Эпизод тізімдері

Бас бет / «Қазақ Елі» тарихи толықметражды анимациялық фильмі

«Қазақ Елі» тарихи толықметражды анимациялық фильмі

Мамыр айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша "САҚ-дала" киностудиясы түсірген «Қазақ Елі» атты алғашқы тарихи толықметражды анимациялық фильмі жарық көрген еді. Бүгін назарларыңызға осы туындыны ұсынамыз.

Бұл туынды Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай, қазақ жастарына патриоттық тәрбие беру және олардың азамат ретінде қалыптасуына ықпал ету мақсатында түсірілген. Танымал отандық ғалымдар мен жазушылар атсалысқан жоба тарихи фактілермен өріліп, балаларға түсінікті тілде жеңіл әрі қызықты оқиғалармен қамтылған.

Картинада болашақ хандар Жәнібек пен Керейдің балалық шағы, есею жылдары туралы, сонымен қатар шайқастың айла-тәсілі мен ғылымды қалай меңгергендері, бостандық пен тәуелсіздік үшін күрес жолында қазақ елінің басын қалай біріктіргендері баяндалады.

Картинаның бас кеңесшілері тарих ғылымдарының докторы, профессор Жамбыл Артықбай және жазушы, кинодраматург Дулат Исабеков болды. Ал кейіпкерлерді Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры мен Жұмат Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театрының әртістері дыбыстады. Жалпы жобаға 60-тан аса адам жұмылдырылған.

Тегтер: Қазақ елі филмі, Қазақ елі мультфилмі, 550 жыл, Қазақ тарихы

530 1
Рейтинг: +1

Қосылған күні:20 қазан 2016, 19:12
Тегтер:Қазақ елі филмі, Қазақ елі мультфилмі, 550 жыл, Қазақ тарихы
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...