Бауыржан Исламхан ұлттық құраманың алдағы үш ойынына қатыспайды

О Сансызбай Корреспондент
Бауыржан Исламхан ұлттық құраманың алдағы үш ойынына қатыспайды
Фото ©️ vesti.kz

"Қайрат" футбол клубының капитаны Бауыржан Исламхан ұлттық құраманың алдағы үш ойынына қатыспайды. Бұл туралы Kazfootball.kz сайты хабарлады.

БӨЛІСУ

Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы 10 маусым күні Данияға қарсы ойында дөрекі ойнағаны үшін алаңнан қуылған еді. УЕФА шешімі бойынша Бауыржан алдағы үш ойынға қатыспайтын болды. Қазақстанның келесі үш ойыны Черногория, Польша және Румыния құрамаларына қарсы өтетін болады.