Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бағалай білейік барымызды...

Бағалай білейік барымызды...

Бағалай білейік барымызды...

Сәлеметсіздер ме! Мен Асылбек Асель Арал ауданы, №220 орта мектебінің 10-сынып оқушысымын. Өзімнің шығармашылыққа қызығушылығым басым, қолым қалт етсе, ойымдағының бәрін ақ қағаз бетіне түсіруге тырысамын. Бүгінгі тақырыбым жалпы қазақ эстрадасы, қазақстанның мәдениеті туралы болмақ. 

Қазіргі таңда жоғарыда мәдениет өкілдеріне, конкурс ұйымдастырушыларға  көңілім ешқашан толмайды. Қиын да болса айтайын "өнер" атты киелі ұғымды "ақша" атты қолдың кіріне ауыстырып жатқандар азаяр емес. Көңіл қынжылтатын нәрсе. Шын таланттыларды қашан бағалаймыз? Олар қашан шетелдің емес, өзіміздің Қазақстанның сахнасында көңілі жайланып, марқайып тұрар екен? Қашан шын ықыласпен берілген шапағатқа, махаббатқа шомылар екен? Бәріміз үнсіз қаламыз. Бұл ащы шындығымның айқын дәлелі: Қазақстанның біртуар азаматы, тума таланты бар әншіміз Димаш Құдайбергеновтың өнері. Дауысы өте керемет, үні нағыз-қазақтікі. Ежелгі сегіз қырлы, бір сырлы сал серілерімізден кем емес. Өзім жеке тұлға ретінде Димаштың өнеріне тәнтімін, басымды иемін. Бәрімізге аян ағымдағы жылы Қытай Республикасында өткен Халықаралық байқауда 2 миллиардқа жуық халқы Димаштың дауысына елжіреп, тіпті орындарынан тұрып шапалағын аямады. Димаш Құдайбергеновтың менеджері Алпамыс Нәрімовтың мәлімдеуінше бір топ қытайлық фанат әншінің ана тілін түсіну үшін қазақ тілі курсына жазылған екен.  Ал бізге оралсақ, ең бірінші өз сахнамызға шыққанда әділ қазы алқалары қатты сынға алды, "бұл тек жәй шыңғыру" деп айтқандары да болды. Бұл нені білдіреді? Бұл басқа мемлекетте өнерді нағыз бағалайтындығын, шын талант иесін ешқандай күмәнсіз анықтай алатындығын аңғартады. Сондықтан, өнеріңізді паш еткіңіз келсе шетел асып, дүйім жұртқа солай көріну керек деп ойламын. 

Жуық арада Димаш Құдайбергенов Лондон жерінде жеке концертін өткізді. Ал сол концертке көрермен қатарында болғысы келгендер өте көп. Тіпті сатылымда кіру билеті мүлде қалмаған. Сол концерт үшін әлемнің түкпірінен Димаштың жанкүйерлері жиналған. Әрине, осындай әлемдік кешке барғанда, бармағанда арманда. Өзім YOUTUBE желісінен жеке концерттің толық нұсқасын көріп шықтым. Өте керемет әсерде болдым. Осындай керемет тұлғаны әрқашан мақтаныш етемін және алар асулары әлі орасан зор екеніне сенімім мол. Ал түйіндей келе, бір ғана айтарым  қолда барда алтынның қадірін білейікші...

0
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 21 қараша 2018, 22:08

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.