2012 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Торпақ (20 сәуір - 20 мамыр)

2012 жылға арналған жұлдыз-жорамал: Торпақ (20 сәуір - 20 мамыр)

Айдаһар жылында  өзіңізге үлкен сенімділік пайда болады. Бар күш-жігеріңізді тек өзіңізге ғана жұмсайсыз. Жыл берекелі болмақ. Тек жалақы үшін емес, өз мақсаттарыңызға қол жеткізу үшін еңбек етіңіз.

Қыс

Жыл басы қызметте үлкен жетістіктерді уәде етеді. Бар ынта-жігеріңізбен еңбектенсеңіз, елеусіз қалмайсыз. Жұмысқа белсенділігіңізді байқаған басшылық, мәртебеңізді биіктетуге әрекеттенеді. Соқыр тәуекелге бел буудан сақтаныңыз. Келісіп пішкен тонның келте болмасын жадыңызда сақтап, әр мәселені жақындарыңызбен талқылап отырып шешіңіз. Қыстың соңы алыс елге сапар шегуге қолайлы.

Көктем

Қоғамдық істердің белсенді араласушыларына көктем мезгілі шуақты болмақ. Іс-сапарлардың берері көп. Отбасыңыздағы жандарға жылы шырай танытыңыз. Өмірдің ескертусіз келетін өзгерістеріне дайын болыңыз.

Жаз

Аяқ астынан орын алатын жағдайлар жоспарларыңыздың іске асырылуына кедергі болуы мүмкін. Қаржы мәселесі өзіңіздің талабыңызға қарай болмақ. Жаз мезгілінде босаңсуға болмайды.

Күз

Шешімін таппай жүрген мәселелермен айналысатын уақыт келді. Отбасы жағдайында да, қызметте де келеңсіздіктерді шешуге білек сыбана кіріскеніңіз дұрыс. Жеке бастың қамы үшін тіршілік ету қауіпті.

 Әйелдерге

Ол өзін-өзі құрметтеуге дағдыланады. Өз кемшіліктерімен жұмыс істеуге тура келеді. Жылдың бір-біріне ұқсамайтын, күтпеген тартулары көп. Махаббатта да, отбасында да тыныштық орнайды.

Жылдың бірінші жартысында барлық істе де айыңыз оңынан туады. Жалқаулыққа салынбаңыз. Орын алған кейбір жағдайларға орай, сіздің тәжірибеңіз өседі. Наурыз айынан бастап, өмірге деген ерекше құштарлық пайда болады. Соның арқасында жеке өмірде де, қызметте де жағдайыңыз тұрақталады. Іштегі тұнып тұрған идеяларыңызды сыртқа шығаруға дағдыланыңыз. Біліміңізді жетілдіруге қолайлы уақыт жылдың барлық айына да сәйкес келеді. Сүйіктіңізбен қарым-қатынаста мейірімділік танытыңыз. Қаталдық торпақтарға жараспайды. Немқұрайлылық танытып атқарған істеріңізден тақырға отырып қалудан сақ болыңыз.

21 сәуір мен 1 мамыр аралығында туылғандар

Жақын құрбыларыңыздың кеңесіне құлақ түріңіз. Өз өміріңіз болса да, айналаңыздағы жандардың пікірі кейде үлкен мәнге ие. Өзгелермен ақылдаса біліңіз. Көктем басталысымен, жұмысқа деген ерекше шабыт оянып, бір мезгілде бірнеше істерді тындыра аласыз. Сіздің пікірлеріңіз қашан да назарға ие. Оларды іште сақтамай, білдіріп отырыңыз. Жаз айлары махаббат оқиғаларымен қызықты өтпек. Жұбыңызды таңдауда ішкі сезіміңізбен ақылдасыңыз. Ол сізді алдамайды.

