Данияр Елеусінов 15 наурызда мексикалық боксшымен жұдырықтасады

Данияр Елеусінов 15 наурызда мексикалық боксшымен жұдырықтасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов 15 наурыз күні мексикалық боксшы Карлос Химнеспен жұдырықтасады. Бұл туралы BoxRec сайты хабарлады.

Жекпе-жек Филадельфиядағы (Пенсильвания, АҚШ) Liacouras Center шаршы алаңында өтеді. 8 раундқа жоспарланған.

29 жастағы мексикалық спортшы кәсіпқой бокста 25 жекпе-жек өткізген. Оның 14-де жеңіске жеткен. 9 рет қарсыласына есе жіберген. Оның бірінде нокаутпен ұтылған. Ал бір кездесуінде қарсыласымен тең түскен. Соңғы рет 2018 жылдың қазан айында шаршы алаңға шығып, канадалық боксшы Матье Жерменнен жеңілген.

Екі боксшы жұдырықтасатын бокс кешінде Геннадий Головкиннің қарсыласы болған Габриэль Росадо да жекпе-жек өткізеді. Сондай-ақ Олимпиада чемпионы Кэти Тэйлор да шаршы алаңға шығады.

Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа 2018 жылдың наурыз айында біржола ауысты. Одан бергі аралықта 5 рет шаршы алаңға шығып, барлығында жеңіске жетті.

Соңғы рет Монакода никарагуалық боксшы Маркос Мохиконы нокаутпен жеңді.  


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар