Бүгін "Астананың" Еуропа лигасындағы қарсыластары анықталады

О Сансызбай Корреспондент
Бүгін "Астананың" Еуропа лигасындағы қарсыластары анықталады
Фото ©️ Астана ФК

Бүгін Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққан "Астана" футбол клубының қарсыластары анықталады. Жеребе тарту рәсімі Монакода өтеді.

БӨЛІСУ

Топтық кезеңге жолдама алған 48 команда УЕФА-дағы рейтингтік көрсеткіштері бойынша төрт себетке бөлінді. Елордалық ұжым үшінші себеттен орын алды. Жеребе кезінде әр себеттен бір-бір командадан таңдалып, 12 топқа бөлінеді.

Бірінші себет: "Арсенал", "Зенит", "Лион", "Динамо" Киев, "Вильярреал", "Атлетик", "Лацио", "Милан", "Виктория Плзень", "Ред Булл Зальцбург", "Копенгаген", "Брага".

Екінші себет: "Стяуа", "Лудогорец", БАТЭ, "Эвертон", "Янг Бойз", "Марсель", "Реал Сосьедад", "Маккаби" Тель-Авив, "Локомотив", "Аустрия", "Герта", "Ницца".

Үшінші себет: "Астана", "Партизан", "Хоффенхайм", "Кельн", "Риека", "Витория Гимарайнш", "Аталанта", "Зюлте-Варегем", "Заря" Луганск, "Русенборг", "Шериф", "Хапоэль" Беэр-Шева.

Төртінші себет: "Аполлон" Лимасол, "Истанбул ББ", "Коньяспор", "Витесс", "Славия" Прага, "Црвена Звезда", "Скендербеу", "Злин", АЕК Афины, "Лугано", "Вардар", "Эстерсунд".

Жеребе тарту рәсімі Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Тікелей эфирде "Qazsport" арнасы көрсететін болады.