Жаңа бағыт – Жидда
Қазақстандықтарға "Мекке қақпасы" ашылды
Жидда – Қызыл теңіз жағалауында орналасқан Сауд Арабиясының ежелгі қаласы. Ертеден бері бұл шаһарды «Мекке қақпасы» деп атайды.
Өйткені қала Мекке мен Мәдина қалаларының ортасында тұр, теңіз арқылы да қасиетті мекенге жетудің төте бір жолы. Ал қазақстандықтар үшін қазан айынан бастап тікелей әуе рейсі арқылы ұшып барудың мүмкіндігі туды.
Өйткені қала Мекке мен Мәдина қалаларының ортасында тұр, теңіз арқылы да қасиетті мекенге жетудің төте бір жолы. Ал қазақстандықтар үшін қазан айынан бастап тікелей әуе рейсі арқылы ұшып барудың мүмкіндігі туды.
Жаңа рейс жаңалығы
Air Astana әуе компаниясы Алматы – Жидда бағытында жаңа рейс ашты. Бұл – қажылыққа баратын қазақстандықтар мен Қызыл теңіз жағалауында тынығып, араб елінің мәдени мұрасымен танысқысы келетін туристер үшін тамаша мүмкіндік. Ұшу сапарлары Airbus A321LR әуе кемесімен орындалады. Жиддаға дейін ұшақ 6 сағат ұшса, кері бағытта 5 сағат, 45 минутта елге жетеді. Рейс қазан айында аптасына екі рет қатынаса, желтоқсаннан бастап үш реттен орындалатын болады. Екі бағытқа әуе билеттерінің құны 340 000 теңгеден басталады.
Сауд Арабиясына бару үшін виза керек
Сауд Арабиясына барғысы келетіндер алдымен виза алуы керек. Бұл сапар алдындағы ең басты қағида. Виза алу аса қиын емес, visa.visitsaudi.com сайты арқылы электронды түрде өтінім бересіз. Жауабы да аз уақыт ішінде шыға келеді. Виза құны 67-68 мың теңгені құрайды. Бастысы – құжаттарды толтырғанда мұқият болу керек. Әсіресе паспорт нөміріндегі N әріпін ұмыт қалдыруға болмайды.
Жидда туристерді несімен қызықтырады?
Жидда Сауд Арабиясының экономикалық астанасы саналады. Ежелден араб түбегіндегі тоғыз жолдың торабы болған. Себебі теңіз арқылы келетін кемелер мен құрлықтағы керуендердің басы Жиддаға келіп тоғысқан. Одан қала берді мұсылмандар үшін қасиетті мекен саналатын Мекке мен Мәдинаға жақын орналасқан.
Қазіргі таңда қалада 3 400 000 тұрғын бар.
Қазіргі таңда қалада 3 400 000 тұрғын бар.
Жидда – Меккеге барар қақпа
Жидда барша мұсылмандар үшін қасиетті орын Меккеге баратын қақпа саналады. Небәрі бір сағаттық жерде ғана орналасқан. Арада жоғары жылдамдықты Haramain пойыздары қатынайды. Олар сағатына 300 шақырым жылдамдықпен жүреді. Меккеге 25-30 минутта жеткізеді.
Шөлдегі сафари
Сауд Арабиясында туристерді қызықтыратын бір дүние құмды далаға серуенге шығу. Шөл даладағы шетсіз, шексіз тұңғиықпен таласқан құм құрсауында серуендеу ерекше әсер сыйлайды. Тіпті түнде қыдыру да қарастырылған. Түйемен немесе көлікпен қыдыру, құмдағы серфинг сынды серуендер қонақтарды қызықтырары анық.
Қызыл теңізде шомылу
Қала Қызыл теңіздің бойында орналасқан. Суы жылы, теріге пайдалы. Катермен және гидроциклмен серуендеу, суда шомылу, маскамен жүзу, маржан рифтері мен сан алуан түрлі балықтарға аквалангпен жүзіп бару үшін қолайлы жағдай жасалған. Теңізге арнайы саяхат жасайтын турлар бар. Арасынан таңдап, таңғажайып серуен құруға болады.
Жағалауда серуендеу
Қызыл теңіздің жағалауы кешкі уақытта жанданады. Күндізгі аптап ыстықты теңізден соққан салқын самал алмастырады. Бұл қала қонақтары мен тұрғындары үшін серуендеуге қолайлы уақыт. Әлемдегі ең биік субұрқаққа қарап, балмұздақ сатып алу – Жиддаға барғандағы бір ғажайып.
