2018 жылғы Қазақстан премьер-лигасының ең үздік жаттықтырушысы анықталды

2018 жылғы Қазақстан премьер-лигасының ең үздік жаттықтырушысы анықталды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы 2018 жылғы маусымның ең үздік жаттықтырушысын анықтады. Бұл марапатқа "Астана" футбол клубының бас бапкері Григорий Бабаян ие болды.

Үздік жаттықтырушы клуб басшылары, бас жаттықтырушылары мен команда капитандарының дауыс беруі бойынша анықталды. Әр дауыс беруші үздік үш жаттықтырушының есімін атаған. Бірінші есімін атаған жаттықтырушыға- 3 ұпай, екінші орынға - 2 ұпай, үшінші болып үздіктер тізіміне енген маманға 1 ұпайдан берілген. Қорытындысында 70 ұпайға ие болған Григорий Бабаян 2018 жылғы маусымдағы Қазақстан премьер-лигасының ең үздік жаттықтырушысы атанды.

"Жетісу" футбол клубының бас жаттықтырушысы Дмитрий Огай 47 ұпаймен екінші орыннан көрінді. Үздік жаттықтырушылар үштігін "Ақтөбе" клубының маманы Владимир Мұқанов (42 ұпай) түйіндеді.

Айта кетейік, осыған дейін "Ақтөбе" футбол клубының армениялық легионері Маркос Пизелли 2018 жылғы Қазақстан премьер-лигасындағы ең үздік ойыншы атанған болатын. 

Клуб басшыларының дауыс беру нәтижесі

Клуб жаттықтырушыларының дауыс беру нәтижесі

Клуб капитандарының дауыс беру нәтижесі


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар