Басқа өмір болмайды немесе шенеуніктерді мүгедектер арбасына қалай отырғызу керек?
Tengrinews.kz 10 жылдан астам уақыт бойы үйден шықпай отырса да, өзінің ғана емес, жүздеген басқа адамдардың да өмірін өзгертуге күш салған керемет әйелдің мотивациялық тарихымен бөліседі.
“
"Иә, мен әлі де "мерсте" отырмын, тіпті түймемді де сала алмаймын, бірақ бұл маған ӨМІР СҮРУГЕ кедергі емес!"
Өзінің мүгедектер арбасын "Мерс" деп атайтын атыраулық Гүлназ Қосмұрзиева әлеуметтік желідегі оқырмандарын осылайша шабыттандырады. Ол осыдан 17 жыл бұрын, небәрі 24 жасындағы жол апатынан кейін бастан өткен қиындықтары туралы айтып, ешқашан берілмеуге шақырады.
Max Holden
Әрқашан көтеріңкі көңілді күйде отыратын атыраулық тұрғынның бірнеше жыл бұрын өмірден күдер үзіп, терең күйзеліске түскеніне сену қиын. Апатқа дейін ол Атырау мұнай және газ институтын бітіріп, сұранысқа ие маман болған. Кейін төрт қабырғаға қамалды. Бұл – әдетте мойын омыртқаның тұсындағы жұлыны зақымданған науқастардың басына ұзақ жылдарға созылатын, тіпті өмір бойына жазылып қойылатын тауқыметті тағдыр.

"Ең қорқыныштысы – табаныңмен жер басып жүре алмау. Қатты күйзеліске түстім, далаға шыға алмадым. Үйде отырған 10 жылым жай ғана өтті де кетті. Таң атады, күн батады, таң атады, күн батады – басқа ештеңе жоқ. Жан-дүниең қаңырап бос қалғандай. Бірақ маған анашым, ағайын-тума, әріптестерім үлкен қолдау көрсетті. Анам өмірден өткен соң, жер үйде тұратын бауырларым көшіріп алды. Үйде бостан-бос отыра бергім келмеді, қандай да бір пайдалы іспен айналысуға құлшынысым артты. Өзің үшін емес, өзгелер үшін бір нәрсе істесең, айналаңдағы тіршілік қайнап сала береді. Бұдан асқан қызық, бұдан асқан тамаша дүние болмас! "
2017 жылы Гүлназ Алматы қаласында өткен Synergy Global Forumға қатысты. Ол жердегі спикерлердің бірі белгілі мотиватор Ник Вуйчич болды. Дүниеге аяқ-қолсыз келген ол өз сөзінде қатысушыларды шабыттандыра білді. Оның «жомарттық жомарттықты, мейірімділік мейірімділікті, сенімділік сенімділікті тудырады, ал адам мұны толық түсініп, басқа адамның өмірін жақсы жаққа өзгерту мүмкіндігін пайдалануы керек» деген сөздері Гүлназға айрықша шабыт сыйлады. Форумнан қанаттанып қайтқан Гүлназ мотивациялық кітаптар оқуды қолға алды, түрлі тренингтерге қатысып, қоғаммен араласа бастады.
"Неліктен мен ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігімен айналыса бастадым? Мен үйден шыға бастадым, міне, осы кезде тиісті пандустардың болмауы себепті, қалаған жеріме кіре алмау мәселесі туындады. Көшеде кездескен жандардың "Mына мүгедек көшеде не істеп жүр?" деген көзқараспен қарауы жаныма батты. Алғаш рет 2018 жылы мүгедектігі бар адамдардың мәселелерін шешу үшін шенеуніктермен байланысқа шықтым. Мені азаматтық кеңеске шақырды. Сол кезде тұңғыш рет қала әкімімен бірге нысандарды араладық... Алдымен теміржол вокзалына келдік. Қоғамдық нысандардың мүгедектер үшін қолжетімсіз екеніне шенеуніктердің көзі жетті. Осыдан кейін менің өмірім тұтастай өзгерді. Әлеуметтік желілерде белсенді болдым, мені "Қолжетімді Қазақстан" сияқты әртүрлі жобаларға шақыра бастады. Біз Астанада оқыдық, мен осы жобаның Атыраудағы өңірлік үйлестірушісі болдым".
