«Реал» Испания кубогынан шеттетілді

О Сансызбай Корреспондент
«Реал» Испания кубогынан шеттетілді
Фото ©️ eurocups-uefa.ru

Мадридтік «Реал» 2015/2016 жылғы маусымдағы Испания кубогынан шеттетілді. «Корольдік клуб» 1/16 финалдағы «Кадиске» қарсы ойында алаңға шығу құқығы жоқ Денис Черышевті ойнатқан.

БӨЛІСУ

Мадридтік клуб сапында ойнайтын Денис Черышевтің «Кадиске» қарсы ойынға қатысу құқығы болмаған. Ал «Реал» клубының бапкерлері мен басшылығы мұны ескерусіз қалдырып, футболшыны бірінші минуттан алаңға шығарған. Негізгі құрамда алғаш рет шыққан Денис Черышев 3 минутта-ақ ойындағы есепті ашқан болатын.

Денис Черышев өткен маусымда «Вильярреал» клубының сапында ойнады. Испания кубогы ойындарында үш сары қағаз алуына байланысты «Кадиске» қарсы кездесуге қатыспауы тиіс болған. Алайда мадридтік клуб басшылығы мұны ескермеген. Нәтижесінде «Реал» Испания корольдік футбол қауымдастығының шешімімен кубок ойындарынан шеттетілді.