Әлемнің алып елдеріндегі Жаңа Жыл мерекесі: Жапония

Әлемнің алып елдеріндегі Жаңа Жыл мерекесі: Жапония

Жапон балалары келер жыл денсаулық пен табыс әкелсін деген ниетпен Жаңа жылды жаңа киіммен қарсы алады. Жаңа жыл түнінде олар жастықтарының астына бақыттың жеті қолдаушысы- жеті сиқыршы жүзіп келе жатқан желкен салынған суретті жастанып жатады.

Мұздан қашалған сарайлар мен қорғандар, ертегі кейіпкерлердің қардан жасалған мүсіндері Жаңа жылда Жапонияның солтүстік қалаларының көркін ашады.

Қоңыраудың 108 рет соғылғаны Жапонияға Жаңа жылдың келгенін хабарлайды. Көне наным бойынша, әр соққы адамның кемшілігін «өлтіреді». Жапондықтар адам бойында алты кемшілік бар деп есептейді, олар: ашу, қызғаншақтық, сараңдық, жеңілтектік, ақымақтық және жасқаншақтық. Бірақ әр кемшілікте 18 ерекшелік бар, сондықтан да осылардың әр қайсысы бойынша қоңырау соғылады.


Жаңа жылдың алғашқы минуттарында күліп жіберу керек. Ол табыс әкеледі деген наным бар. Ал үйге бақыт ену үшін жапондықтар үйге кірер есікті қарағай және бамбук бұтақтарымен безендіреді. Қарағай ұзақ ғұмырды, бамбук сенімділікті, алша өмірге құштарлықты бейнелейді.

Дастархандағы тағам да жақсылықтың нышаны болып есептеледі. Ұзын макарондар ұзақ ғұмырды, күріш молшылықты, тұқы балығы күш-қуатты, түйебұршақ денсаулықты білдіреді. Әр жанұяда күріш ұнынан түрлі бауырсақ, бәліш, шелпек нандар сияқты жаңажылдық моти тағамдарын дайындайды.

Жаңа жыл өзі күшіне енген соң, таңертеңгі уақытта жапондықтар көшеге шығып, күннің шығуын бақылайды. Күннің алғашқы сәулелері көріне бастаған кезде олар бір -бірін құттықтап, сый-кәделер тарту етеді. Үйлерді бұтақтармен безендіріп, моти жаңажылдық ағашына шарлар іледі.


Жаңа жыл мырза - Жапон елінің Аяз Атасы Сегацу-сан. Қыздар Жаңа жыл мерекесінде волан ойнаса, ер балалар дәстүрлі әуе жыландарын жібереді.

Тырма - ең танымал мерекелік құрал-сайман болып табылады. Әр жапондықтың бақыт жинауға арналған тырмасы бар. Бамбук ағашынан жасалған тырма ұзындығы 1,5 метрге дейін жетеді. Оны түрлі-түсті суреттер және бойтұмарлармен безендіреді.

Жанұяға бақыт пен құт-береке сыйлайтын жыл құдайының назарын өзіне аудару үшін жапондықтар үйдің алдына үш бамбук таяқтарынан қақпа жасап, оған қарағай бұтақтарын байлайды. Ауқатты адамдар кішкентай қарағай ағашын, бамбук сабағын және де алша не шабдалы ағашын сатып алады.

Жаңа жыл қарсаңында жапондықтар бір-біріне келер жылдың нышаны болатын жануардың бейнесі бар құттықтау ашық хаттарын сыйға тартады. Сондай-ақ, ойыншықтар мен базарлықтар сыйлайды. Жаңа жыл қарсаңында кадомацу («үй алдындағы қарағай») жапон үйінің көркін ашады. Кадомацу арқылы олар Жаңа жыл мерекесінің құдайына сәлем беріп, оны күріш сабандарымен өрілген қарағай, бамбук бұтақтарынан жасалады. Әдетте, папоротник пен мандарин бұтақтарымен безендіреді.  

 

Суреттер ғаламтор беттерінен алынды

Ғ. Ұзақ