КешYOU - Қалай ғана?

Жаңа құраммен жарқырап шыққан "КешYOU" тобы өздерінің алғашқы бейнебаяндарын жұртшылық назарына ұсынды. Жанар Дұғалова, Айдана Меденова мен Кәмшәт Жолдыбаеваның кезінде өнерілеріне тәнті болған тыңдармандары топтың қазіргі сұлуларына көңілдері толмайтындарын жарыса жазуда. Сондай-ақ "Лашын" тобынан барған қос сұлудың өнеріне риза болғандарын да пікір ретінде қалдыруда. Ал "Қалай ғана?" деп аталатын клипке келсек, Баян Есентаеваның жаңа дүниесі "К-поп" стиліне көбірек ұқсап кеткен. Біреуді таңғалдырып, біреудің ойынан шықпаған тың туынды сізге қалай әсер етеді екен?