпенұлы, Шәкір Әбенов, Тұрсынғазы Рахым үлес қосты.

3. Жетісу ән-күй мектебі
Жетісу өнерінің ән-күйі өзге өңірлердің ән салуы мен күй шертуіне ұқсамайтын өзіндік мәнері бар ерекше мектептердің бірі, сонау Қабан жырау, Сүйінбай бабамыз, Дәурен салдардан бастау алады. Жетісудың өнері, ән-күйлері, ақындардың жыр сарындары – уақыт тынысы, әлеуметтік кезең, дәуірге сай тағдыр, заман әуенін тербетеді. Күйшілік өнеріне келсек, Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев секілді біртуар өнерпаздардың есімі Жетісудің ән-күй өнерімен тығыз байланысты. Одан бөлек 60-70 жылдары қазақ руханиятына мол олжа алып келген Дәнеш Рақышовтың әншілік мектебін де айтуға болады.

4. Арқа өңірінің ән-күй мектебі
Қазақтың киелі қара домбырасы мен қобыз үнімен айтылатын дәстүрлі әндер легі сонау ықылым заманнан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келеді. Бұдан бөлек жетіген, сыбызғы, шертер және адырна аспаптарымен айту өнері дәстүрлі ән-күй мектебінде кеңінен қалыптасқаны белгілі. Атақты Біржан сал мен Ақан сері, Майра Уәлиқызы, Шашубай сынды біртуар өнерпаздардың есімі Арқаның дәстүрлі өнер мектебімен тығыз байланысты. Арқа әндерінің кәсіби мектебін жасағандар – Ж. Елебекеов, Ж. Кәрменов, Қ. Байбосыновтар, бұлардан өзге, ән өнерінде ерекше із қалдырған Қ. Байжанов, Ә. Қашаубаев, Қ. Бабақов, Қ. Лекеров, Б. Жылқыбаев, М. Ержанов, Ж. Омарова, Р .Есімжанова, Р. Қойшыбаева, М. Көшкінбаев, И. Әлібаев, Ж. Қартабаева, Л. Сүйіндікова, М. Ешекеевтердің атын атай аламыз.

5. Сыр өңірінің ән-күй, жыр мектебі
Сыр бойында Жиенбай, Нұртуған, Нартай мақамдарына негізделген жыраулық өнердің бірнеше мектебі бар. Жиенбай жырау мектебі Қармақшы өңіріне тән болса, Нартай мектебі Шиелі жерінен бастау алады. Қармақшы жыраулық дәстүріндегі негізгі ерекшелік ретінде дауыстың немесе ондағы мақам саздың көмейден шығатынын айтып өтуге болады. Бұл мектептің негізгі өкілдері ретінде Жиенбай, Рүстембек, Әбділдә, Балқашбай, Мұзарап, Көшеней, Бидас, Алмастай жырауларды атап өтуге болады. Ары қарай бұл тізім Серік Жақсығұлов, Руслан Ахметов, Ұлжан Байбосынова, Күнсұлу Түрікпен болып кете береді. Шиелі жерінен бастау алатын Нартай мектебі Арзулла Молжігітов, Әбіләш Әбуовтер арқылы қанат жайды.

Қазақтың тарихы мен болмысы – әні мен күйінде
Бүгіні мен өткені сабақтаса жадында жаңғыратын болмысы бөлек қазақтың дәстүрлі әншілік және күйшілік, жыршы-жыраулық өнерінің дамуына атсалысып жүрген "Халық қазынасы" ұлттық өнер орталығының мақсаты айқын, жоспары анық – төлтума құндылығымызды әрі қарай насихаттау, жастардың бойына өзіміздің ұлтқа тән тұлғалық қасиетті қалыптастыру, өскелең ұрпаққа жеткізу.

Келер жылға жоспар көп. Қазақ өнерінің тарихындағы айтулы тұлғаларды еске алып, сол кісілердің шығармашылығын дәріптеу мақсатында түрлі шаралар өткіземіз. Оның легі ақиық ақын Мұқағали Мақатев атамыздың туған күнінен бастау алмақ. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында 4-5 күнге созылатын апталық фестиваль ұйымдастырсақ деп жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ "Біздің жәрмеңке" деген гала-концерт беруді көздеп отырмыз. Және құрамдағы ансамбльдер де күн өткен сайын репертуарларын жаңартып отыр, сондықтан олардың да жеке концерттері берілмек.
Қанша буын өнерпаздар қолынан өтсе де, өз мазмұны мен маңызын жоймай, ұлттық мінезді жырлап келе жатқан бұл өнер, шын мәнінде, өзіндік салт-санамызды, дәстүрімізді сақтаушы қасиетімен құнды. Кешегі мен бүгінгінің арасын жалғап тұрған өнерпаздарымыз барда халықтың асыл мұрасы ұмыт болмасы анық.
Р. Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының баспасөз қызметі ұсынған материал