«Тағдырыма балерина
болу жазылғандай»
болу жазылғандай»
Мүгедектігі бар
Аделияның хикаясы
Аделияның хикаясы
Гаджеттер мен заманауи технологиялар әрбірімізге өзіңді танытуға әрі кәсіби маман атануымызға зор мүмкіндік беретіндей көрінеді. Алайда бұл мүмкіндіктерге бәріміз бірдей қол жеткізудеміз бе? Кейде қоғамның бір бөлігінің өмірі қиынға соғатыны жайлы ұмытатындаймыз: мүгедектігі бар адамдар өзгелер назарға да алмайтын тұста орасан сынақты бастан кешірумен күнін өткізеді. Дәл осы себепті дамыған қоғамда, озық компанияларда адамдар инклюзияға – біздің қазіргі өмірімізді өзгертіп жатқан процесске талпынады. Инлкюзивті қоғам жалпы адамзатқа мүмкіндік береді, оның ішінде түрлі ерекшелігі бар адамдарға ел мен қоғам өміріне араласуына теңдей мүмкіндік сыйлайды.
Біз бұл материалымызбен мүгедектігі бар жандардың – түрлі диагноз бен тағдырға ие, бірақ өмірге деген ерік-жігерімен таңғалдырып жүргендердің өмірі туралы мақалалар топтамасын бастаймыз.
Jusan әр кейіпкермен мотивация сыйлайтын хикая әзірлейді, бұл өз кезегінде «Шектеусіз мүмкіндіктер» атты жобамызда жарияланып отырады.
Jusan әр кейіпкермен мотивация сыйлайтын хикая әзірлейді, бұл өз кезегінде «Шектеусіз мүмкіндіктер» атты жобамызда жарияланып отырады.
“
Қазақстанда 705 000-нан аса мүгедектігі бар адам тұрады. Біздің қоғам осы санаттағы жандардың проблемаларына әлі де үңіле бермейді, мұның себебі халықтың хабарсыздығы. Мүгедектік – адамды қоғамнан бөлетін және өмірдің қарапайым қуаныштары мен өзін-өзі дамыту мүмкіндігінен айыратын стигма іспетті, бірақ олай болмауы керек. Біздің қоғам ретінде жетілуіміз ерекше қажеттіліктері бар адамдарға деген көзқарасымыздан білінеді. Кейінгі жылдары әлемде мүгедектерге деген көзқарас ойлау парадигмасының өзгеруімен және эмпатияның жоғарылауымен, сондай-ақ көптеген бағдарлама мен стартаптардың арқасында өзгерді. Бұған жағдайды жақын арада жақсартуға қабілетті қуатты құрал – халықты ақпараттандыру арқылы қол жеткізуге болады
Бүгінде барлық елде, соның ішінде Қазақстанда азаматтар мүгедектігі бар жандарға ашық және мұқият болуды үйреніп жатыр, ал олар өз кезегінде өз жағдайына байланысты қиындықтар мен кедергілерден қорықпауды үйренеді. Олардың көпшілігі зор жетістіктерге жетіп, осылайша басқаларын соңынан еруге ынталандырады. Осындай мысалдардың бірі – алматылық визажист әрі фотограф Аделия Шакированың оқиғасы. 38 жасында ол кәсіби маман ретінде қалыптаса алды, алайда балалық шағында оның армандары мүлдем басқа еді.
“
Шыр етіп дүниеге келген сәттен-ақ тағдырыма балерина болу жазылғандай. Балетпен алғаш таныстығым анамның арқасында болды. Үш жасымда анам мені «Щелкунчик» спектакліне апарып, сол сәттен бастап сахнадағы көріністерге ғашық болдым. Содан балет студиясына апарды. Алматы өнер академиясына түсуге дайындала бастадым.
Амал не, арманымды орындай алмадым – жасөспірім шағымда, 13 жасымда омыртқамда деформация пайда болды, оған бастапқыда ешкім де мән берген жоқ. Бірақ бұл ауру асқынып, жарты жылдың ішінде кеуде-бел тұсымда кифосколиоздың төртінші деңгейі диагнозы қойылды. Оған қоса, жүргенде ауырсына бастадым.
Амал не, арманымды орындай алмадым – жасөспірім шағымда, 13 жасымда омыртқамда деформация пайда болды, оған бастапқыда ешкім де мән берген жоқ. Бірақ бұл ауру асқынып, жарты жылдың ішінде кеуде-бел тұсымда кифосколиоздың төртінші деңгейі диагнозы қойылды. Оған қоса, жүргенде ауырсына бастадым.
