Бақыт Кенжеев:
Аз ұлттың тілінде жазу сізді Тәңірдің алдында ақтайды
I Халықаралық Жазушылар Форумына келген қонақтар қатарынан Бақыт Кенжеевпен тілдесіп қалуға ынтық болдым. Себебі қазақта осындай ақынның барын оқушы кезімде әкем айтқан. Сырттай таныстығым сол кісінің әңгімесінен басталды. Елге 3-4 жылда бір келетінін естігендіктен, мұндай мүмкіндікті жіберіп алуға болмайтын еді.
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі сөз зергерлерінің басын қосқан шара алдында Рахат Паласта тіркеуден өтіп, Абай/Махамбет залына кіргенімізде іші толы "великие умы"... Ақ-қара костюм кигендер ішінен өзім іздеген ақынды тану қиынға түспеді. Екінші қатарда тельняшка жейде киіп отыр екен, бірден тани кеттім. Алғашқы күні айналшықтап жақындай алмай, сыртынан ғана бақыладым. Оның мінберге шығып сөйлегендердің ойына қандай эмоция танытқанын, өзі келісе бермейтін пікірлер легі жауғанда досы Алексей Цветковтан: "Дай папиросу" деп темекісін қалтасына салып ап, залдан шығып кеткенін... "аңдып" қана жүрдім...
...Шараны суретке түсіріп, сұхбат аламыз деп ақынымыздан көз жазып қалдық. Фойеде де жоқ. Ақыры папиросын бұрқыратып тұрған жерінен таптық. Жақындап сұхбат беруін өтінгенімде, "У меня телефон сел. Только через минут 20... или... Вы можете подняться со мной в номер" деді. Біз артынан ілестік.

Ақын 632-бөлмеге тоқтаған екен. Кірер-кірместе қайта темекі тұтатты. Үстелде тұрған Pentax-ке көзім түсіп:
- Суретке түсіруді ұнатасыз ба? - дедім.
- Ұнатамын, бірақ қолымнан келмейді. Бұрынғы әйелім суретші, одан "Осы мен сапалы аппаратқа түсірсем де әдемі шықпайды, біреулер арзанмен де шедевр жасап жатады. Онысы несі?" десем, "Оған да талант керек" дейтін...
- Фотография - өнер ме?
- Еш күмәнсіз!
- Оған жақын өнер, яғни, кинематографияға деген көзқарасыңыз қандай?
- Мен қатардағы көрерменмін. Әдебиетке ғана шын әуеспін.
- Қазақ әдебиетін, қазақстандық қаламгерлерді оқисыз ба?
- Бір де бірін қалдырмай оқимын деп айта алмаймын. Себебі, кітаптарды табу оңай емес. Мысалы, Павел Банников деген ақынмен таныспын, шығармашылығын ұнатамын. Юрий Серебрянский есімді прозаик бар. Ербол Жұмағұлды да сүйіп оқимын. Сондай-ақ, Әуезхан Қодар сынды ерекше адаммен таныс болдым. Әрі ғалым, әрі жазушы еді. Ол секілді екі тілде еркін сөйлеп, еркін жаза алатын адамдар өте аз. Сондай адамның өмірден өтуі қазақ мәдениеті үшін орны толмас қайғы деп білемін.
- Ал, өзіңіз қазақ тілін түсінбейтініңіз үшін өкінесіз бе?
- Әрине. Өкінгенде қандай! "Болды", "Жаман бала" (күліп) деген сияқты кішкене кезімнен есімде қалған сөздер бар. Анамыздың ұлты орыс болса да, тұрмыста қолданатынбыз.
- Оқырман сіздің атаңыздың ишан болғанын біледі. Сопылыққа көзқарасыңыз қандай? Тәңірге сенесіз бе?
- Әрине! Шыны керек, мен шоқындырылғанмын. Десе де өзге сенімдерге деген көзқарасым оң. Ешқандай құдіретке бағынбай оңды-солды өмір сүргеннен, бір күш бар екенін мойындаған жөн.
- Яғни, атеистерді ұға алмайсыз.
- Олар туралы "Байғұс адамдар" дегеннен басқа айтарым жоқ. Менің достарымның арасында да Тәңірге сенбейтіндер аз емес. Олар менің химия ғылымы бойынша жоғары білімім бола тұра, "аспанда адамдарға қарап отыратын бір атаның бар екеніне" қалай сенетінімді түсінбейді (күліп).
- Ал, Поэзия - сол Тәңірдің берген сыйы ма, әлде... еңбектің нәтижесі ме ?