2 мамыр мен 11 мамыр аралығында туылғандар

Тіліңіздің ащылығын басшылықпен қарым-қатынаста көрсетпеуге тырысыңыз. Мүмкін болса, олардың көзіне көп көрінбегеніңіз жөн. Көктем айларында құнды заттарыңыз бен ақшаңызға сақ болыңыз. Сәуір айы басталысымен, келіссөздер мен жақын танысулардың арқасында біраз мәселелерге шешім табасыз. Сіз күткен қолдаулар көрсетіледі. Жаз айларының бас жағы демалыс үшін қолайлы.

12 мамыр мен 20 мамыр аралығында туылғандар

Алып-қашпа әңгімелерден ат тоныңызды ала қашқаныңыз — өзіңіздің пайдаңызға шешілмек. Әсіресе, туған-туыстар мен көршілермен қарым-қатынасыңызда абай болыңыз. Күйзелістен зардап шегетін өзіңіз ғана. Жаз айлары — жылжымайтын мүлік сатып алуға ыңғайлы. Қыркүйек айында өзіңізді рухани байыту үшін мәдени орындарды аралаңыз.

Еркектерге

Сенімділік пен қайраттылығының арқасында торпақтар қарама қарсы жыныс өкілдерінің назарына ілігеді.

Айдаһар жылында өзіңіз емес, өзгелер сіздің біраз іс-әрекеттеріңізден үнемшіл екеніңізді аңғарады. Бұл қасиет кейбір кісілерге жақпауы мүмкін. Дейтұрғанмен, үнемшілдігіңіздің арқасында мол табысқа кенелесіз. Қазан айында шығындар көбейіп, қаржы мәселесінде тұрақтылық болмайды. Басы бос торпақтар, өмірлік серік болуға жанына жақынын іздейді. Қыс айларының соңы мен көктемнің басы бұл арманыңызды орындауға көмектеседі.

21 сәуір мен 1 мамыр аралығында туылғандар

Жылдың алғашқы үш айында болатын жаңа танысулар қуанышты хабардың белгісіндей болмақ. Құмар ойындарға әуестенбегеніңіз дұрыс. Лоторея ойындары да ұтылысқа әкеледі. Қызуқандылыққа салынбай, сабырлық танытыңыз. Қызметтегі беделіңіздің сақталуы, өзіңізге байланысты болып тұр.

2 мамыр мен 11 мамыр аралығында туылғандар

Үлкен сомадағы затты сатып алмастан бұрын, біраз ойланыңыз. Оны керегіңізге жаратуыңыз екіталай. Бос шығындар материалдық жағдайыңызды қиындатып жіберуі мүмкін. Махаббатта тұрақтылықты қаласаңыз, сезіміңіздің шынайы екенін жұбыңызға дәлелдеңіз. Тамыз айынан бастап кірісіңіз жақсара түспек.

12 мамыр мен 20 мамыр аралығында туылғандар

Қазан айына дейін жұмыстан бас көтермей еңбек етесіз. Денсаулығыңызға төнетін қауіп көп.  Маусым айына таман, үзіліс алып, демалыңыз, дәрігерге қаралудан да бас тартпаңыз. Сақтандыру құжаты ешбір жанның қолында жоқ. Махаббатағы оң өзгерістерді жаз айларының соңында күтіңіз.

Жалпы болжам: Өмірге пәлсапалық көзқараспен қараңыз

2012 жылы өміріңізде орын алатын оқиғалар сізге үлкен сабақ болмақ. Бұрын-соңды сізге беймәлім болып келген жағдайлар белгілі болады. Қызметте де, өмірде де жетілуге зор мүмкіндік бар. Өзіңізді қоршаған адамдарды, басқаша қабылдауға тырыспаңыз. Сәттілік сіздің жағыңызда.