"Қолжетімді Қазақстан" - бұл еліміздің қалаларындағы қандай қоғамдық нысандардың ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді және қауіпсіз екен, ал қайсысының қауіпті екенін көрсететін виртуалды карта. Бірақ Гүлназдың бойындағы қайсарлығы мұнымен шектелмей, мүгедектердің басындағы барлық қолайсыздықтарды сезінуі үшін, шенеуніктерді өзінің арбасына отырғызады, Атыраудағы теңіз жағалауында салынып жатқан құрылыстарды, түрлі қоғамдық ғимараттарға кіреберіс жолдарды бақылап, қадағалайды және қажет жерінде кеңесін де аямайды, тұрақтарда мүгедектер арбасының қозғалысына кедергі келтіретін ереже бұзушыларды ұстайды. Ол бір кездегі өзі сияқты төрт қабырғаға қамалып қалған жандарды өмірдің әрбір сәтіне қуана білуге үйрету үшін, Biz de Adambyz қоғамдық қорын құруға шешім қабылдайды.
"Мен "Теңізшевройл" компаниясының Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы (ӘИБ) туралы басқа қоғам қайраткерлерінен, белсенділерден естідім. Тағдыр талқысына түскен өзім сияқты жандармен бірлесе отырып, жобамызды қаржыландыруға өтінім беруге шешім қабылдадық. Ол жоба менің өзім және өмір тарихыма байланысты болатын. Оның мақсаты – мүгедектер арбасына таңылған адамдарды өз бетімен әрекет етуге және тәуелсіз болуға көмектесу үшін тиімді оңалту. Бұл жоба үйде қозғалыссыз жатқан, туған-туыстары қайтыс болып, оларға қамқорлық жасайтын ешкім болмағандықтан жалғыз қалған, өкінішке орай, тек мүгедектер үйіне апаратын жол ғана қалған жандарға арналған".
"Теңізшевройлға" алғашқы өтінімді Гүлназ 2021 жылы тапсырды. Олардың ұстанған "Бір мұқтаж жанға қарағанда көбірек адамға көмектесу" деген құндылықтары бір-біріне сәйкес келді. Компанияның арқасында Гүлназдың тағдырластары жоба бойынша Беларусь мүгедектер арбасына таңылған жандардың республикалық қауымдастығы ұйымдастырған семинарларда тәуелсіз өмір дағдылары бойынша дәріс алды. Содан кейін олар алған білімдерін Атырау облысының ерекше қажеттіліктері бар басқа да тұрғындарына үйрете бастады. Яғни, оларға теория мен практиканы өздері арбамен қозғалатын нұсқаушылар үйретті, бұл керемет нәтиже берді. Жоба аясында барлығы 40-тан астам семинарлар мен кездесулер өтті, ал "Biz de Adambyz" қорының қызметкерлері 200-ден астам адамға өздеріне сенуді және басқа да көп нәрсені үйретуге көмектесті. Гүлназдың шәкірттері мүгедектер арбасында отырса да, тәуелсіз өмір сүру үшін қажетті барлық білім мен дағдыларды – арбаны басқару дағдыларын, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану дағдыларын, негізгі құқықтық білім, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын алады. Негізінде, Гүлназ бен оның командасы бұл адамдарды толыққанды өмірге қайта оралуға көмектеседі.
“
"Бұл жоба – менің өмірім. Сондықтан бұл жоба бойынша көптеген нәтижелерге қол жеткіздік. Дәл осындай жағдайға тап болған, нақтырақ айтсақ, мүгедектер арбасына таңылған адамдар көп. Төсек тартып жатып қалғандар үшін бұл өте қиын нәрсе: бір кездері сізде бәрі де болған, енді сіздің ешкімге керегіңіз жоқ, ешкім сіздің атыңызды атап, есіне де алмайды. Көбінесе адамдар жылдар бойы күйзеліске түсіп, үйден шықпай қалады. Ал ең қиыны - адамдарға жаңа өмірін қабылдау. Адамдар ешкімге қажетсіз болып қалады, түсінесіз бе? Ал қазір біздің істеп жатқанымыз оларға үлкен қолдау. Адамдар мүгедектер арбасына таңылғанда өмірдің мұнымен бітпейтініне, қанша қиын болса да, әрі қарай өмір сүру керек екенін түсінеді. Сондықтан жоба оларды тәуелсіз болуға, киіну, шешіну сияқты қарапайым әрекеттерді үйретуге бағытталған. Ең бастысы – тәуелсіздік, ешкімнің көмегіне мұқтаж болмасаң, тәуелсіз адамсың".
"Мен Сашаны бұрыннан білемін. Ол 18 жасында суға секіріп, мүгедек болып қалды, алдымен оған анасы қарады, кейін ол жалғыз қалды. Ол менің көмектесуімді өтінді, содан бері көмектесіп келемін".
