ДАНИЯР САЛАМАТ, КИНОРЕЖИССЕР:
Киноның әліппесі – сурет пен әдебиет
– Сен бе менің тергеушім?
– Иә...
– Бұрышқа тақап қинамайсың ба?
– Жоқ, аға.
– Әй, сенің кей сұрақтарыңа миым жетпей қала ма деп қорқып отырмын!
– Біразына менің де миым жетпейді, аға. Соны ақылдасып, жауабын тапсақ па деп отырмын.
– Ә, ендеше көрейік...

Біздің алғашқы диалогымыз академия ішіндегі кинозал алдында осылай басталды. Сұхбаттасатын ыңғайлы орын іздеп сыртқа шықтық. Көктем жақын дегендей күн жымиып тұр. Академияға қарама қарсы NOBEL деген кафені көзіміз шалды. Ең жақын жер сол болғандықтан, ат басын солай қарай бұрдық. «Асай-мүсейін» дайындап алған Ернар әр адымымызды шырт еткізіп тарих таспасына жазып келеді. Кафеде адам қарасы аз екен. Тарантино кадрларындай қызылды-жасылды дәмхана ішінде «Кар Вай аурасы» есіп тұр. Бұрыш жақтағы терезеге жақын, «режиссерский» орынды таңдап алдық.
Көмейде онсыз да лықсып тұрған сұрақтардың шыдамы жетпеді білем, отырар-отырмас кино туралы сайрай жөнелдім...

« Қытайдың танымал режиссері Чжан Имоу кино өнеріне сурет түсіріп жүріп келді, ал Китано қаламын камераға ауыстырды, сол сияқты Дәрежан Өмірбаев кездейсоқ көрген газеттегі хабарламадан соң математикадан режиссураға ауысты. Көптеген режиссерлердің киноға келуі қызық. Сіз киноны қалай таңдадыңыз, әлде бұл бала кездегі арманыңыз болды ма? »
— Мен 13 жасымнан бастап режиссер болуды армандай бастадым. 13 жас бала кезге жата ма?
— Иә...
— Иә...
Әдебиетке қызығушылығым, суретті жақсы көретінім, композицияны ажырата білетінім мені кино өнеріне ақырындап жетектеп әкелді.
— Бала кезімде көп ауырдым. Жатып қалатынмын. Менің шешем «современный» шеше болды. О кісі ертек білмейтін, бірақ оқыған кітаптарын әңгімелеп беретін. Сосын сұраймын: «Бұл оқиғалар қай жерде бар?» деп. «Мына кітаптың ішінде» деп кітаптың сыртын көрсетіп қоятын. «Оқу үйренсем, осының бәрін оқып шығам» деп армандайтынмын. Қалай әріп таныдым, солай кітаптардың бәріне жаудай тидім. Үйде кітапхана болды. Кейде кітап таппай қалғанда «Уақыт және қаламгер» дейтін сын жинақтар шығатын ол кезде. Тіпті соны оқитынмын. Қазіргі аздап болса да сыни көзқарасымның қалаптасыуына, көркемдік категорияларды игеруіме сол кезде оқыған «Уақыт және қаламгер» көмегін тигізді.
Бала кезімнен сурет салуды жақсы көрдім. Үйдің кенжесі болғандықтан ағаларым, әкем алдына алып отырғызып сурет салғанымды қызықтайтын еді. «Суретті айнытпай салады» деп мені қуаттап отыратын. Жас кезімде суретші болғым келді. «Қалай суретші болам» деп жүргенде, ауыл дүкеніне «Кемпірқосақтың түсі қандай» деген кітап түсті. «Бұл кітап қандай» деп сұрағанымда, «Сурет өнеріне үйрететін кітап» деп айтты. Қолға ақша түскенде сатып алдым. Ол сурет өнеріне үйрететін кітап емес, сурет өнері жайлы танымдық кітап екен. Сол кітап арқылы сурет өнерін таныдым. Сол кездің өзінде Роденнің «Ойшыл» деген мүсініне бас қатыратынмын. «Бұл ойшыл не істеп отыр, бұл несімен әлемді таңқалдырды» деп ойлайтынмын. Пикассоны... Ван Гогтың «Құлағы кесілген сәттегі автопортретімен» де сол кезде таныстым. Құлағын байлап алған ұлы суретшінің автопортретінен оның қилы өмірбаянының да елесі сезілетін. Антикалық дәуірдегі мүсін өнерінің және басқа да мықты суретшілердің көркемдік әлеуетін сол кезде таныдым.
