«Astana Arlans» боксшысы кәсіпқой боксқа ауысты

О Сансызбай Корреспондент
«Astana Arlans» боксшысы кәсіпқой боксқа ауысты
Фото ©️ prosportkz.kz

75 келіге дейінгі салмақтағы «Astana Arlans» клубының боксшысы Айдос Ербосынұлы кәсіпқой боксқа ауысты. 24 жастағы боксшы «Fight Promotions» промоутерлік компаниясымен келісімшартқа қол қойды.

БӨЛІСУ

Айдос Ербосынұлы әуесқой бокста жоғарғы нәтиже көрсете білген былғары қолғап шеберлерінің бірі. Бокстан спорт шебері. Еліміздегі талантты боксшылардың бірі саналады. Осыған дейін «Astana Arlans» клубының сапында өнер көрсетіп келген боксшы кәсіпқой бокста бақ сынауға бел буып отыр. Алдағы уақытта қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі жекпе-жектерін «Fight Promotions» промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын болады.

Айдос Ербосынұлының әуесқой рингтегі соңына дейін текетіресіп жеңген жекпе-жектерінің бірі

«Fight Promotions» - кәсіпқой бокстағы танымал промоутерлік ұйымдардың бірі. Бүгінде бұл компания келісімшарты бойынша қазақстандық тағы бір боксшы Дәурен Елеусінов та кәсіпқой бокс аренасында бақ сынап жүр. Сондай-ақ, «Astana Arlans» клубының намысын қорғап кеткен украиналық Сергей Деревянченко да «Fight Promotions» жетекшілігімен шаршы алаңға шығып жүр.