- Өкінішке орай, Поэзия - әрі сый, әрі еңбек. Мысалы, дәруіштің аурудан айықтырар қасиетін жоғары медициналық біліммен ұштастырса, нәтижесі қандай болады? Бұл да сол секілді. Кез келген өнер мен кәсіптің негізі болады, соны игерген артық етпейді. Бір жағынан Пиросмани, не кеденші Руссо секілді тума таланттар да болады. Туындыларынан аңғал балалықтың иісі шығып тұрса да, ол - өнер.
- Әдебиетке енді аяқ басқан жазушылар мен ақындарға көп оқып, білімін арттырудан өзге қандай кеңес бересіз? XXI ғасырда ақын не жазушы болудың қандай мәні бар? Бәрі айтылып қойған жоқ па?
- Жоқ... Бәрі айтылып қойған деген қате. Жаңа әдебиет бұрынғыны, бұрынғы әдебиет қазіргіні жоққа шығара алмайды. Әр заманның адамы өзге. Біз классиктердің тілімен сөйлемейміз, қызығушылықтарымыз да бөлек. Оларды өз заманына өткізуші күш ретінде бағалаймыз. Вергилийдің Дантеге тозақты көрсеткені секілді Абай мен Пушкин де өз замандарына есік ашады. Бұл, әрине, құнды. Бірақ онымен тоқ болмайсың. Себебі, әлем өзгеруде. Үлкен қарқынмен.
- Қазір жастар бірнеше тілде еркін сөйлейді. Егер қаламгер алдынан қай тілде жазамын деген дилемма туындаса қайтпек керек?
- Бұл тақырыпта ақын Ербол Жұмағұлмен үлкен әңгіме болған. Ол кезде Ербол тым жас еді, шығармаларын орыс тілінде жазатын. Киевте Александр Кабанов деген ақын бар. Өз замандастарының ішіндегі ең үздік орыс ақыны. Украинша еркін сөйлесе де, орысша жазады. Не деуге болады?
Шындығында, бұл оңай сұрақ емес...
Ерболдың екі тілде де шебер сөйлейтінін білгенде: "Ербол сен өте талантты ақынсың. Егер орысша жазсаң, ерте ме, кеш пе, әйтеуір, атақты боларың анық. Ал, қазақша жазсаң, Қазақстанның әр қаласында саған арнап ескерткіш орнатылатын болады. Кезіндегі Абай, Пушкин секілді сен қазақтың заманауи әдеби тілін қалыптастырушы атанасың" -дегенімде, Ербол: "Мен Мандельштам жыр жазбаған тілде жазбаймын"- деген (күліп).
Бірақ, жас тілде жазу оңай емес. Жас дегенім қазақтың тарихын жоққа шығарғаным емес. Бұл Сталин билігі кезінде түрлі ұлт зиялыларының көзі жойылып, сол этностардың мәдениетінің әлсіреп қалуының әлі күнге дейін өз залалын тигізіп келе жатқандығы. Қайта жаңғырып, қалыпқа келу үшін кем дегенде жарты ғасыр уақыт керек. Жас тілде жазу, жаңа әдеби тіркестер ойлап табу үлкен challenge (сынақ). Есесіне, қолдан келіп жатса, зейнеті зор. Мысалы, Василь Быков пен Шыңғыс Айтматов шығармаларын өздері орыс тіліне тәржімалаған. Бір жағынан, олардың осыншама атақты болуы өз тілдерінде жазғандығының әсері. Өз тіліңде жазсаң, "Халық қаһарманы" боласың. Орыстар көп. Осы орайда жасөспірім кезімнен бір оқиға есіме түсіп отыр. 16 жасқа толған шағымда құжатқа ұлтымды "орыс" (Анасы - мәскеулік Елена Карасева) деп көрсетуге итермелегендер болды. Мен сол кездің өзінде: "Орыстар онсыз да көп. Мен қазақпын" дегенмін. Әкемнің қатты қуанғаны есімде.
... Білесіз бе, саны аз ұлттың тілінде жазудың тағы бір артықшылығы бар. Ол сізді Тәңірдің алдында ақтайды. Мен орыс тілінде жазатыным үшін ыңғайсыз сезінбеймін. Себебі, уақытымның көп бөлігін шетелде өткіземін. Онда мен ешкім емеспін. Мені ақын деп білмейді. Эмигранттардан өзгеге орыс әдебиеті қызық емес. Ғаламшар ауқымында орыс ұлты - саны аз халық.
Бірақ, менің бір жақын танысым, ақын қыз соңғы кездері өлеңдерін ағылшын тілінде жазатын болды. 2-3 жыл көлемінде журналдарға басылып, айтарлықтай атаққа қол жеткізді. Осы жолда ол орыс тілінен бас тартқандай болды. Ал, мен олай істей алмайды екем. "По чужим прихожим корки собирать" маған жат қылық. Өзіме сатқындық жасай алмаймын.