 Махаббат

Махаббат — ойыншық емес

Ақпан айынан бастап сүйіктіңізге ерекше ынтық боласыз. Бұл сізге махаббаттың тәтті сезім екенін дәлелдейді. Алайда, тамыз айында сіз сенім артқан сүйіктіңіз көңіліңізге қаяу түсіріп алуы ғажап емес. Ұзақ уақытқа созылған берік қарым-қатынастарыңыз бқл жылы мың құбылады. Жеке өміріңізге жауапкершілікпен қарағаныңыз абзал. Оны ойыншыққа айналдырмаңыз. Сүйіктіңізбен келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешуге тырысыңыз. Ашудың дұшпан екені айғақ. Сәуір айында сезімдеріңіз ауыр сынақтан өтуі мүмкін. Бірақ, кез келген қиындықтарға төтеп бере алған жұптар ғана сынақтардан сүрінбей өте алады.

Отбасы

Ұрыс берекені қашырады

Жаз айларына дейін отбасындағы жағдайларға бас ауырта бермейсіз. Отбасы, ошақ қасындағы жандармен бейбіт қарым-қатынас орнайды. Жылжымайтын мүлікке мұрагерлік ету үшін құжаттарды шілде айында рәсімдегеніңіз дұрыс. Ескі мүліктерді сатуға шешім қабылдаған болсаңыз да, әрекет етуге шілде айы қолайлы. Бірақ, бұл мәселе отбасында үлкен дау тудыруы мүмкін. Өзге жандардың да пікірлеріне құлақ асыңыз. Ұрыс үйден құт пен берекені қашырады. Балалар мәселесіне бас ауыртпайсыз. Олар сізді қуантуға тырысып жүр. Отбасының берекесі мен бірлігі сіздің қолыңызда.

Достық

Ұшы-қиыры жоқ достық сезім

Бұл жылы достарыңызбен қарым-қатынасыңыз одан сайын күшейе түспек. Торпақтар бауырмал жандар. Бауырмалдылығыңыздың арқасында достарыңыз жаныңыздан әркез табылады. Жақын құрбыларыңызға сырыңызды ашып айтуыңызға болады. Олардың сізді еш уақытта сатып кетпейтініне сенімді болыңыз. Достық әзілдер мен бас қосқан кештер сергітеді. Шақырылған жерлерден қалмаңыз. Достарыңызға көмек қолын созуға дайын болыңыз. “Сыйға — сый, сыраға — бал” деген сөз жадыңызда болсын.

Денсаулық

Шаршағанды сезінген де дұрыс

Жылдың ортасына қарай ағзаңыз әлсірегенін сезіндіреді. Бас көтермей жұмыс ісетуіңіз табыс әкелгенімен, денсаулығыңызға зиянын тигізетінін естен шығармаңыз. Шаршаған уақытта жұмыстан, не оқудан бас ала тұрып, серуендеп қайтыңыз, концерттер мен мерекелік жиындарға барыңыз. Жаттығу залына жазылыңыз. Иммунитетті күшейтуге әрекет еткеніңіз жөн. Жаз айларының соңына таман психикаңыздан ауытқушылықтарды байқайсыз. Бұны сабырға жеңдіріңіз. Бір мүшеңіз сыр берсе, дәрігерге қаралыңыз. Қарапайым естілмегенімен, бұл жылы сіз салауатты өмір салтын міндетті түрде ұстаныңыз.

Қызмет пен қаржы

Қаржыны қиналып емес, қуанып жұмсау керек

Қаңтар айында қызметтегі кейбір шиеленістердің кесірінен қызметтен кетіп қалуға бел байлауыңыз мүмкін. Бірақ, торпақтар бірден шешім қабылдайтын жандар емес. Сізге қолдау көрсететін жақындарыңыз әркез жаныңыздан табылады. Ақпан айының ортасында қызметте жаңа мүмкіндіктердің шеті көрінеді. Кірісітеріңізден бұрын, шығындарыңыз көп. Оған қам жемеңіз. Көктем айларының соңына қарай, жаңа қызметтерге ұсыныстар түсуі мүмкін. Маусым айларында ұрылардан сақ болыңыз. Қаражат жұмсауда қиналмай, өз табысыңызды өз пайдаңызға жаратыңыз. Ақша жинауға ұмтылмасаңыз да болады, бұл сіздің қолыңыздан келетін іс емес.

А. Байжан