2012 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Сарышаян (24қазан —22 қараша)

2012 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Сарышаян (24қазан —22 қараша)

Сіз ерік-жігері мықты адамсыз. Айдаһар жылында  босаңсуыңызға негіз жоқ. Жылдың алғашқы жартысында бар назарыңыз жұмысқа ғана ауады. Ал екінші жартысында жауапкершіліктің тең жартысын әріптестеріңізбен бөлісетін боласыз. Ең қуаныштысы - осы жылы не дәрежеңіз өседі, не айлық жалақыңыз көбейеді. Жеке өміріңізде жағдай аздап қынжылтады. Бірақ, бәрі уақытша.

Қыс

Қаңтар-ақпан айлары сіз үшін сәтті өтеді. Жаңа жыл мейрамы түнінде ойлағандарыңыздың бәрін айдың алғашқы күндерінен бастап жүзеге асыра бастайсыз. Өз біліміңіз бен тәжірибеңізді пайдалануға іштей дайын болыңыз. Жеке өміріңізде тыныштық.

Көктем

Наурыз айында алдыңызға жоспарлар құрмаңыз. Орындалуы екіталай. Осы айда жалғызбасты Сарышаяндар қатты күйзеліске түседі. Олар өздерін бақытсыз сезініп, тіпті бәріне қолды бәріне бір сілтеп, өзіне-өзі көңіл бөлуді қоюы мүмкін. Өзіңізді жайсыз сезінетін боласыз. Бұл кезде саяхатқа шығуға кеңес беріледі.

Жаз

Маусым айында «тілектерім орындалмай қоймайды» деген сөз сарышаяндардың басты ұстанымы болуы мүмкін. Мақсаттарыңызға тез қол жеткізетініңіз соншалық, өміріңіздің бұлайша өзгеруіне өзіңіз де сенер-сенбес күйде боласыз. Алайда еркелеп кетуге болмайды. Атқарылмаған істер де алда болады. Жалғызбасты сарышаяндар осы мезгілде әрекет ете берулеріне болады. Жеке өміріңізде айтпай келетін жаңалықтар орын алмақ.

Күз

Қыркүйек айында айналаңыздағы жандарға орынды ақыл-кеңестеріңізбен көмектесетін боласыз. Қате қадам жасаудан аман қалғандар сізге рақмет айтады. Ал жеке өміріңізде махаббат оқиғалары күтіп тұрған жоқ. Жай ғана таныстықтармен шектелесіз. Қазан айы білім алумен, оқу-тоқумен өтеді. Білім қорыңызды арттыруға бекінгеніңіз абзал.

Әйелдерге

2012 жылы олар  махаббатта жолым болмады деп, күйзеліске түседі. Немесе сүйіктілерімен қарым-қатынасын оңалту мақсатында, арпалыс үстінде өтуі мүмкін.

Қызметтік жоспарларыңызды жүзеге асыруда сізге өз-өзіңізге деген сенімсіздігіңіз кедергі келтіруі мүмкін. Сондай-ақ қаржылық жағдайыңыз да жақсара қоймайды. Бір жағынан, күш-қуатыңыздың төмендегенін сезініп, тез шаршайтын боласыз. Денсаулығыңызға сәл аяушылық сезіммен қараңыз. Қарсы топ өкілдерімен қарым-қатынаста нәзіктік танытқаныңыз дұрыс. Бала тәрбиесіндегі ханшайымдар үшін жыл бірқалыпты өтеді.

 24 қазан мен 31қазан аралығында туылғандар

Достарыңыздың көмегіне жүгініп, қызмет пен жеке өміріңіздегі кейбір мәселелерді шешуіңіз мүмкін. Көктем мезгіліне қарай сырт келбетіңізді өзгертуге тырысыңыз. Сырт келбетіңіздің өзгеруі қызметте жаңа жетістіктерге жеткізуі мүмкін.

1қараша мен 11 қараша аралығында туылғандар

Балалы әйелдер жылдың басында балаларының денсаулығына көңіл бөлгендері дұрыс. Сізді жеке өміріңіздегі қарым-қатынаста қиындықтар күтіп тұр. Әлеуметтік және қаржылық салада тәуекелге бармаған жөн. Сосын қай нәрседе де сіздің алғашқы әсеріңіз алдамшы болып шығуы ғажап емес.

12 қараша бен 22 қараша аралығында туылғандар

Қазан айына дейін өзіңіздің ішкі сезіміңізбен ғана сырлас болыңыз. Себебі, жүрегіңіз сізді алдамайды. Жылдың күз мезгілінде әкеңізбен және сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңызда жылулық пайда болады. Қызметтестеріңізбен бәсекеде жеңіс сіздің жағыңызда болсын десеңіз, олармен сыр бөліспеңіз.

Ер адамдарға

Сарышаян-жігіттерді ұлу жылы аз-маз қиыншылықтарымен қарсы алатыны жасырын емес. Алайда, көктем мезгілі басталысымен,түсінде көрген ғажайыптары өңінде орындалып жатқандай әсерде болады.