Адам өз тегі, өткені, ұлтымен мақтануы керек. Бірақ, одан культ жасаудың керегі жоқ. Өзгелерді қабылдай білу де өнер. Қазақтар менің адамзатқа деген сүйісеншілікке баулуымды қажет етпейді. Бұ жағынан қазақтар мен грузиндер алдарына жан салмайды...

Осыған дейінгі әңгіме балконда айтылған, ақын бөлмесіне кіруге ыңғайланды. Сәл үнсіздіктен кейін ақын үшін қасиетті тақырыпқа ауыстық.
- Поэзияның миссиясы не?
- Поэзия бізді бұл өмірге көндігуге, ода қандай-да бір мән барын ұғуға көмектеседі. Кәрілік, өлім, ауру, мұң сынды өмірлік мәселелермен күресуге... Ол біздің тіршілігімізде өзіміз ойлағаннан да кең ауқым, терең мағына бар екенін ұғындырады. Ұлы өнердің де миссиясы сол. Өмірден ұққанды кенепке төгілген бояулар немесе ритмикалық ретпен орналасқан көркем сөздерден өзге тәсілмен жеткізу қиын.
- Ал, мұңаю сіз айтқандай өмірлік мәселеге жата ма? Ақындар осы күйде күн кешуді ұнатпаушы ма еді?
- Мұны түсіндіру қиын. Мысалы, күнделікті тұрмыста мен бар адамзатты сүйетін өте көңілді жігітпін. Ал, жалпы ... Менің өлеңдерімнің өзі түнек көлеңкесінде жазылады.
- Значит, упаднические?
- Жоқ, мен, керісінше, сол қараңғы түстерді азайтып, оларға сәуле төгуге тырысамын. Оқырмандарымның айтуына қарағанда, өмірдің түнерген тұстарын өлеңде нұрландыра жеткізу қолымнан келіп жатқан секілді. Бұлардан өзге, қарапайым ғана көңілді, иронияға толы жырларым да бар. Солар құтқарады.
Нағыз өлең - дұға...
... Өмірде еш мән жоқтай күй кешіп, мұңға батқан сәттерде Баратынский, Мандельштам немесе жас кезімнен дос болған Алексей Цветков, Сергей Гандлевский сындылардың бір томын ашсаңыз болды, бұл өмірдің соншалықты құр сабылыс емес екенін білесіз. Сізді қоршаған қара түнек ойлардың өзгелерді де мазалайтыны, оларды иненің көзіндей саңылаудан түскен ізгі сәуле құтқарып қалатынына көзіңіз жетеді. Ақындар сіз кешкен мұңды, сіз кешкен сезімді, сіз жүріп өткен жолды әлдеқашан басынан өткеріп, осыдан жол тауып өлең жаза алған. Ендеше өлең құр жазу емес, адамға жол сілтейтін есіктің кілті.
Өлең адамның көңіл-күйі мен психологиясына тигізетін әсері жағынан дұғаға ұқсайды. Нағыз өлең - дұға...
...Давид жазғаны өз көңілінен шыққанда Тәңірге ғибадат ететін алтарь алдында билейтіні Інжілден белгілі емес пе?!...

... Ақынның бөлмесіне 1 минутқа деп кіріп, 1 сағат әңгіме айттық. "Мен сендерді ұнатып қалғанымды ұзақ тілдескенімізден-ақ сезіп отырған шығарсыңдар... Енді түскі ас ішіп үлгермеймін. Алматыны аралауға апаратын автобус күтіп қалған шығар. Рұқсат етсеңіз, сыртқа шықсақ" - деді. Мен ақынның саусағынан көрген қою қызыл түсті таспен көмкерілген сақина туралы сұрамай кете алмадым.
- Мұның өз тарихы бар (сақинаны маған бергенде тасқа салынған ай мен жұлдыз суреті анық көрінді). Мен осыдан 20 жыл бұрын бір роман жаза бастадым. Ол атадан балаға мұра боп қалған қола сақина туралы болуы тиіс еді. Шығарманы бастар алдын : "Осы роман менің атағымды шығарады, байып кетемін" - деп ойлағам. Міне, содан бері 3 қайтара жаздым. Әлі көңілім толмайды.
Балам Леша: "Әке, мен дәл сендей талантты болсам, баяғыда байып кетер ем. Неге поп музыкаға ән жазбайсың? Ағылшынша болса, тіпті жақсы" - дейді.
Түсінгенім, қандай пиғылмен жазғаныңды Тәңір көріп тұрады. Ешқашан атақ, ақшаға әуес болмаңыз.
P/S : Қайтарда ақынның темекі түтінің көгілдір тұманына оранған бейнесі көз алдымнан кетпей қойды. Күніне қанша қорап шегеді екен?! Соны сұраймын деп ұмытыппын.
Қыркүйек, 2018 жыл, Алматы

Әңгімелескен: Айымгүл Оралқызы