Киноның әліппесі – сурет пен әдебиет. Әдебиетке қызығушылығым, суретті жақсы көретінім, композицияны ажырата білетінім мені кино өнеріне ақырындап жетектеп әкелді.
Алғаш рет «Көксерек» фильмін көрдім. Бізде жаңа клуб ашылып, оған туған ағам Бақытбек ертіп апарды. Көксеректі көргеніме шүкіршілік етемін. Мүмкін сол кезде басқа фильм көргенімде талғамым басқа жаққа бұрылып кетер ме еді деп ойлаймын. Содан бастап киноға құмарта бастадым. Бірақ кино жасаушы болымын-ау деген ой мүлде болған жоқ. Өйткені ол кезде суретші не жазушы боламын деген оймен жүрдім. Күндердің күнінде «Жалын» журналында Сатыбалды Нарымбетовтың повесі жарияланды. «Жол трасса» деп басталатын шығарманы оқып отырсам, ол кино тобы туралы екен. Повесте айтылған натура таңдау, кино процесі, киногерлер өмірі мені шын қызықтырды. Зерттеп қарасам, Сатыбалды Нарымбетов өзі жазушы, өзі кинорежиссер екен. Содан бастап киноның соңына шындап түстім.
Кино туралы мақалаларды үзбей оқып, кинотеатрдан фильмдерді қарап жүрдім. Жиырмаға келгенде қазақ кино өнеріне жас толқын мүлде жаңа форма, жаңа ізденіс алып келді. Киноның тілін алып келген осы жаңа толқын деп ойлаймын. Жас толқынның қатарына: Дәрежан Өмірбаев, Серік Апырымов, Бақыт Қилыбаев, Ардақ Әмірқұлов, Әмір Қарақұловтар бар еді. Міне, осылай сан түрлі өнерге қызығушылығым, тұлғаға еліктеуім мені киноға алып келді.

Тұрсынбек Башар
Демек әдебиеттің кино өнеріне алып келетін әсері бар ғой?
Данияр Саламат
Әдебиет кино үшін өте қажет. Әдебиет пен киноның ешқандай айырмашылығы жоқ деп ойлаймын. Екеуіне ортақ нәрсе – сурет. Бірі суретті сөзбен салса, екіншісі оны бейнелейді, экранға шығарады. Екеуіне ортақ нәрсе өте көп. Екеуін байланыстаратын да, бір-бірінен ала қашатын да жерлері бар.
Біріншіден, «Әдебиет – киноның анасы» десем түк қателеспеймін.
Екіншіден, әдебиетті оқымай, танымыңды күшейтпей кино түсіру мүмкін емес. Мысалы, бізге тарихи фильм түсіру керек болса, ол туралы деректерді қайдан аламыз? Санамызды жаңғыртамыз. Санамызда тарихымызды бейнелейтін не бар? Әдебиеттен басқа ештеңе жоқ. Кино өнерінің пайда болғанына 100 жыл ғана болды. Оған дейінгі оқиғаларды, тарихты әдебиет бейнелеп келді. Сіздің талғамыңызды күшейтіретін де – әдебиет. Сол себепті әдебиетке соқпай киноға келу мүмкін емес деп ойлаймын.

Қазіргі коммерциялық фильмдер қазақ халқының бүгінгі хәлін көрсетіп бере алмайды. Ал авторлық фильмдер түсірілмей жүр. Болса да бірлі-жарым ғана. ХХІ ғасырда қазақ қалаға жаппай көше бастады және қала өміріне дайын емес еді. Осындай фильмдер қазір неге түсірілмей жүр, неге түсірмей жүрсіз? Не кедергі, қаржы ма? Кезінде «Әкем екеуміз», «Сағынтайдың бірінші әйелі» арқылы қоғамға ой тастаған едіңіз.
Сен «Сағынтайдың бірінші әйелін» көрдің бе?
Көрдім.
Қайдан көріп жүрсің, мен оны ешкімге бермеген едім ғой?