Олар бұл жылы «Асықпаған арбамен қоян алар» деген халық сөзін ұстаным етеді. Сарышаяндар 2012 жылы әрбір қадамын әбден ойланып алып басатын болады. Иә, мұндай қасиет олардың бойында тек осы жылы пайда болады. Алға қойған мақсаттарыңыз бен жоспарларыңызды тек қана жақын жандарыңыз білуі керек. Ал бөгде таныстар мен сыйлас достардың білуі артық болып саналады.

24 қазан мен 31қазан аралығында туылғандар

2012 жылы қызметіңіз қалған жайттарды ысырып, бірінші орынға шығады. Демалуға уақыт табылмайды. Бірақ, жаз мезгіліне қарай денсаулығыңызды реттеп алуға және саяхатқа аттануға қамданыңыз.

1қараша мен 11 қараша аралығында туылғандар

Қаңтар-ақпан айлары жұмыс орныңыз бен кәсібіңізді ауыстыруға қолайлы мезгіл. Наурыз айы басталысымен, айыңыз оңынан туады. Қызметте де табыстар, жеке өміріңізде де сәттіліктер орын алады.

12 қараша бен 22 қараша аралығында туылғандар

Жылдың айтпай келетін тосын сыйлары мен жаңалықтары көп емес. Бәрі өзіңізге байланысты болмақ. Еңбексүйгіш сарышаяндарды қаржылай марапаттау немесе алыс елге саяхат күтіп тұр.

 Жалпы болжам: Өмірді сүйіңіз

Бұл жылы сіз өз қызығушылықтарыңыз үшін аянбай күресесіз. Ешкім де сізді адастыра, алған бетіңізден қайтара алмайды. Қабақты бос шытқанша, өмірге деген махаббатпен қарағаныңыз дұрыс.

Қызметбасты болсаңыз, қазметте жеңістер көп болады. Алайда, жеке өміріңіздегі қарым-қатынастардың жайы қиындап тұр. Бет жыртысқаннан пайда аз. Сондықтан, сабырға жеңдіріп, ойыңызды басқа нәрселермен алдап жүргеніңіз пайдаңызға шешіледі.

 Махаббат

 Махаббат үшін жан пида

Қаңтар айында жеке өміріңіз сізді еш алаңдатпайды. Ақпан айында махаббат құруға, тіпті отбасын құруға серігіңіз бола алатын адам пайда болуы мүмкін. Бірақ, онымен қарым-қатынастың өрбуі өзіңізге байланысты болмақ. Махаббатта жолым болмады деп, көңіл түсірудің қажеті жоқ. Отбасылық бақытқа кенелетіндігіңізден үміт үзбеңіз. Жыл иесінің басты ескертуі — отбасындағы ұсақ-түйек келіспеушіліктерден ажырасу туралы шешім қабылдаудан аулақ болыңыз. Соңы өкінішпен аяқталуы ғажап емес.

Отбасы

Сабыр түбі — сары алтын

Жұбайыңызбен қарым-қатынасты жақсарту үшін оны назарыңыздан тыс қалдырмаңыз. Кешірімділік таныта біліңіз. Қызуқандылыққа салынып, мәселені ушықтырып алуыңыз мүмкін. Егер сабырлық пен төзімділік танытсаңыз, жыл соңына қарай, отбасыңызда береке болады. Ата-анаңызбен жиі сырласып тұруды ұмытпаңыз.

Достық

Досы көпті жау алмайды

Жыл басында орын алатын жаңа танысулардың арқасында өміріңізде үлкен өзгерістер болуы мүмкін. Ол өзгерістер көбінесе қызметіңізге байланысты болмақ. Ескі жолдастарыңызбен қарым-қатынасыңызды үзбеңіз. Жаз айларында достарыңызбен болатын жиі басқосулардан көңіліңіз жай тауып жүреді. Қарсы топ өкілдерімен дос болуды жақсылыққа балаңыз. Олардың көмегі өлшеусіз.

Денсаулық

Суық тиюден сақтаныңыз

Қаңтар айында тұмау ауруының белгілерін байқаған сәттен бастап, емдеу мен алдын алу шараларын жүзеге асырыңыз. Себебі, аурудың асқынуынан көп істеріңіз орта жолдан қалуы мүмкін. Мамыр айында болатын іссапарлар бойыңызға тың күш-қуат сылайды. Жаз айларын тек өзіңізге арнаңыз. Демалып, көңіл көтеруге уақыт табылады. Жыл соңында бауыр мен өкпеңіздің қалыпты қызметіне назар аударыңыз. Осы мезгілде медициналық тексеруден өткеніңіз дұрыс.

Қызмет пен қаржы

Бәрі қажырлы еңбектің арқасы

Бизнес саласында жүрген сарышаяндарды жылдың барлық айларында да сәттілік күтіп тұр. Ара-тұра болып тұратын қаржы дағдарысын сынақ деп қабылдаңыз. Қиындықсыз оңай жол іздеуге болмайды. Мемлекеттік қызметте жүрген сарышаяндар ұшін де жыл табысты болмақ. Марапаттар мен алғыстар, мақтаулар қызметте серпін сыйлайды. Жыл соңына таман қаржы жағы реттеледі. Көлемді дүние сатып алуға да осы кезең ыңғайлы болмақ.

А. Байжан