Ел футболындағы соңғы жаңалықтар

О Сансызбай Корреспондент
Ел футболындағы соңғы жаңалықтар

Футболдан ел премьер-лигасының жаңа маусымының басталуына да аз уақыт қалды. Қазіргі таңда командалар соңғы дайындықтарын пысықтап, қатарларын толықтыруда. Назарларыңызға ел футболындағы соңғы жаңалықтарды ұсынатын боламыз.

БӨЛІСУ

 Суперкубок ойындарында Чемпиондар лигасының билеті ойнатылады

1 наурыз күні Елорданың «Астана» клубы мен Алматының «Қайраты» ҚР Суперкубогын сарапқа салады. Жиналған жанкүйерлерді тартысты кездесумен қатар, Чемпиондар лигасы финалының үш билеті де күтетін болады. Сонымен қатар, басты жүлде де бар. Ол - Берлинге берілер саяхат жолдамасы мен «Olimpiastadion» стадионында өтетін финалға екі жолдама. Кездесу билеттері 300, 500 теңгеден сатылуда. Жанкүйер болып барып, жеңімпаз атанып қайтуларыңызға зор мүмкіндік бар.

Айта кетейік, 2014/2015 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы Берлин қаласындағы «Olimpiastadion» стадионында өтеді. Қазіргі таңда дүбірлі доданың 1/8 финалының ойындары өтуде.

«Ордабасыға» шабуылшы келді 

Өзбекстандық шабуылшы Александр Гейнрих алдағы маусымда шымкенттік «Ордабасының» намысын қорғайтын болды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

Футболшы мен клуб арасындағы келісімшарт мерзімі мен уақыты белгісіз қалып отыр. Өзбекстан құрамасында ойнаған Александр Гейнрих үшін Қазақстан премьер-лигасы таңсық емес. Ол осыған дейін 2012-2014 жылдар аралығында «Ақтөбе» командасының намысын қорғаған болатын. 52 кездесуге қатысып, 15 голдың авторы атанған. Осыған дейін павлодарлық «Ертіс» те бұл ойыншыны қатарларына қосатыны туралы айтылған еді. Бірақ, аса қатты емеурін танытпағаны белгілі болды. Оны футболшының өзі растап отыр.

Буркино-Фасоның үздік шабуылшысы «Ертіске» ауысты 

Буркино-Фасо ұллтық құрамасының ойыншысы Аристид Бансе павлодарлық «Ертіс» сапын толықтырды. 30 жастағы футболшы спорттық мансабында 12 клубтың қатарында ойнаған екен. Олардың қатарында "Локерен", "Жерминаль Беерсхот", "Металлург Дц", "Майнц", "Аугсбург", "Киккерс", "Фортуна", "Аль-Ахли", "Умм-Салаль", "Самсунспор" және ХИК клубтары бар. 2009 жылы неміс бундеслигасында 30 ойынға қатысып, 10 гол соққан. Ал ұлттық құрамасымен 47 ойын өткізіп, 13 голдың авторы атанған екен.

Айта кетейік, «Ертіс» командасы осыған дейін Самат Смақов, Давид Лория, Александр Кислицын, Алишер Сулей, Казбек Гетериев, Владимир Седельников, Пиралы Алиев, Сергей Игнатьев, Артем Самсонов, Алан Гатагов, Иван Граф және Изу Азуканы қатарларына қосқан болатын.

«Тараз» және «Ертіс» клубтары жаңа маусымдағы құрамын жариялады

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында өнер көрсететін тараздық «Тараз» және павлодарлық «Ертіс» футбол клубтары 2015 жылғы маусымда доп тебетін футболшыларының тізімін жариялады.

«Тараз» командасы:

Қақпашылар:
№ 1 Александр Григоренко (1985);
№ 24 Журахон Бабаханов (1991);

Қорғаушылар:
№ 2 Данияр Баялиев (1993);
№ 4 Илья Воротников (1986);
№ 14 Денис Васильев (1987, Украина);
№ 22 Мадияр Нұралы (1995);
№ 31 Мақсат Әмірханов (1992);

Жартылай қорғаушылар:
№ 3 Дмитро Башлай (1990, Украина)
№ 5 Йован Голич (1986, Сербия)
№ 6 Абзал Таубай (1995);
№ 7 Эдуард Сергиенко (1983);
№ 10 Жақып Қожамберді (1992);
№ 19 Дмитрий Евстигнеев (1986);
№ 20 Корнелис Уббинк (1993, Нидерланд);
№ 23 Тимур Досмағамбетов (1989);
№ 30 Евгений Аверченко (1982);
№ 77 Альмир Мухутдинов (1985);

Шабуылшылар:
№ 9 Санат Жұмаханов (1987);
№ 11 Бауыржан Шерхан (1992);
№ 27 Александр Яровенко (1987, Украина).

Бас бапкер — Евгений Яровенко (Украина).

«Ертіс» командасы:

Қақпашылар:
№ 21 Никита Калмыков (1989);
№ 1 Давид Лория (1981);

Қорғаушылар:
№ 3 Владислав Чернышов (1981); 
№ 19 Григорий Сартаков (1994); 
№ 2 Владимир Седельников (1991);
№ 5 Пиралы Алиев (1984);
№ 4 Александр Кислицын (1986);
№ 25 Руслан Есімов (1990); 
№ 23 Захар Коробов (1988); 
№ 22 Артем Самсонов (1989, Ресей);
№ 55 Иван Граф (1987, Хорватия);

Жартылай қорғаушылар
№ 14 Азат Ерсалимов (1988);
№ 8 Самат Смақов (1978);
№ 13 Алибек Аяғанов (1992); 
№ 17 Абылайхан Тотай (1992); 
№ 10 Әлішер Сүлей (1995);
№ 27 Сергей Игнатьев (1986, Россия);
№ 7 Алан Гатагов (1991, Россия);
№ 33 Казбек Гетериев (1985);
№ 11 Еркебұлан Нұрғалиев (1993);

Шабуылшылар
№ 9 Қуаныш Бегалин (1992); 
№ 30 Константин Дудченко (1986, Украина); 
№ 89 Изу Азука (1989, Нигерия).

Қазақстан футбол клубтарының футболшылар тізімін жариялау 3 сәуір күні аяқталады. Құрамдағы футболшылар тізімі өзгеруі мүмкін.  

Сурет: kff.kz

Оқи отырыңыз:

Ерлан Қожағапанов: Қазақстанда әрбір бала футболмен айналысуға мүмкіндік алса деп армандаймын

Қазақстан футбол федерациясына жаңа президент сайланды

Қазақстан құрамасы Ресеймен жолдастық кездесу өткізетін болды