Іздеген адам табады...
Менің ең басты мақсатым қазақтың бейнесін жасау. Неге қала қазағының бейнесі түсірілмейді дейсің. Өйткені, қала қазағының бейнесін жасау үшін алдымен қазақ болу керек. Бізде ұлты қазақ болғанымен, орысша оқыған, табанын топырақ сүймеген, туырлықтың исін сезінбеген, жусан жастанып жатпағандар бәрібір қазақ туралы ештеңе жасай алмайды. Олар уызына жарымаған адамдар. Сол себепті мен не жасасам да қазақ туралы болса екен деймін.
Ал қазақтың бейнесі қалада соншалықты тұрақтанды деп ойламаймын. Қала қазағының бейнесі әлі өліара кезеңде. Менің «Әкем екеуміз» фильмімдегі эпизодтарды есіңе алыңызшы...
Қаладағы қазақтың көркемдік бейнесін тек жатақханадан ғана таптым. Кәрім деген басты кейіпкер ұлымен бірге жатақханада тұрады. Біздің қоғамдағы оқшауланып қалған қазақ бейнесін жасадым. Байқасаңыз, фильмде сыртқы дүние басқаша, ал өзінің қазақы жаны жұпыны жатақхананың шағын ғана бір бөлмесінде тығылып жатыр. Біздің қазақы рух әлі жатаханадан, қала сыртындағы жатаған үйлерден сытылып шыға қойған жоқ. Мен соны бейнеледім. Менің өтірік айтқым келген жоқ.
Ал енді неге сондай фильмдер түсірілмейді десеңіз... қазір жастар өсіп келе жатыр. Елзат Ескендір, Бекзат Смадияр сынды қазақы ойлайтын жігіттер бар. Басқа мәдениетте, басқа ортада өскен адамдар қазақтың қасіретін сезіне алмайды. Біздің киноға келіп жатқан жастардың кейбірі сондай. Менің арманым қазақ кино өнерінде қазақ жаны салтанат құрса екен деймін. Нағыз қазақы рухы бар, әдебиетті түйсінетін, әдебиетті түсінетін адамдардың киноға келмей жатқандығы қынжылтады.

Режиссер – өз заманының айнасы. Киорастами «Шие дәмі» арқылы иран халқының жаңа өмірге дайын болмағанын баяндады, оны Асгар Фархади «Надер мен Симиннің ажырасуы» арқылы ары қарай жалғастырды. Осы сияқты Звягинцев «Нелюбовь» фильмімен ХХІ ғасырдың бет-әлпетін ашып көрсетті. Кәріс халқының жан-дүниесін «Тор» фильмімен Ким Ки Дук жаһанға жария етті. Румындардың бүгінгі хәлін «Түлектер» фильміне Мунджиу таспалады. Неге біз кино арқылы бүгінгі заманды, қоғамды, қазақ жанын «жырлай алмай» отырмыз?
Ондай фильмдер бар. Қазақтың қасіретті тұстарын бейнелейтін фильмдер бізде там-тұмдап шығып жатыр. Мысалы, Әділхан Ержановтың «Чума в ауле Қаратас», «Түн құдайы», «Хозяева» фильмдері қазіргі біздің қоғамның бейнесі. Бірақ Әділхан сіз жоғарыда айтып кеткен авторларға қарағанда басқа әдіс қолданады. Әділхан реалистік әдістен гөрі карикатураны жақсы көреді. Карикатура әдісінің бір артықшылығы идеяны береді, бірақ логикадан алшақтау болады. Сондықтан кей көрермендерге Әділханның туындысы абсурд болып көрінеді. Шығарманың түбінде жатқан дүниелерді сараптауға көркемдік танымы жетпей қалып жатады.
Сол секілді Эмир Байғазиннің фильмдерінде де қоғамның қазіргі бейнесі бар. Мұндай фильмдер бар. Көрсетіліп жатыр. Бірақ олардағы басты проблема – қазақтың жаны жоқ, тіліне салғырт. Тіл ұлттың – айнасы. Тілдің құнарын игермей, ұлтыңның жанын игермейсің. Тек, бақылаушы ғана болып қаласың. Режиссер Сергей Дворцевой секілді, мысалы. Дворцевой қанша тамаша фильмдер түсіргенімен, қазақты ішінен емес, сырттай зерттейді. Мен ұлт режиссерлерінің осындай хәлде қалғанын қаламаймын.
