Жоан Роулиң балаларға арналған повесін жариялауды бастады
"Хәрри Поттер" кітабының авторы бұл туындысын 10 жыл бұрын жазған.
Танымал британ жазушысы Жоан Роулиң балаларға арналған повесін интернетте жариялай бастады. «Хәрри Поттер» кітабының авторы бұл туындысын 10 жыл бұрын жазған. Көңілінен толық шықпағандықтан шимай дәптерінде қалып қойған.
Бұл ертегіні кішкентай кезінде екі балама кешкісін оқып беретінмін. Олардың есінде әлі бар. Шығарма солардікі десем де болады. Сол бір отбасылық бақытты шақтың естелігі іспетті, - дейді жазушы.
Жазушының балаларға арналған бұл шығармасы «Икабог» (The Ickabog) деп аталады. Шимай дәптеріндегі туындыны қайта қарап, өңдеп жазып шыққан. Оны енді бөлім-бөлім бойынша 10 шілдеге дейін жұмыс күндері арнайы сайтында жариялап тұрады. Одан кейін сатылымға шығады.
Британдық жазушы жаңа шығармасының алғашқы екі бөлімін жариялады. «Икабог» 7-9 жастағы балаларға арналған. Оқып шығуына да жеңіл.
Жоан Роулиң өз сайтында жазғандай, «Икабог» жайлы шығарма бастау «Хәрри Поттерді» жазып жүргенде-ақ ойында болған. Бастап та қойған. Бірақ көзілдірік таққан сиқыршы жайлы жазған кітабы жарыққа шыққаннан кейін басқа туынды жазуды бастап кеткен. Ал «Икабог» қалып қойған.

Повесть оқиғасы ойдан құралған Корнукопия деген патшалықта өтеді. Таққа ержүрек Фред отырады.
Патша шалқып өмір сүреді. Кеңесшілері мен қызметкерлерінен еш жұмыс артылмайды да. Достарымен аңға шығып, көңіл көтеріп күнін өткізе береді. Қасындағы жолдастарының өз жері, өз үйі болса да, патшамен бірге тамақ ішіп, патшамен бірге аң аулаудан қалмайды. Олардың мақсаты – патшаның шаңырақ көтермеуі. Үйленетін болса патшайым бар қызықтан қаға ма деп қорқады. Ал Фред болса достарының бұл пиғылынан бейхабар еді. Ең бақытты хандықтағы шалқыған өміріне масаттанып күн кешеді.
Корнукопияда көп проблема жоқ. Патшалық жасыл орман мен тұнық өзен жағасында орналасқан. Сиыры мен шошқасы да көп. Жеміс-жидектің түр-түрі табылады. Ірімшік пен тәтті тағамдар мол. Тек бір аймақта ғана тәтті жеміс-жидектердің орнына дәмсіз саңырауқұлақтар мен қаулаған шөп өседі. Адамдары да басқаша болады. Аңыз бойынша сол жақта Икабог құбыжығы өмір сүреді деп айтылады. Ол қойды, балаларды, тіпті кейде ересектерді де азық етеді-міс.
Құбыжық қандай екенін ешкім білмейді. Біреулер оны жыланға ұқсайды десе, енді біреулер қасқыр, тағы біреулер айдаһарға ұқсатады. Бәрі де айрықша қабілетке ие екенін аңғартады. Ол тіпті адамның тілінде сөйлей алуы да мүмкін деседі. Егер құбыжық жарақат алса, тез жазылып кетеді немесе екі жарылады дейтіндер де бар. Икабог ұша да алады, аузынан от шашып, у атады да екен.
Икабок жайлы аңыз ұрпақтан-ұрпаққа айтылып, осы күнге дейін жеткен. Оның атын айтып ұйықтамай қойған балаларды қорқытатын да болған. Оған сенбейтіндер де бар. Ол – ешкім біле бермейтін құпия құбыжық. Бірақ бақытты патшалық осы құбыжықпен кез келеді...

Жоан Роулиң «Икабог» жанрын "саяси ертегі" деп те түсіндіреді.
Икабог – билікті асыра сілтеу жайлы тарихи шындық. Бұл туралы жазу менің ойыма 10 жыл бұрын келген. Сондықтан оны қазіргі қоғамдағы жағдаймен салыстыруға келмейді. Себебі бұл қай кезде болсын, қай елде болсын, әрқашан да мәңгілік тақырып.
Повесть theickabog.com. сайтында 10 шілдеге дейін жарияланады. Қараша айында кітап басылады. Сондай-ақ электрон және аудио нұсқалары да дайындалып, сатылымға шығады. Өзге тілге де аударылады.
Шығармадан түскен қаржы қайырымдылық мақсатта жұмсалады. Оның ішінде коронавирустан зардап шеккен балалар денсаулығына бағытталмақ.
Дайындаған:
Нұржамал Үсенова