Мейвезер: "36 минут ішінде 300 миллион доллар табыс табамын"

Жандарбек Жұмағұлов Корреспондент
Мейвезер: "36 минут ішінде 300 миллион доллар табыс табамын"
Фото ©️ fighttime.ru

Бокстан әртүрлі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезер 36 минут ішінде UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегормен өтетін жекпе-жектен қанша табыс табатынын айтты. Бұл туралы kaz.vesti.kz хабарлады. 

БӨЛІСУ

"Біз төрт не бес жылдық келісімшарт жайлы айтып отырғанымыз жоқ. Мен оны 36 минуттың ішінде тындырамын. Үш жүз миллион доллар не одан да көп қаражат. 36 минут ішінде",– деп жазады TMZ Мейвезердің сөзін.

Осыған дейін екі спортшының да осы жекпе-жектен кепілденген 100 миллион доллар алатыны хабарланған болатын. Бірақ қазіргі уақытта бұл жекпе-жектің билеттерін сату барысында қиындықтар туындап отыр. Сондықтан да алдағы уақытта екі спортшының сыйақы көлемі өзгеруі мүмкін. 

Естеріңізге сала кетейік, кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы "T-Mobile Arena" кешенінде өтеді. Бұл жекпе-жектің ұйымдастырушылары кездесуден 100 миллион доллар табамыз деп жоспарлап отыр. АҚШ жерінде кездесуді Showtime арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді.