Қазақстанның ең сұлу қыздары "Астана" – "Бенфика" матчын қалай тамашалады

Серікбол Ерсін Корреспондент
Қазақстанның ең сұлу қыздары "Астана" – "Бенфика" матчын қалай тамашалады
Фото ©️ Instagram

"Қазақстан аруы-2015" байқауының қатысушылары кеше сағат 21:00-де болған "Астана"  "Бенфика" арасындағы ойынды тамашалады. Қазақстанның ең сұлу арулары "Астана-Арена" стадионындағы матчтан алған әсерін назарларыңызға ұсынамыз.

БӨЛІСУ

Жарияланған суреттерге қарағанда арулар матчты көріп қана қоймай, селфи жасап та үлгергенге ұқсайды.

Арулар "Астана" командасына деген қолдауын елордалық клубтың таңбасы бар мойынорағыш тағып байқатты. Бірі оны мойнына ораса, енді бірі басына тағып алды.

"Қазақстан аруы-2015" қатысушыларына жақын отырған жігіттер де қолайлы сәтті жібермей, олармен суретке түсіп үлгерген.

Жазылған пікірлер қарағанда матч қыздарға қатты ұнаған көрінеді: 

"Біздің "Астана" ФК  жарадыңдар. Барын салды. Ал біз қуана-қуана қолдадық",  деп жазды қарағандылық ару.

"Матчтан кейін қыздар ойламаған жерден футболды жақсы көріп кетті", − деп жазды ақтаулық сұлу.

"Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің бесінші туры ойынында португалиялық "Бенфикамен" тең ойнадыАйта кететіні, биыл "Қазақстан аруы-2015" байқауы 10 желтоқсанда Астанада өтеді.

Дереккөз: tengrinews