Ivy Guide – қолайлы аударма құралы

Ivy Guide – қолайлы аударма құралы

Аударманың қалам арқылы да жүзеге асатыны жайлы білесіз бе? Бұл аударма құралын кез-келген қаламның ұшына кигізіп, түсініксіз сөздің астын сызып қалсаңыз болғаны оны аударып береді. Аударма құралын қолдану өте оңай, USB аузы арқылы қуаттандыруға болады. Құрылғыға ең озық лазер сәулелі сараптама жасау құралы мен сканерлер жүйесі орналастырылған. Осы арқылы ол аударған сөзді табан астында өзіңіз нұқыған сөздің қасына түсіріп береді. Қытайлық үш жігіт жасаған Ivy Guide аудармашы қаламбасы тіл үйренушілерге және мақаладағы маңызды деп қараған мәтін бөліктерін естелікке алып, оны компьютерге жеткізіп те бере алады екен.

Ivy Guide әлем әр түкпірінен өз қолдаушыларын тауып, кеңінен жалпыласуда дейді техниканы жасаушылар. Ол жалпы білім саласында сұранысқа ие болып отыр. Бірақ, кей мамандар бұл құралды емтихан беруші білімгерлер басқа мақсатта пайдалануы мүмкін деп, өз алаңдаушылықтарын білдіріп отыр.

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: cnbeta.com

M. Auelkhan