Гүлназдың айтуынша, оның жұмыс барасындағы ең әсерлі оқиға атыраулық Сашамен байланысты. Бірақ ол туралы айту оған оңай емес, көңіл-күйі бұзылады. "Мен Сашаны бұрыннан білемін. Ол 18 жасында суға секіріп, мүгедек болып қалды, алдымен оған анасы қарады, кейін ол жалғыз қалды. Ол менің көмектесуімді өтінді, содан бері көмектесіп келемін".
ТШО-ның да, қордың да мүмкіндігінше аз қозғалатын адамдарды әртүрлі көмекпен қамтуға деген ұмтылысы қоғамдық орындарда қызмет көрсетуші персонал арасында шеберлік сағаттарын өткізуге ұласты. Осылайша, қор Атырау әуежайы мен теміржол вокзалының қызметкерлерін мүгедектер арбасын пайдаланушыларға дұрыс көмек көрсетуге үйретті.
Қордың "Теңізшевройл" қолдаған тағы бір жобасы – "Кедергісіз Атырау". Қаладағы қоғамдық ғимараттар мен нысандардың 80 пайыздан астамы әлі күнге дейін арбаға таңылған тұрғындар үшін қолжетімсіз. Биыл жоба командасы шенеуніктермен және белсенділермен бірге 49 мониторингтік тексеруге шығып, 400-ден астам нысанды аралады. Олардың әрқайсысының мүмкіндігі шектеулі тұрғындар үшін қолжетімділік мәртебесін анықтады. Сонымен қатар, 10 шақты нысанның иелері ғимараттарын ерекше қажеттіліктері бар адамдарға ыңғайлы болуы үшін қайта жабдықтады. Қалған меншік иелері әзірге кедергісіз ортаны құрудың ең жақсы жолын талқылап, шешуде.
Саяхаттауды жақсы көретін Гүлназ бұл қолжетімділікті басқа елдермен салыстырады.
"Мен көптеген елдерде болдым және "Есіктен кіре аламын ба" деп ойламайтындай қолжетімділіктің барлық жерде болуы керек екеніне көз жеткіздім. Өйткені, сіз тіпті жуынатын бөлмеге де жиі кіре алмайсыз, пандустың болмауы немесе өткелдер тым тар немесе табалдырықтар жоғары болуы себепті ғимараттарға да кіре алмайтын кездер болады. Мен болған елдерде 100 пайыздық қолжетімділік жоқ. Дегенмен кез келген жерде өзіңіз үшін қызықты нәрсе таба аласыз. Грузияда маған қатты ұнады, Шри-Ланка мен Түркияны жақсы көремін".
"Қолыңнан ештеңе келмей, шарасыз күйде боласың. Бірақ білекті сыбанып жіберіп, қайтадан іске кірісесің. Сондықтан менің үйден шығуыма, белсенді болуыма, игі істер жасауыма қолдау білдіріп жатқан барша жандарға алғысым шексіз".
Гүлназ жетекшілік еткен жобаларға 110 ерікті жұмылдырылды, 10 реабилитолог-нұсқаушы оқытылып, сертификат алды. Оның айтуынша, жобалардағы жетістіктерге қарамастан, күйзеліске түсіп кететін кездер де болады.
Биыл Гүлназ облыстық мәслихаттың депутаты атанды, сонымен қатар ол –Атырау облысы әкімінің мүгедектер мәселелері жөніндегі кеңесшісі. Бір кездері үмітін үзген ол қазір болашақтан күдер үзіп, өмірден түңілген жүздеген адамдарға көмектесе алады. Гүлназ өз оқырмандарына шарасыз қалып, шағымданумен ештеңе шешілмейтінін, сондықтан бір нәрсені өзгерту керек екенін үнемі айтып отырады. "Егер сіз қиындықты жеңе алмаймын деп ойласаңыз, қателесесіз, сіз бәрін де жеңесіз және бұдан жақсы болатынына сеніңіз, өйткені басқа өмір болмайды".
Анықтама:
"Теңізшевройл" Атырау мен Атырау облысындағы әлеуметтік жобаларды екі ерікті бағдарлама арқылы қаржыландырады:
- Hight Quality"Игілік" әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы. Оның аясында әлеуметтік инфрақұрылым нысандары салынуда: балабақшалар, мектептер және т. б.
- Good SupportӘлеуметтік инвестициялар бағдарламасы. Бұл бағдарлама денсаулық сақтау, білім беру сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, әлеуметтік кәсіпкерлік пен азаматтық қоғамды дамытуға бағытталған.
