Паралимпиада ойындары мәресіне жетті

О Сансызбай Корреспондент
Паралимпиада ойындары мәресіне жетті

Сочиде ХІ қысқы Паралимпиада ойындары салтанатты түрде жабылды. Бұл туралы «Фишт» стадионындағы кеште Халықаралық паралимпиадалық комитеттің президенті Филип Крейвен мәлімдеді.

БӨЛІСУ

7 наурыз күні басталған аламанға әлемнің 45 елінен 567 спортшы қатысты. 5 спорт түрінен (шаңғы спорты, биатлон, тау шаңғысы, следж-хоккей және керлинг) сынға түскен паралимпиадашылар 72 медальдар жиынтығын сарапқа салды. Жалпыкомандалық есепте жарыс қожайындары барлығы 80 жүлдемен рекорд орнатты. Өкінішке орай, ел намысын қорғаған 5 спортшы жүлделі орындарға іліге алмады.

Медальдар жиынтығы

 Орын  Мемлекет     Алтын         Күміс         Қола         Барлығы    
1 Ресей 30 28 22 80
2 Германия 9 5 1 15
3 Канада 7 2 7 16
4 Украина 5 9 11 25
5 Франция 5 3 4 12
6 Словакия 3 2 2 7
7 Жапония 3 1 2 6
8 АҚШ 2 7 9 18
9 Австрия 2 5 4 11
10 Ұлыбритания 1 3 2 6
11 Норвегия 1 2 1 4
11 Швеция 1 2 1 4
13 Испания 1 1 1 3
14 Нидерланды 1 0 0 1
14 Швейцария 1 0 0 1
16 Жаңа Зеландия  0 1 0 1
16 Финляндия 0 1 0 1
18 Беларусь 0 0 3 3
19 Австралия 0 0 2 2

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: altapress.ru