Кифосколиоз – омыртқаның сагитталды және фронталды жазықтықтағы патологиялық қисаюы, яғни бір мезгілде алдыңғы, артқы және бүйірлік бағытта қисаюы. Кифосколиоз екі аурудан тұрады– кифоз және сколиоз, олар туа біткен және жүре пайда болған деп бөлінеді. Бұл аурудың пайда болуы мен дамуына тұқым қуалаушылық пен инфекциядан бастап жарақатқа дейінгі көптеген фактор әсер етуі мүмкін.
“
Омыртқама келген зақым күшейіп, одан бөлек денем қатты ауыратын болды, ол кездері тек 10 минуттай ғана ауыртпалықсыз жүре алатын едім. Сколиоздың бұл дәрежесі, өкінішке қарай, тек хирургиялық жолмен емделеді. Әрине, тек омыртқам қисайып қана қоймай, қабырғаларым да зақымдала бастады. Денемде көзге айрықша оғаш көрінетіндей бүкірлік пайда болды. Әрине, ауруымның сырттай көрінуі ыңғайсыздық тудыратын. Бұл айналамдағыларға да байқалатын. Бір кезде бізге Мәскеудегі туыстарымыз көмектесті – олар маған қажет операция жасайтын клиниканы тауып берді.
Туыстарының қамқорлығының арқасында Аделия осы клиникаға барып, ота жасатты. Кейіпкеріміздің айтуынша, бұл операция оған екінші өмір сыйлағандай, ал ішкі әлемі аударылып түскендей болған. Айтуынша, осы уақытқа дейін ол тек өзіне және мүмкіндіктеріне жүз пайыз сену керегін түсінген. Осылайша ол мүлдем басқа шығармашылық мамандықтың қыр-сырын ашты.
“
Әрине, мен сахнаға кәсіби балерина ретінде орала алмайтынымды түсіндім. Сондықтан өз жолымды табуым керек еді. Бірер уақыттан кейін менің ұмтылысым мен қажеттілігімді басқа салада да жүзеге асыра алатынымды түсіндім. Осылайша мен визаж және фотография әлеміне келдім, қазіргі таңда осы салаға құлшына кірісіп кеттім. Осы шығармашылық бағыттарда мен сұлулықты, сонымен қатар әйелдерге сенімділік, бақытты сәттер мен қуаныш сыйлайтынымды түсінемін. Фотосуретке келетін болсақ, ракурсты қалай таңдау керегін білемін, соның арқасында объективтегі жан өзіне басқаша қарап, өзін ұната бастайды. Осылайша ол фотосессия кезінде де, дайын суреттерді менен алған сәтте де өзін бақытты сезінеді.
«Ең бастысы - өзіңе сену. Сене біліңіздер! Өзіңді тани білуің керек! Қателесуден қорықпаңыздар – сізді тек ойыңыз шектейді», - дейді Аделия.
Мүгедектігі бар жандарға аяушылық пен мейірімділік, арнайы қарым-қатынас немесе оғаш тәсілдер қажет емес. Олар да басқалар сияқты түсінісіп, тыңдай білгісі келеді, танылып, сұранысқа ие болып, бақытты болғысы келеді.
Біз «Шексіз мүмкіндіктер» жобасындағы кейіпкерлердің хикаяларына таңданамыз және әрқайсымыз тап болатын қиындықтар мен кедергілерге қарамастан, өз күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізге сенуіңіз үшін, армандарыңызды жүзеге асырудан қорықпауыңыз үшін бұл туралы әңгімелейміз.
Жобаның келесі материалында инклюзия мен аргументтерге назар аударамыз, неге инклюзивті кеңістік әр компаниядан, тіпті отбасынан табылуы керегі туралы әңгімелейміз.
Біз «Шексіз мүмкіндіктер» жобасындағы кейіпкерлердің хикаяларына таңданамыз және әрқайсымыз тап болатын қиындықтар мен кедергілерге қарамастан, өз күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізге сенуіңіз үшін, армандарыңызды жүзеге асырудан қорықпауыңыз үшін бұл туралы әңгімелейміз.
Жобаның келесі материалында инклюзия мен аргументтерге назар аударамыз, неге инклюзивті кеңістік әр компаниядан, тіпті отбасынан табылуы керегі туралы әңгімелейміз.