"Реал" "Барселонадан" 7 ұпай озып, чемпиондыққа жақындай түсті (видео)

"Реал" "Барселонадан" 7 ұпай озып, чемпиондыққа жақындай түсті (видео)
Фото: footballua.tv

Ла Лиганың 34-турында "Реал" "Атлетик Билбаоны"  1:0 есебімен ұтты. Матчтың 73-ші минутында Марселоға қолданылатын дөрекілік VAR жүйесі арқылы анықталды. Мадридтің капитаны Серхио Рамос пенальтиді сәтті орындап, "Реал" маңызды 3 ұпайды иеленді.

Айта кету керек, бұдан бұрынғы "Хетафемен" ойында да Рамос пенальти орындап, "Реал" жеңіске жеткен болатын. Корольдік клуб капитаны кейінгі бес ойынның төртеуінде гол соғып, Мадридтің жеңісіне өз үлесін қосты.

Осы жеңістен кейін "Реалдың" ұпай саны 77-ге жетті, ал екінші орында тұрған "Барселонамен" айырмашылық енді 7 ұпай.

"Атлетик Бильбао" - "Реал Мадрид"

Гол: 0:1 – 73, пенальти Рамос.

"Атлетик" – Унаи Симон, Мартинес, Капа, Йерай Альварес (Нуньес, 21), Берчиче, Унаи Лопес (Весга, 63), Дани Гарсия (Сансет, 78), Рауль Гарсия, Кордоба (Де Маркос, 63), Муниаин, Уильямс (Вильялибре, 78).

"Реал Мадрид" – Куртуа, Карвахаль, Рамос, Милитао, Марсело, Каземиро, Вальверде (Кроос, 85), Родриго (Васкес, 74), Модрич, Асенсио (Винисиус Жуниор, 74), Бензема (Йович, 90).

Ескерту:

Рауль Гарсия (39), Дани Гарсия (73), Рамос (90), Каземиро (90), Муниаин (90), Берчиче (90), Карвахаль (90).

Т. Раушанұлы