Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Компьютерлік сауаттылық. 2-сабақ (Тілдер панелі)

Компьютерлік сауаттылық. 2-сабақ (Тілдер панелі)

Компьютерлік сауаттылық. 2-сабақ (Тілдер панелі)

Қайырлы күн, құрметті массагеттіктер! Бүгін тілдер панелін зерттеп, оның мүмкіндіктерін айқындап, назарларыңыздан өткіземіз.

Массагеттің ардақты блогшыларының арасында тілді ауыстырудың жолынан хабары жоқтар бар екендігін байқаған соң, бұған ерекше тоқталуды жөн санап отырмыз. Әдетте, тілдерді баптау батырмасы экранның төменгі жағындағы "бұйрықтар панелінде" орналасады. 

1

Осы тұсқа курсирді әкеліп, тышқанның оң жағын басу арқылы баптау операцияларын жүргізе беруге болады. Нақтырақ айтсақ, пернетақтаның тілін өзгерту, жаңа тіл қосу т.с.с.

Егер тіл баптауларының ярлыгы бұйрықтар панелінде жоқ болып шықса,  оны сол жерде көрсетіп қоюдың жолы бар. Егер оны қаламасаңыз, баптау операцияларын басқа жерде орындай беруге болады. Олай болса, бірден әңгімеге кіріселік.

Кез келген баптаулар секілді, тілді баптаудың тетіктері өткен сабағымызда айтқан "панель управления" деген жерде орналасады. Тағы бір естеріңізге түсіріп жіберелік. 

2

"Панель управления" мәзірінен "язык и региональные настройки" деген батырманы тауып алып басқаннан соң, жаңа терезе ашылады. Ашылған жаңа терезенің "язык и клавиатуры" деген бөліміне кіру керек.Содан соң "изменить клавиатуру" деген батырма арқылы баптауларға өзгеріс енгізе беруге болады.

3

5

Көріп отырғандарыңыздай, ашылған тілдерді баптау терезесі 3 бөлімнен тұрады. Әрқайсысына бір-бірден тоқаталамыз. Алғашқы "общие" деген бөлімде жаңа тілдерді қосуға немесе оларды алып тастауға болады. Жоғары тұрған бірінші блоктан тілдердің бірін таңдау арқылы компьютер қосылған сәттегі алғашқы болып қойылатын тілді таңдауға болады. Одан төменгі тұрған екінші блок айтып өткеніміздей, жаңа тілдерді қосу процесін жүзеге асыруға арналған. Көріп отырғаныңыздай, компьютерде қазақ тілі жоқ. Ендеше, панельге қазақ тілін қосып көрелік. 

Блоктың сол жағында тұрған "добавить" батырмасын басамыз. Содан соң экранда жаңа терезе пайда болады. Осы жерден қазақ тілін іздеп тауып орнатамыз.

6

"Ок" батырмасын басқаннан соң, қазақ тілі орнатылып, алдыңғы терезедегі тізімге енеді. Содан соң, применить батырмасын басу арқылы таңдауымызды растаймыз. 

8Содан соң, қажетті тілді осы жерден немесе экранның төменгі бөлігіндегі бұйрықтар панелінен өзгерте беруге болады. 

Еппен келесі бөлімге ығысайық. Бөлім "языковая панель" деп аталады. Бұл жерде тілдер панелінің орналасуына, оның қасиеттерін реттеп, баптауға болады.

9Енді жеке-жеке әр белгіге тоқталамыз. Алғашқы "распологается в произвольном месте рабочего стола" деген жерге белгі қояр болсақ, тілдер панеді жұмыс үстелінде орналасады. Және оны тышқан арқылы кез келген жерге ауыстыра беруге болады. 

Екінші жерге белгі тілді баптау мәзірін экранның төменгі жағындағы бұйрықтар панеліне ауыстырады.

Үшінші, "скрыта" деген жерді белгілеу арқылы тілдер панелін көрсетпей тастаймыз. Яғни, тілді өзгерту үшін басқару панеліне (панель управления )кіру керек болады. 

Енді келесі бөлімге ауысайық. Ол "переключение клавиатуры" деп аталады. 

8

Алғашқы блок "отключение режима CAPSLOCK" деп аталады. Бұл режим - әріптердің үлкен не кішілігін қадағалайды. Мәселен капслок режимін қосып қойсақ, жаз үстінде ешқандай қосымша пернелер қолданбасақ та, барлық әріптер бас болып жазылады.  Бұл жерде осы режимді өшіріп қосуға бір пернетақтаны тағайындауды сұрап тұр. Бұл енді өз таңдауыңызда.

Екінші блок. Бұл жерде жазу тілін ауыстыру баптаулары жүзеге асырылады. Тілді ауыстыру үшін қолданылатын пернелерді таңдап орнатасыз. 

Құрметті, массагеттік оқырман. Біздің басты мақсатымыз - сіздерге қиындық тудырмай, компьютердің басты-басты тетіктерін назарларыңыздан өткізу. Сондықтан, ең маңызды деп тапқан ақпараттармен бөлістік. Амандықта жолығайық. 

сурет: lang-8.com

4165 8
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 15 наурыз 2012, 16:00
Пікірлер
+0
15 наурыз 2012, 17:24

сонда жұмыс үстелім түгел қазақшалана ма?

+0
15 наурыз 2012, 17:40

cөйтетін шығар )

+0
26 наурыз 2012, 15:23

Жоқ тек жай жазу тілі ғана

+0
15 наурыз 2012, 17:25

Әй, осы тілдерден бәрі шатысад, дұрыс екен мына сабақтар.

+0
16 наурыз 2012, 21:10

Жақында бір кісінің көмегімен қазақшаға ауыстырып тынысым кеңейіп қалды Оған рахмет айта алмай қалғаным өкінішті.Екінші сұрағыма жауап берсе өте үлкен РАХМЕТ жолдар едім

+0
16 наурыз 2012, 21:28

қандай сұрақ?

+0
18 наурыз 2012, 01:29

Дауыс мүлдем жоқ, мақау кино көргеннен шаршадым )))

+0
29 наурыз 2012, 23:40

дауыс тың драйверін қою керек

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...