
Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Арман Әшімов алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
БӨЛІСУ

Ингушетияда өткен M-1 Challenge 81 турнирде жеңіліс дәмін татпаған Гаджимурад Алиевпен (6-1-0) жұдырықтасты. Жерлесіміз қарсыласын екінші раундта жойқын соққысымен сұлатып түсірді.
Жекпе-жекті жүргізген комментатор қазақстандықтың жасаған соққысын «адамшошырлық» деп бағалады.
Аталмыш жекпе-жектен соң ұйымдастырушылары қазақстандық спортшының өнеріне жоғары баға беріп, бірден келісімшарт ұсынған.