"Игілік" әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағдарламасы "Атырау Бонус қоры" бағдарламасын ауыстырды. Соңғысының аясында 1993 жылдан 1998 жылға дейін қалаға газ жүргізілді – бұған дейін барлық тұрғындар газ баллондарын пайдаланып келген. Сондай-ақ, нан зауытының құрылысы аяқталды – ескі зауыт нан тапшылығын жеңе алмаған еді. Жаңа қазандық салынды, су тазарту қондырғылары, т.б. жаңартылды.
1993 жылдан бастап ТШО Атырау облысындағы мектептер, ауруханалар, демалыс аймақтары, балабақшалар және басқа да жалпы пайдалану объектілері сияқты әлеуметтік нысандарды салуға және жақсартуға бағытталған 120-дан астам әлеуметтік жобаға 360 миллион доллардан астам инвестиция салды. Олардың ішінде 3320 орындық 15 балабақша, 4000-нан астам оқушыға арналған 7 мектеп, 4 спорттық-сауықтыру кешені, Құлсарыдағы 3000 орындық орталық стадион, 3 аурухана мен жедел жәрдем ғимараты, университет пен колледждерге арналған 3 нысан және басқа да инфрақұрылымдық жобалар бар. 2023 жылы "Игілік" бағдарламасының бюджеті 25 миллион долларды құрайды.
Бағдарлама шеңберінде қаржыландырылатын жобалардың тізімі жыл сайын облыс әкімдігімен талқыланады. Бұл ретте, облыс тұрғындарының қажеттіліктері ескеріледі, пайдалануға берілген барлық объектілер мемлекетке меншікке беріледі. Бағдарламаның арқасында ТШО жаңа нысандарды салу және оларға қызмет көрсету есебінен мыңдаған жаңа жұмыс орындарын ашты. Мысалы, әр балабақшада тәрбиешілер, мұғалімдер, медбикелер және басқа қызметкерлер үшін 40-70 жұмыс орны ашылады.

Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы 2010 жылы іске қосылды. Үкіметтік емес ұйымдар Атырау облысында өздерінің әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін қаржыландыруға "Теңізшевройл" компаниясына өтінім береді. Критерийлерді ескере отырып, ТШО таңдаған жобалардың тізімін мына жерден көруге болады. "Теңізшевройл" бағдарлама аясында Атырау және Маңғыстау облыстарындағы ҮЕҰ-ның 123 әлеуметтік жобасын қаржыландырды.
2010 жылдан бастап білім беру саласында 40-тан астам жоба жүзеге асырылды. Олардың ішінде қазақ тілін, цифрлық дағдыларды үйрену, ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, кәсіптік бағдар беру, инклюзивті білім беруді қолдау және STEAM (science, technology, engineering and mathematics - жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерия және математика) бар.

Атырау облысындағы денсаулық сақтау саласындағы жобаларға мыналар кіреді:
– туберкулездің алдын алу шаралары;
– иппотерапия арқылы балалар мен ересектерді оңалту;
– Жылыой ауданының тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуде жұқпалы және жұқпалы емес аурулармен күресу үшін қызметтер көрсетуді жақсарту;
– мүмкіндігі шектеулі жандарды тиімді оңалту;
– денсаулық және аурудың алдын алу, пандемияға және оның салдарына байланысты проблемалық мәселелерді шешуді қоса алғанда;
– әртүрлі аурулардың анықталуын арттыру үшін емдеу мекемелерінің диагностикалық мүмкіндіктерін кеңейту.
2023 жылы компания Атырау облысында және Маңғыстау облысының Боранқұл ауылындағы денсаулық сақтау, білім беру салаларындағы, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытуға арналған 21 әлеуметтік жобаға 2,5 миллион АҚШ долларын бөлді.
"Теңізшевройлдың" Атырау облысы мен Жылыой ауданындағы демеушілік қолдауы. 2023 жылы 2 миллион АҚШ долларынан астам қаржығы 6 жедел жәрдем көлігі, 4 арнайы техника, инватакси сатып алынды. Жылыой ауданының мүгедектер қоғамына бимен және спортпен шұғылдануға арналған арнайы мүгедектер арбалары, ал ауданның Мәдениет үйіне музыкалық жабдықтар, сахналық костюмдер сатып алынды. Облыстың медициналық ұйымдары үшін медициналық жабдықтарды сатып алуға ТШО соңғы бес жылда 5 миллион АҚШ долларынан астам қаражат бөлді.