Менің фильмдерім көпшілікке жетпей қалып жатады. Мысалы, «Сағынтайдың бірінші әйелінде» көп балалы ана, әлеуметтік теңсіздік сынды мәселелерді көтердім. Мен мұны 3-4 жыл бұрын түсірдім. Яғни бұл мәселе бүгін емес, бұрыннан қордаланып келе жатқандығын білдіреді. Қазіргі қаны тамшылап, жарылған жараны бітеу кезінде бейнеледім. Бірақ менікі авторлық фильм болғаннан кейін, көпшілікке арналмағасын бір-екі фестивальге қатысты да қалып қойды. Мен оны көпшіліктің талқысына ұсынбадым. Өйткені авторлық фильмдерге көпшіліктің сұранысы мүлде аз. Олар киноны ойын-сауық, көңіл көтерудің құралы ретінде көреді. Қазіргі көрермендерге ойландыратын кино көрсетсең бір ғана сөзбен «нашар кино» дей салады. Сол себепті фильмімді белгілі бір адамдарға, элитаға ғана ұсындым.
Биыл «Біздің үй» деп аталатын фильмімді түсірдім. Қазір фестивальдерге қатыстырудың тағдырын шешіп жатырмыз. Онда да қазіргі әлеуметтік жағдайымыз, қоғамның бейнесі, біздің күйіміз суреттелген.

Түріктің режиссері Джейлан «Қысқы ұйқы» арқылы 2014 жылы «Канн» фестивалінің бас жүлдесі «Алтын пальма бұтағын» иеленді. 3,5 сағаттық туынды қарапайым көрерменді жалықтырып жіберуі мүмкін. Бірақ зер салып қараған адамға режиссер адам жанындағы бостық туралы айтқысы келгенін түсінесің. Тарковский: «Әр адам бала кезінен жалғыз болуды үйренуі керек. Бұл жалғыз қалу деген сөз емес, бұл – өз-өзіңнен жалығып кетпеуді үйрену керек дегенді білдіреді» (Мне кажется, каждый человек должен учиться с детства находиться в одиночестве. Это не значит быть одиноким. Это значит — не скучать с самим собой.) дейді. «Қысқы ұйқыдағы» негізгі 3 кейіпкер де өзінен жалыққан адам болып елестейді маған. Жалпы өзінен жалығу ХХІ ғасыр адамдарының бәрінде бар сияқты. Бізде де. ХХ ғасырда технологияның, ғылымның мүмкіндігі мұндай емес еді. Бірақ ешкім жалыққан жоқ. Ал бүгінгі заманның адамдары бәріне қолы жетіп, алтын тақта отырған бақытсыз патшаға ұқсайды.
Айттым ғой, сен адамның миын жаншып жіберетін әңгімелерге тартасың... Әй, мен мына сұраққа жауап бере алмаспын...
...
Нури Билге Джейлан – менің ұстазым ғой. Ұстаз санаймын өзімше. Оның фильмін ең алғаш рет көргенімді айтайын. 2005 жылы «Қазақфильм» кинофестивальге қонақ етіп шақырды. Фестивальдің бағдарламасына қарап отырсам «Көшпенділермен» қатар Никольский базары маңындағы кинотеатрда Джейланның фильмі көрсетіледі екен. Сол жылы ол Халықаралық Канн фестивалінен «Жатсыну» («Uzak») фильмімен Гран-При алыпты. «Көшпенділерді» түсіріліп жатқан уақытынан білемін. Қандай фильм болып шығарын шамалаймын. «Бұдан маған не пайда» дедім де, лек-лек болып кіріп бара жатқан адамдардың біріне билетімді ұстаттым да, Джейланның фильміне асықтым. Келсем 5-6-ақ адам отыр. Рахаттанып көрдім. Менің «Әкем екеумізде» Джейланның осы фильміндегі жалғыздық, бойкүйездік бар. Оның бейнелеу эстетикасына еліктеу бар. Джейланның бір артықшылығы – фотографтығы. Мен одан анағұрлым төмендеумін.
