Champions Swim Series. Баландин финалдық кезеңде күміс алды

О Сансызбай Корреспондент
Champions Swim Series. Баландин финалдық кезеңде күміс алды
Фото ©️ olympic.kz

АҚШ-тың Индианаполис қаласында жүзуден әлемдік Champions Swim Series турының финалдық кезеңі өтті. Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуде күміс жүлде еншіледі.

БӨЛІСУ

Қазақстандық спортшы аталған қашықтықты 2 минут 10.02 секундта жүзіп өтіп, ресейлік Антон Чупковты ғана алға оздырып алды. Екі спортшының арасын 1,04 секунд қана бөлді. Қола медаль нидерландылық спортшы Арно Каммингаға бұйырды.

Еске сала кетейік, Дмитрий Баландин Будапештте өткен турнирдің екінші кезеңінде қола медаль жеңіп алған болатын. Ал турнирде жеңіске жеткен ресейлік Антон Чупков Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. 

Жүзуден Champions Swim Series турнирінің финалдық кезеңі, 200 метр, брасс. Ерлер:

1. Антон Чупков (Ресей) - 2.08.98
2. Дмитрий Баландин (Қазақстан) - 2.10.02
3. Арно Камминга (Нидерланд) - 2.10.04