Шоппинг
Дүкен аралап, керек-жарақ алу үшін сауда орындары көп. Red Sea Mall және Mall of Arabia үлкен сауда орталықтарында әлемдегі ең танымал брендтердің өнімдері сатылады. Сондай-ақ көне сауда базарлары да жетерлік. Жаңа тәжірибе мен ұмытылмас эмоция үшін базарларға барып, жүздеген жылдар бойы неше түрлі тауардың саудасы қызған тар көшелерде адасудың өзі бір рахат, әрі қызық оқиға. Қаланың солтүстік-батысындағы Alzahra ауданында орналасқан Souq Al-Hala базарында киім, косметика және парфюмерия дүкендерін таба аласыз.
Жиддаға барып көрмей қайтпаңыз...
Қала теңіз жағалауында орналасқандықтан, ғасырлар бойы маңызды порт болған. Сондықтан да тарихи көрікті жерлер мен сәулет ескерткіштері көп.
Факих аквариумы
Отбасыңмен қыдырып, ерекше әсер сыйлайтын орындардың бірі. Аквариумда балықтың 200-ден астам түрі бар. Оның 85 пайызы Жидданы жағалай жатқан Қызыл теңізде кездеседі.
Әл-Балад ауданы
Қала орталығында орналасқан Al Balad ауданы UNESCO-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра нысандарының тізіміне енген. Ел билігі «Saudia Vision – 2030» жобасын қолға алып, қазір ауданда жөндеу жұмыстарын бастап кеткен. Ауданда дүкендер мен тамақтанатын орындар көп. "Әр қадамда тосын сый" деген осы ауданға қатысты айтылса керек.
Патша Фахд субұрқағы
Әлемдегі ең биік субұрқақ Жиддада орналасқан. Суы 312 метр биіктікке дейін көтеріледі. Түрлі-түсті шамдармен жарықтандырылған субұрқақ түнде нағыз кемпірқосақ шоуын жасайды.
Тағамы тіл үйірер мейрамханалар
Жидда жанға жайлы, тағамдары тіл үйірер дәмге ие мейрамханаларымен де танымал. Бара қалсаңыз, араб елдерінің асханаларынан дәм татпай қайтпаңыз.
Жидда – туристер үшін қауіпсіз қала. Елдің мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтап, ережелерін ұстанған жандар үшін қорқыныш жоқ. Халқы жайдарлы, көмек қолын созуға даяр тұрады. Ал қалада Қазақстанның Бас консулдығы орналасқан. Қазақстандықтар үшін қалада қандай да бір қиындықтар кездескен жағдайда, консулдыққа хабарласуға болады. Отандастарымыз үшін тәулік бойы жедел байланыс желісі – (+966 55 636 2110 - консул). Консулдық Kingdom of Saudi Arabia, Jeddah City, Al-Khalidiya Distr., Al-Mustaqar Str., 16 мекенжайында орналасқан, электронды байланыс поштасы – jeddah@mfa.kz. Қазіргі таңда бас консул қызметін белгілі маман Руслан Қоспанов атқарады. Вице-консул Нұрмұхан Сейітмағанбетов болса, көмекші қызметінде – Тайыр Сейілхан.
Жиддаға билеттерді қайдан сатып алуға болады?
Жидда – Air Astana әуе компаниясының жаңа бағыты. Шөл даладағы патшалыққа бірге сапарлауға шақырады. Жаңа рейске билеттерді әуе компанияның ресми сайтынан, билеттерді сату офистерінен, аккредиттелген агенттіктерден және +7 (727) 244 4477; +7 (717) 258 4477; +7 702 702 4477; +7 705 927 4477 телефон нөмірлері арқылы брондауға болады.
Жидда – Air Astana әуе компаниясының жаңа бағыты. Шөл даладағы патшалыққа бірге сапарлауға шақырады. Жаңа рейске билеттерді әуе компанияның ресми сайтынан, билеттерді сату офистерінен, аккредиттелген агенттіктерден және +7 (727) 244 4477; +7 (717) 258 4477; +7 702 702 4477; +7 705 927 4477 телефон нөмірлері арқылы брондауға болады.
Билет сатып алу |
Сапарларыңыз сәтті болсын!
Өмірбек Сансызбай
Журналист
Журналист