Эпизод тізімдері

Бас бет / "Құрт – асыл тас". АЛЖИР тұтқындарын құтқарған ауыл тұрғындары туралы хикая

"Құрт – асыл тас". АЛЖИР тұтқындарын құтқарған ауыл тұрғындары туралы хикая

"АЛЖИР" — Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері. Бұл лагерьге Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері мен туған-туыстары қамалды. Халық арасында аталмыш орынға қатысты хикая көп. Солардың бірін лагерден аман шыққан тұтқын Гертруд Платайс айтып берген.

"Бірде қамыс будаларын арқалап келе жатқан тұтқын әйелдерге жол-жөнекей жақын маңдағы ауылдың қарттары мен балалары кездесіпті. Сол сәтте балалар үлкендердің айтуымен әйелдерге қарай тас лақтыра бастаған көрінеді. Тұтқын әйелдер "Бұлардың балаларға берген тәрбиесі осы ма?", - деп налиды. Қарауылдар болса, оларға: "Сендерді Мәскеуде ғана емес, ауылда да жек көретінін байқадыңдар ма!?", - деп қарқылдап күледі. Мазақ пен азаптан әбден шаршаған әйелдер көздеріне жас үйіріліріп, бұдан әрі шыдамайтындай сезімде болады. Араларында әлсіздіктен жерге құлағандары да бар еді. Солай құлаған тұтқындардың бірі дәл алдында жатқан тастан сүт пен ірімшіктің иісін сезіп қалады. Шетінен бір тістеп көрсе, дәмі тіл үйіреді екен. Сөйтіп, тастардың барлығын теріп алып, жататын орынға алып келеді. Ондағы тұтқын қазақ әйелдер бұның тас емес, құрт екенін түсіндіріпті."

Осы оқиға негізінде түсірілген "Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр. 5-бөлім: ОСӘАЛ" атты видеороликті назарларыңызға ұсынамыз.

Тегтер: АЛЖИР лагері, ОСӘАЛ, Ақмола лагері, Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері, Акмолинский лагерь жен изменников родины, Казахстан, Қазақстан, Ақмола, Акмола, курт, құрт, Гертруд Платайс, қазақ халқы, казахи. казахский народ, қазақтар

648 1
Рейтинг: +2

Дайындаған: Yernar AlmabekYernar Almabek
Қосылған күні:02 маусым 2016, 10:17
Тегтер:АЛЖИР лагері, ОСӘАЛ, Ақмола лагері, Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері, Акмолинский лагерь жен изменников родины, Казахстан, Қазақстан, Ақмола, Акмола, курт, құрт, Гертруд Платайс, қазақ халқы, казахи. казахский народ, қазақтар
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...