20 миллион доллар берсеңдер ғана Головкиннің салмағына түсемін - Стивенсон

Мақпал Бисембаева Корреспондент
20 миллион доллар берсеңдер ғана Головкиннің салмағына түсемін - Стивенсон
Фото ©️ tn.kz

WBC тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Адонис Стивенсон Геннадий Головкинмен жекпе-жек үшін орта салмаққа түсуге дайын екенін хабарлады. Ол жақсы гонорар алғысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

БӨЛІСУ

"Мен мансабымды 168 фунт салмақ дәрежесінде бастадым, мұны жалғастырар едім, бірақ қаламадым. Мен қазіргі салмағымда өзімді жақсы сезінемін, егер сіздер маған 20 миллион доллар ұсынбасаңыздар, орта салмаққа түспеймін", - деді Адонис Стивенсон.

Ол Головкиннің мықты боксшы екенін айтты. "Головкин шынымен де мықты. Оның техникасы, күші және қабілеті ерекше. Осыған дейін айтқанымдай, мен өзімді өз салмағымда жақсы сезінемін. Маған ақша көрсетіңіздер!", - деді ол.