Кейін оның фильмдерін зерттей бастадым. Соңғы киносымен біріншісін салыстырдым.
Мысалы, мен кино түсіргенде музыка қолданбауға тырысамын. Жалпы авторлық фильмдерге қолданбаймын. Музыка деген отауы бөлек өнер ғой. Сен киноға музыка қолдансаң, өмірде біреуді өз күшіңмен емес, ағаңды шақырып келіп жеңгендей боласың. Біртүрлі қоңылтақсып қаласың. Менің айтқым келгені, осы Джейланда музыка жоқ. Ал көп сөзділікке келгендегі ойымды тіпті бекіте түстім. Себебі, оның алғашқы фильмінде сөз мүлдем жоқ та, ал соңғы «Қысқы ұйқы» тек диалогтардан тұрады. Ол кино үшін сөздің түк қадірі жоқ екенін түсіндіреді. Джейланның туындысындағы негізгі қасіретті бәрібір сөз бере алмайды. Оны кино ғана бере алады. Ал сөз жәй ғана дыбыс болып қалған. Міне, кино өнерінің құдіреті. Мен осындай нәрселері үшін Нури Билге Джейланды жақсы көремін.
Кейін тағы бір фильмі шықты дейді. Оны әлі көре алмадым. «Үш маймыл» деген фильмі мелодрамаға жақындау. Көрерменді еліктіріп алып кетеді.

Сол фильмінде музыка орнына телефон қоңырауын пайдаланады емес пе?
Ол адамның бір кезі. Кинода негізгі рөлді адам емес, деталь ойнайды. Сен кинодағы кей сахнаны ойдан шығара алмайсың. Шығарғанның өзінде ол сиырға ер салғандай болып тұрады. Ал өмірдегі болған нәрсе бірден қона кетеді. Сол фильмдегі әйел телефонының шырылдауы барлық адамда кездеседі. Джейлан осы арқылы адамның «тревожное состояниесін», дәрменсіздігін берді. Әйел телефонын ақтарып таппай жатыр. Осы көрініс телефонның қоңырауы біткенше жаныңды бір уыс қылып ұстап тұрады.
Маған әсер еткен 10 режиссер
1. Жан Виго
2. Ингмар Бергман
3. Федерико Феллини
4. Акира Куросава
5. Андрей Тарковский
6. Тенгиз Абуладзе
7. Аки Каурисмяки
8. Эмир Кустурица
9. Чжан Имоу
10. Нури Билге Джейлан
1. Жан Виго
2. Ингмар Бергман
3. Федерико Феллини
4. Акира Куросава
5. Андрей Тарковский
6. Тенгиз Абуладзе
7. Аки Каурисмяки
8. Эмир Кустурица
9. Чжан Имоу
10. Нури Билге Джейлан
P.S.
Таңдайымызда қалған Джейланның тәтті дәмін мұздап қалған ащы шаймен басып, сыртқа шықтық. Ауа райы бұзылып, түс кезінде күлімдеп тұрған күн бұлт арасынан сығалайды. Неге екенін білмеймін, «Әкем екеуміздегі» Сарышұнақ қызға жақыннан айтуға ұялып, алыстан «әдемісің» дейтін Кәрімнің ұлы бар кадр есіме түсті. «Әкем екеуміздің» бар жүгін осы кадр арқалап тұрған сияқты болып көрінеді маған. Әңгіме арасына менің де кино түсіргім келетінін қыстыра кеттім. Ағам болса:
– Осы Жазушылар Одағында қанша жазушы болса, сонша режиссер бар деп есептеймін. Неге кино түсірмейсіңдер?! Сценарийің бар ма, әкел?! – деп шыр-пыр болды.
Мен жазып жатқанымды бітсем көрсететінімді айттым. Менде практика жоқтығын да, түсіру алаңында бірде-бір рет болмағанымды да қоса кеттім. Данияр аға жол жиегіндегі күртік қарға төртбұрыш сызды да:
– Композициялық реттіліктен хабарың бар ма? – деді. Басымды шайқадым. Асығып тұрғанын айтып қоштасты. Ал мен қар үстіндегі іші аппақ төртбұрышқа қарап қала бердім.

Сұхбаттасқан: Тұрсынбек Башар